Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
«Қазақ халқының салт – дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ер жетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім – жітімге дейінгі аралықты сонымен қатар қауымдық – әлеуметтік мәселелерді де қамтиды».
Емтихан билеті № 23
Синоним сөз тудырушы жұрнақтар
Көптік мағынаның сөз өз бойындағы морфологиялық, яки лексикалық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынас арқылы көрінуі синтаксистік тәсіл деп аталады. Синтаксистік тәсіл арқылы пайда болатын көптік мағына бар есімдер:
1) Сан жағынан заттың біреу емес, бірнешеу екендігін білдіру үшін оның атауышы болып келетін сөздердің алдына септік сан есімдерді қойыпайту тәсілі. Мысалы: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
2) Есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір парасы – біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсыпыра тәрізді сөздер. Мысалы: біраз қой, бірталай жан, т.б.
3) Зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, күллі, барша, һәмме секілді жалпылауыш есімдіктермен тіркесіп келгенде де көптік мағына білдіреді. Мысалы: барлық ұлт, барша мүлік, т.б.
4) Қос сөздер тұлғалы зат есімдер- а) мағына жағынан біріне-бірі жуық келетін 2 зет есімнің қосарлануы. Мысалы: ағайын-туған, құрал-сайман, т.б. б) мөлшер және бейнелеу мағынадағы зат есім түбірінің 2 дүркін қайталануы. Мысалы: үйір-үйір, қора-қора, т.б.
Көптік тұлға Көптік мағына
Көптік жалғауы арқылы - ағалар 2 бірдей грамматикалық мағына -
кітаптар, киімдер, т.б. жекеше, көпше. Мысалы:
он шақты бие, біраз қалам, т.б.
Сөздің лексикалық мағынасын топтастыру
Кеңес тіл білімінде 1950 жылдардан бастап сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградов ұсынған классификация негізге алынды. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына; 2) фразеологиялық байлаулы мағына; 3) синтаксистік шартты мағына. В.В.Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды. Сөздің лексикалық мағынасының типтерін анықтауда сөз мағыналарының шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы дегеннен басқа да белгілері бар екені зерттеу тәжірибесінде көрініп жүр. Мәселен, Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды. М.И.Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың уәжділігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарының атқаратын қызметі (номинативті, экспрессивті-семантикалық) тұрғысынан қарастырады. Дегенмен сөз мағыналарын топтастыруда ұстанатын ең негізгі белгілердің бірі – сөз мағыналарының шындық болмыстағы объектілерге қатыстылығы. Лексикалық мағынаға заттар мен құбылыстарды білдіретін толық мағыналы атаулар ие болады. Бұлардың ең маңызды қасиеті – заттар мен құбылыстарды, іс-әрекетті олардың белгілерін атап білдіретіндігінде. Сол себепті, бұлар лексикологияның зерттеу объектісіне жатады. Ал шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер шындық болмыстағы зат, құбылыстарға тікелей қатысты болмағандықтан, грамматикада зерттеледі.
Осындай әртүрлі лексика-грамматикалық сипатта көрінетін қазақ сөздерінің лексикалық мағыналары да әр қилы болып келеді. Олардың шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіруі жағынан, бір-бірімен байланысы жағынан бірыңғай емес. Сөздің лексикалық мағыналарын топтастыру үш түрлі қатынасқа негізделеді: 1) логикалық-заттық байланыс; 2) сөздердің бір-біріне қатынасы; 3) мағыналардың уәжделу дәрежесі
Достарыңызбен бөлісу: |