Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет40/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

«Бала өмірге келгенде екі көзі төрт болып күтіп отырған ағайынға шапшаңдау бірі «сүйінші» сұрап, қыз болса «кесте тігер», ұл болса «қамшы ұстар» екен деп өз сүйіншісін қолма – қол алып жатқан».


Емтихан билеті № 24



  1. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, әр сөз табының сөзжасамын т.б мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған академик В.В. Виноградов болды. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалармен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О Винокур,Е С Кубряков, Е А Земская, Н Д Арутюнова, А Н Тихонов,И. С. Улухановтарды атауға болады. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесінде 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді. Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Сөзжасам мен синтаксистің байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып, тілдегі басқа сөздер сияқты лексикологияның зерттеу нысанасына түседі.
Сөзжасам, тек қазақ тіл білімінде ғана емес, әлемдік лингвистика мен орыс тіл білімінде де тілдің өзге қабаттарына қарағанда анағұрлым кеш қалыптасқан, лексика мен грамматикадан бөлініп, өз алдына отау тіккен дербес, жеке сала болып танылады. Тіл тарихында, жалпы, туынды сөздердің пайда болуы, жасалу тәсілдері, тілдің байлығы болып саналатын сөздік құрамды қалыптастырудағы алатын орны, жаңадан пайда болған мағынаның бұрынғы мағынамен байланысы және т.б. сықылды сөзжасамның өзекті мәселелері ерте кезден сөз болып келе жатқанымен, олардың бәрін топтап, басын бір жерге қосып, грамматика мен лексикадан бөлек, жеке сала ретінде қарастыру проблемасы күн тәртібіне тек қана өткен ғасырдың орта тұсында қойыла бастады. Мысалы, белгілі дат ғалымы О.Есперсен лингвистикада алғашқылардың бірі болып, өзінің «Философия грамматики» деп аталатын еңбегінде сөзжасамды тілдің жаңа саласы ретінде қарастырып, оны грамматиканың морфология және синтаксис салаларымен бір қатарға қойды: «Предмет грамматики делится… на три основные части: 1.Морфология или словоизменение, 2.Словообразование, 3.Синтаксис» [1,41]. О.Есперсеннен басқа Европа тіл білімінде В.Дресслер, Х.Брекле, Д.Кастовский, Л.Липке, Т.Репер, Э.Уильямс, В.Мотш, М.Халле, Скализе тәрізді зерттеушілер сөзжасам проблемаларын жан-жақты қарастырып, оның тілдің жеке, дербес саласы орнығуына көп күш салды. Соның нәтижесінде қазір үндіевропа тіл білімінде сөзжасам өзіндік ерекшеліктері анықталған, құрылымдық-семантикалық өзгешеліктері нақтыланған, зерттеу объектісі айқындалған тіл білімінің жеке саласы болып саналады.
Өзге жекелеген тіл білімдеріне қарағанда, тамыры терең, дамыған тіл білімі санатындағы орыс тіл білімінде де сөзжасамның дербес сала болып қалыптасу тарихы Европа тіл біліміне ұқсас. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында орыс тіл білімінде И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.Ф.Фортунантов, Н.В.Крушевский, А.А.Потебня, А.А.Шахматов, А.М.Пешковский және т.б. ғалымдар тарапынан сөз тудыру процесі, түрлері, олардың сөз таптарын қалыптастырудағы рөлі туралы өзекті тұжырымдар, бағалы ой-пікірлер айтылғанымен, сөзжасам лингвистиканың жеке саласы деңгейіне көтеріле алмады. Мұның, әрине, толып жатқан объективті себептері болды. Десек те, біздіңше, мұның басты себебін сол дәуірдегі тіл білімінің деңгейінен онда орныққан тілдік бағыттардан іздеген дұрыс. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдағы тіл білімінің жай-күйі, қол жеткен биігі қандай деңгейде еді? Аталған кезеңде тіл білімінде қандай философиялық-тілдік ағымдар үстемдік құрды? Зерттеу тәжірибесінде қандай тілдік мәселелерге басымдық берілді? Міне, осындай сұрақтарға нақты жауап берілгенде ғана сөзжасам мәселелерінің көп уақытқа дейін зерттелмей, ғалымдар тарапынан назарға ілінбей «жылы жатуының» себептерін анық түсінуге болады. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет