Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ш.Мұртазаның «Алапар мен Динго» әңгімесіндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын суреттеңіз



бет16/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

2. Ш.Мұртазаның «Алапар мен Динго» әңгімесіндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын суреттеңіз.
Шерхан Мұртазадай қайраткерлік қызметін қалдырмай жүріп, том-том романдар жазған жазушылар тым сирек Әдебиет пен өнерде орын алған кеңестік кезеңді идеализациялау – ол кезде советтік өмір шындығын дәл көрсету, ал қолдан мінсіз еткен кейіпкерлер сол заманның қаһарманы деп бағаланды. Бірақ мұндай шығармалар жалпылдақ отынның жалыны құсап тез-ақ сөніп қалатын. Өйткені ондай туындылар кезекті партия съезінің шешімдерін ғана басты нысана етіп ұстайтын да, құбылып тұратын саясат толқыны тез-ақ көміп тастайтын. Мұны жақсы түсінген жас жазушы өз уа¬қытының тыңын жазса да, кенін жазса да, кейіпкер¬лері кезекті қаулыны емес, ата-баба рухын тірек етеді..“Алапар мен Динго” әңгімесі шығарманың екі басты кейіпкерлердің атымен аталған. Динго – австралиялық иттердің тұқымы. Ал Алапар — иттердің ергежейлісі, мәстек тұқымы. Шерхан Мұртазаның бұл әңгімесі жақсы мен жаманның, күшті мен әлсіздің тартысы, қазіргі замандағы адамдарда табылмай жатқан жанашырлық, бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерінің иттердің бойынан табылуы. Әңгіменің негізгі идеясы – адамгершілік қасиеттер заман өте жойылып бара жатса, адам баласының адал досына айналған иттің қасиеті нығайып келе жатқандығында. Қазіргі таңда, дүние уақыт өте келе қайтадан кірлене бастағанын жайында, зіл сияқты алыптар жойылып, піл сияқты ірілер азайғанын, адамдар мен аңдар ұсақталып жатқанын жеткізгісі келген.
3. Т.Әбдіктің «Парасат майданы» повесінде қазіргі уақыттың шындық сырлары, адам әлемінің ішкі сырын ашыңыз.
«Парасат майданы» - жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдіковтің аталған философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз. Жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды. «Парасат майданындағы» тұлғаның екіге жарылуы, тұлға дихотомиясы, оның амалгамдық, амвивалентік күйі модернистік әдебиеттегі бар құбылыс. Мен осындай көркемдік құбылыспен қатар «Пасарат майданындағы» кейіпкер тұлғасының екіге жарылуынан трансгрессия құбылысында байқаймын. Шындықтың қат-қабат қатпарларын ашуда, оның рационалдық қана емес, иррационалистік болмысын танытуда реалистік суреттеулер шындықтың тар өрісті бір ғана қабатын алып олқы соғып жатады. Осы тұрғыда әлем суреткерлері шындықтың толық шырайын таныту үшін, шығармаларында экзицстенциалдық, мифопоэтикалық, сюрреалистік тәсілдерге жүгініп, шындық болмыстың бейсаналық, түйсік, ұғарлық сәттерін ішкі бір сана талпынысы, ұмтылысы (интенция) арқылы өрістеп жатады. Осы ұмтылыстың бірі - көркем әдебиеттегі трансгрессия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет