Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет66/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № __45_____
1. Ұ.Есдәулет шығармашылығндағы «Отан» тақырыбын жазыңыз.
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы. Қазақ лирикасының кемелдену, толысу кезеңінде өзіндік үн қосып, өзгелерден дараланып, өзіндік қолтаңбасын анық танытатын ақынымыз – Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы ерекше құбылыс. Т. Медетбек айтқандай, «Ұлықбек Есдәулетов – үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принципті сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз. Оның образды ойлау жүйесі бүгінде кең ауқымдағы, кейде бүкіладамзаттық, кейде тұрмыстық характерлердегі ассоцияларды қамти алатын қабілетке ие. Бұл сөз жоқ, ақын масштабының кеңдігін, оның толысып өскендігін көрсетсе керек» [1, 22 б.]. 1973 жылы ақынның «Қанат қақты» жыр кітабындағы «Көздеріңе ғашықпын» жинағына алғы сөз жазған Қ. Мырзалиев Ұ. Есдәулеттің таланттылығын бағалап, «сөзі салиқалы, салмақты, иланымды» екенін өлеңдері арқылы дәлелдеп, «Жортқанда жолың болсын? // Жолдасың өлең болсын!», – деп баталы сөз айтқан еді. Қазақтың халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ұ. Есдәулеттің екі томдық таңдамалы шығармаларың 1-томында «Өркені өсер өнер, өрісі шалқар өлең» мақаласында ақынның шығармашылығы жайлы алғы сөзінде былай дейді: «Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» ескі ауылдың төсек қабы сияқты. Іздеген нәрсеңнің бәрін табуға болады. Бәрінен де жиырма ғасыр бойы талай қапысы кетіп, жиырма бірінші ғасырдың өзіне қапияда тап болып отырған қазақ тұрмысы мен қазақ жан дүниесінің талай табын таба аласыз, талай қатпарына үңіліп, ой жүгірте аласыз».
2. С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» пьесасын талдаңыз.
Ең әдемі келіншек» - сүйгеніне қосыла алмаған Гүлбаршынның қиын-қыстау ғұмыры туралы екі бөлімді лирикалық мұңға құрылған туынды. Гүлбаршын образы арқылы шын ғашығына қосыла алмаған әйел тағдыры бейнеленеді. Институт бітіргеніне 10 жыл өткеннен кейін достарын және 16 жасында ғашық болып, қосыла алмаған Алтайды көру үшін Алматының қонақ үйіне келіп тоқтайды. Секцияларға бөлінген бөлмесін шатастырып, ерлер бөлмесіне жайғасып отырады. Онда орын алған Абдолла деген жігітпен кездесе салып, оны достарына «күйеуім» деп таныстырады. Абдолла Гүлбаршынның өміріне ең бір ұмытылмас, жарқын сәттер сыйлайды. Сонда да ақыр аяғында, бұрынғы құдай қосқан қосағы, қызғаныштан ішімдікке салынған – Жиенбайға қайта оралады. Пьесаның негізгі идеясы – адамның шынайы махаббаты. Бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуге тиіс екенін дәріптейді. Бұл пьеса арқылы С.Балғабаев қоғамдағы жанұя тәрбиесінің маңыздылығын, олардың іс-әрекетін шынайы көрсеткен. Заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы негізгі ой болып көзделеді. Қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдай, өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз болады. Расында да, бұл пьесада әншейінде күйкі тірлікпен жүріп мән бермейтін, күнделікті өмірде кездеспей тұрмайтын жайттар көрерменнің жүрегін қозғайды, ой салады және қазіргі заманның шынайы бейнесін ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет