Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді.
Саяси қызметте екі негізгі бағытты көрсетуге болады: саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру. Ал бұл үшін саяси шындық туралы білім және құндылық бағыт болуы қажет. Осыған сәйкес саяси қызметтің үш түрі қалыптасқан: танымдық, құндылық және тәжірибелік. Саяси қызметті жүзеге асыру кезеңдері: объект жағдайын бағалау, болжау, объектінің нақты өмір сүру жағдайларына ұсынылған шараларын икемдеу, шараларды жүзеге асыру және қабылдағаннан кейін түзету енгізу. Саяси шешімдерді дайындау және жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде оған тұрғындардың барлығы қатыса алады.
Құқықтық саяси қызмет мүдделерді үйлестіру аясында жүзеге асырылады және толеранттылық, плюрализм және ымыраға келу қағидаттарына негізделеді.
Толеранттылық-бұл басқа саяси күштердің мүдделері мен ұстанымдарын тану, олармен жалпы келіспеушілік және оларға төзімділік.
Плюрализм-адам құқықтарына қайшы келмейтін әртүрлі (соның ішінде қарама-қарсы), көптеген мүдделер мен құндылықтардың өмір сүруінің заңдылығын тануды білдіреді.
Саяси мәдениет пен мінез-құлық.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.