Емтихан билеті №1


Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық



бет19/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.



  1. Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.


Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет