Аномия — (гр.an- — жоқтық және гр.nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.[1]
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 16
Мемлекеттік билік түрлері.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Ол қызметіне қарай
заң шығарушы;
атқарушы;
сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
авторитарлық;
тоталитарлық;
демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
жария-саяси сипатта жүруі,
Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі.
1. Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі.
2. Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.3.Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады. Саяси шиеленістердің негізгі себептері – материалдық игіліктердің, құндылықтардың, биліктің жеткіліксіздігі кез-келген, тіпті дамыған қоғамның өзіне де тән құбылыс. саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті түрде орын алатын саяси құбылыс, әлеуметтік өзара әрекет үлгісі ретінде сипатталады, сондықтан шиеленістер кездейсоқ оқиға болып саналмайды.
Этнос және ұлт әлеуметтануы. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этнос, халық, ұлт.
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың “«этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес «этногенез», т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.
Ұлттық сипат - әу баста әр ұлтқа «тағдырдың сыйлаған», өзгермейтін халықтық рух емес. Ол халықтың ұзақ уақыт бойы қоғамдық – экономикалық, географиялық және мәдени ортасы мен тарихи дамуы жолы ерекшеліктерінің адам санасында, психологиясында қалдырған әсер ізі. Бұл ерекшеліктердің әсер ізі тек бір халықтай ғана емес, барлық халықтарда да кездеседі, бұлардың кейбіреулері белгілі тарихи жағдайларда ерекше бір мәнерлі түрде, басқаларда қайьаланбайтын әрі нәзік, әрі айқын жақтарымен көзге түседі. Сондықтан да олар осы ұлтқа тән қасиеттер деп танылады. Бұл психологиялық ерекшеліктер ұлттың негізгі өмір сұру қабілетіне, тарихи тағдырына, оның шаруашылық жайы мен мәдениетіне, саяси-әлеуметтік құрлысына, басқа ұлттар мен қарым-қатынас сипатына ешқандай әсер ете алмайды. Керісінше, ұлттың экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы өзгерген кезде оның бұл ерекшеліктері баяу өзгереді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Бүгінде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 180-ге жуығы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінде 5661 түрлі тіл бар. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200-і өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Бұл келтірілген мысалдар, саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселеге айрықша назар аударуды талап ететін, күрделі де аса маңызды мәселе көрсетеді.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.).
Халық – тілі, мәдениет, өмір сүру аумағы, діні, тарихы ортақ адамдардың үлкен тобы. Халықтың маңызды белгілерінің бірі – тілі. Бірақ кейде бұл да басты шарт болмай қалады. Мәселен, әлемде бір тілде сөйлейтін әртүрлі халықтар бар. Шотлан, ирлан және валл халықтары түгелдей ағылшын тілінде сөйлейді. Бірақ олардың өзінің туған тілі, ана тілі бар.
Ұлт – халық дамуындағы белгілі бір баспалдақ, кезең. Бұл кезде халық өзінің мемлекетін құрады. Мәселен, қазіргі француздарды халық деп те, ұлт деп те айтуға болады. Ұлт болатын себебі Францияда француз, бретон, корсика, эльзас-лотарингтер сынды этникалық қауымдар бар. Олар бұрында белгілі бір аймақтың, жердің иесі болғанымен, қазір олардың мемлекеті жоқ. Олар Франция деген елге бірігіп, француз халқы болып отыр. Бірақ араларында этникалық өзгешеліктер бар.