Емтихан билеті №1



бет30/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 20



  1. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.).

Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. 


Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны.
Саяси жүйе құрылымы:1. Саяси институттар 2. Саяси қатынастар 3. Саяси ережелер 4. Саяси мәдениет
Cаяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Cаяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. -Саяси ережелер - адам мінез-құлқының бірыңғайлығын теориялық түрғыдан түсіндіретін саяси ғылым ұғымы. -Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы

  1. еуметтану теорияларына кіріспе.

Ежелгі дәуірде социологиялық білім элементтерінің қалыптасуы басталды. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына белгілі теориялық және саяси-әлеуметтік жағдайлар әсер етті. XIX ғасырдың 30-40- ы жылдарында Батыс Европаның Англия, Франция, Германия сияқты елдерінде жұмысшы табы таптық талаптарымен революциялық күреске шықты. Бұл жағдай әлеуметтанудың ғылым реттінде пайда болуына. саяси алғашарт болды. Осы кездегі неміс ғалымдары Шлейден мен Шванның клетка теориясын ашуы және Ш.Дарвиннің эволюциялық теориясын ашуы бұған теориялық алғышарт болды. Әлеуметтануды ғылым ретінде негізін салушы О.Конт болды. Қоғамдық ой тарихында О. Конт философиядағы жаңа бағыттың – позитивизмнің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол көбінесе алдыңғы әлеуметтік ойдың жүйелеушісі деп аталады, өйткені ол өзінің алдыңғы зерттеушілерден көптеген идеяларды алды. О. Конттың пікірінше, әлеуметтану немесе" әлеуметтік физика", ол бастапқыда айтқандай, жаратылыстану ғылымдары әдіснамасына, тәжірибелік мәліметтерге, бақылауларға, экспериментке сүйенеді.



  1. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік. Білім беру мен білімді дәріптеу.

Әр ата-ана баласының бола­шақ­та ең ақылды, ең білімді, ең табысты бол­ғанын армандайды. Сондықтан осы ар­манды жүзеге асыру үшін олар мей­лін­ше күш салып, қолынан кел­генін аянбайды. Біздің елімізде ба­ланы кішкентайынан дамытып, оған білім беруге қажеттінің бәрі бар. Мем­лекет те азаматтарының бі­лімділік деңгейін көтеріп, білім алу­ды жеңілдететін, ынталандыра­тын жаңа жолдар ұсынып, осы бағыт­та ауқым­ды шара­лар қолдануда.
Бүгінде оның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, БҰҰ деректері бойынша, соңғы он бес жылда Қазақстан әлдеқайда ілгері басқан, ал соңғы үш жылда адамның даму Индексі жағынан көрсеткіші жоғары елдердің қатарында. Яғни, халқымыздың 99,6 пайызы – са-уатты. Осы белгілер бойынша, біз әлемдегі 177 елдің арасында 14 – орында, ал Азияда бірінші орында көш бастап тұрмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет