Емтихан билеті №16 Робототехникалық жүйелерді басқару түрлері


Бірінші буынды өндірсітік робот түрі командамен басқарылатын станоктар



бет4/6
Дата22.05.2023
өлшемі426,58 Kb.
#95859
1   2   3   4   5   6
2. Бірінші буынды өндірсітік робот түрі командамен басқарылатын станоктар
Сандық программалық басқаруы бар станок (the machine tool with numerical program management)-барлық жұмыстық және қосалқы операциялары берілген программаға сәйкес басқару құрылғыларының командалары бойынша орындалатын станок-автомат. Сандық басқаруы бар станоктың жетектерінің негізгі ерекшелігі оның жұмысының үздікті принципінде, яғни жұмыс органдарының және өңделетін бұйымдардың кез келген орын ауыстыруы жеткілікті аз қадамдардың ақырғы тізбегі бойынша жүзеге асырылады. Станоктың жұмысын басқару құрылғысы басқарады, басқару негізінен микропроцессормен немесе микрокомпьютермен орындалады. Станокты жұмысқа дайындау бұйымды өндеу процесін алгоритмдеуден, программа құрудан және оны басқару құрылғысына енгізуден тұрады. программалар бұйымның жұмыс сызбасының және оны өңдеуге қойылатын технологиялық талаптардың негізінде құрылады. Сандық бағдарламалық басқару (СББ) — ақпараттар жиыны белгілі бір тасығышқа жазылған түрде болатын бағдарламамен басқару. СББ жүйелері үшін басқарушы ақпарат дискретті болып келеді және оның басқару процесінде өңделуі саңдық әдістермен жүргізіледі. Технологиялық циклдерді басқару электрондық есептеу құрылғылары принципі негізінде жүргізілетін бағдарламаланатын логикалық контроллермен іске асырылады. Циклдық және сандық бағдарламамен басқару жүйелері. Бағ- дарламамеи басқарылатын станоктар басқару түріне қарай циклдық бағдарламамен басқарылатын (ЦББ) жүйесі бар станоктар және сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) жүйесі бар станоктар деп бөлінеді. ЦББ жүйелері қарапайым болып келеді, өйткені онда тек станок жұмысының циклы ғана бағдарламаланады. Ал жұмыстық орын ауыстырулардың шамалары, яғни геометриялық ақпарат жеңіл түрде, мысалы, тіремелер көмегімен беріледі. СББ станоктарда басқару бағдарлама тасығышпен іске асырылады, мүнда геометриялық және технологиялық ақпараттар санды түрде енгізілген.
Жұмыстық пен көмекші түйіндерінің қозғалыстары алдын ала бекітілген барлық станок-автоматтарды бағдарламамен жүмыс жасайды деп айтуға болады. Мұндай станоктарда бағдарлама тасығыш ретінде станок жүмысының циклын - бірқатар станок түйіндері мен дайындаманы автоматты алмастыру құрылғыларының қозғалысын (шамасы және бағыты бойынша), сондай-ақ жұмыстық берістің жылдамдығы мен күшін анықтайтын кинематикалық бөлшектер: жұдырықшалар, мальталық айқыштар, көшіргілер, тіректер, т.б. кинематикалық элементтер пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет