2. Адам тәріздес роботтың қадамдап жүру мәселесіне шолу жасау Адам тәріздес роботтар өнеркәсіптік роботтардың бір түрі. Олар адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. АҚШ-та Илон Маск адам тәріздес «Оптимус» деп аталатын роботты таныстырды.Теорияда қадамдап жүретін роботтар қилы-шұңқыр жерден оңай өтеді деп есептелінеді.Осы ойға дәлел ретінде төрт аяқты Boston Dynamics Spot роботты келтіруге болады.Робот бағасы қымбат болғанмен оны жеке қолданысқа сатып алуға болады.Екі аяқпен қадамдап жүру әлі төрт аяқты қадамдап жүру секілді кең таралған жоқ.
Әзірше, Boston Dynamics Atlas роботы көш ілгері келе жатыр деуге болады. Бірақта бұл робот тек екі аяқты қадамдап жүру технологиясының мүмкіндігін көрсету үшін ғана жасалған.Оның өнеркәсіптік үлгісі әлі саудаланға шығарылған жоқ.
20 билет 1. Кибернетика ғылымы және робототехника Кибернетика - басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.
Робототехника - роботтарды жасау және өндіру технологиясының ғылыми. Кибернетикалық жүйелерді жасаудың негізгі мақсаты - адамның басқару жүйелерінде ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтарын өзгерту.
Робототехника саласы қарастырады роботтарды жасау және өндіру технологиясын, бағдарламалауды, техникалық шешімдерді пайдасына жарату болып табылады.
Алғашқы кибернетикалық машина.
1940-шы жылдары нейрофизиолог Грей Уолтер ми қызметін түсіндіру үшін осы кибернетикалық тасбақаны жинады.
Содан бері төрт робот ұрпағы жасалынды. Әр бір робот ұрапағы алғашқы ұрпақтан сапалы жағынан жаңа деңгейге көтеріліп отырды.
2. Робот ұғымы маңайындағы массалық халық өнер саласындағы орыны Көптеген кино көрермендері келесідей роботтар туралы фильмдер көрді деп ойлаймын:
Бұл кинолар астында фантастикалық әңгімелер жатыр. Ең танымал роботтар жайлы фантастикалық жазушының бірі фантаст жазушы Айзек Азимов.
Айзек Азимовтың «Жалтарта шыр айналу» («Runaround») әңгімесінде Меркурий ғаламшарының бетінде сапарда жүрген космонавтар (жұмысын атқарғанға көмектесетін) роботты басқарғанда қандай қиындық туындайтынын және қиындықтан роботопсихологияны түсіну арқылы шығу жолы табылатыны баяндалған.
Жазушы өз әңгімелеріндегі робот бағынатын үш заңын сипаттаған.
«Жалтарта шыр айналу» әңгімесінде алғашқы рет роботтың үш заңы бірден тұтас жазылған:
Бірінші заң. Робот іс-әрекетімен (немесе іс-әрекетсіздігінен) адамға зиян келтірмейді.
Екінші заң. Робот адам бұйрығын бұлжытпай орындайды, егер бұйрығы бірінші заңға қарама-қайшы келмесе.
Үшінші заң. Робот өз қауіпсіздігін қамтамасыздандырады, егер бірінші немесе екінші заң шегінен шықпаса.