Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Кариб-23, Гвиана таулы үстірті-



бет30/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   172
Кариб-23, Гвиана таулы үстірті-24, Амазонка-25, Бразилия-26 және Анд-27
Облыс- Кариб

Географиялық ерекшеліктері. Оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка және көптеген аралдар кіреді.

Эндемикті таксондар. Екі эндемді тұқымдас, 500-ге тарта эндемик туыстары, әсіресе ертеден өсіп келе жатқан, морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленетін микроцикас. Бұл өсімдіктің бір ғана түрі Кубада өседі.

Облыс- Гвиана таулы үстірті

Географиялық ерекшеліктері. Ең ежелгі және өзіндік флора Гвиана таулы үстіртінің облысында шоғырланған. Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр өседі, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды, ал биік тауларда - 95%-ға дейін.

Эндемикті таксондар. Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр өседі, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды, ал биік тауларда - 95%-ға дейін.

Облыс- Амазонка

Географиялық ерекшеліктері. Амазонка өзенінің флора Амазонка облысында тек бір эндемиктік тұқымдастан, 500 эндемиктік туыс пен 3000 эндемиктік түрден тұрады. Облыс өсімдігіне тән ерекше белгі - жаңбырлы, ылғалды тропик ормандары болып табылады, дәл осы ормандарға A. Гумбольдт «гилея» атауын берді.

Эндемикті таксондар. Мұнда 60-тан аса эндемиктік пальма түрлері шоғырланған: ағаштардан бертолеция (45 м-ден биік ірі ағаш), қауын ағашы (папайя), себа ағашы. Үлкен ағаштардан бұршақ, лаврдың көптеген өкілдері бар, бамбук, мимоза алуан түрлі. Амазонка өзенінің алабындағы көлдермен эндемиктік су өсімдіктерінің таралуы тығыз байланысты. Олардың ішінде алып жапырақтары (диаметрі 1,5 м-ге дейін) мен ғажайып гүлдері бар корольдық виктория (Victoria regia) кеңінен танымал. Тропикалық өсімдіктерден гевея каучукты ағашы мен какао ағашын атауға болады.

Облыс- Бразилия

Географиялық ерекшеліктері. Бразилия таулы үстіртіндегі - Бразилия облысының флорасы ерекше, мұнда эндемиктік тұқымдастар жоқ бірақ шамамен, 400 эндемиктік туыс бар.

Эндемикті таксондар. Өсімдік жамылғысында құрғақ тропик ормандары, сирек ормандар, бұталар мен саванналар көп таралған. Тамаша эндемик – ашық қылқан жапырақты ормандардытүзетін араукария түрлері (Araucaria) табылады, подокарпус түрлері тараған.

Облыс- Анд

Географиялық ерекшеліктері. Анд облысының флорасы 1 эндемиктік тұқымдастан және бірнеше жүздеген эндемиктік туыстардан тұрады. Таксондар саны бойынша флора онша бай емес.

Эндемикті таксондар. Эндемиктерден 1500-3000 м биіктікте өсетін, тамырында хинин болатын хин ағашын (cinhona). Жапырағы кокаинге бай кок ағашы (eruthroxulon соса) өседі. Анд көптеген мәдени өсімдіктердің отаны (картоп, қызанақ, үрме бұршақ).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет