Газ тәрізді заттар айналымы – көміртек, оттек, азот сияқты газдар қатысып, шығын болған газдың орнын ауадағы немесе мұхиттағы сақтаулы қорлар толтырып отырады.
Шөгінді заттар айналымы – мысалы, фосфор, темір тез бұзылатындықтан, айналымын ұзаө уақытқа шығып қалады, оларды қайтадан заттар айналымына қосу үшін биологиялық процесстер жүруі қажет.
Аустралиялық патшалық.
Аустралия патшалық флорасы өзгеше және эндемизмнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнда эндемик тұқымдастар қатарынан және 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Жоғарғы эндемизм бұрынғы географиялық оқшаулану, басқа құрлықтардан бөлініп тұрған аралдық орналасу жағдайында сақталады. Флораның ерекшелігі - полиморфты, бай туыс түрлерінің көптігі. Тек мирт тұқымдасынан эвкалипт туысының 525-тен астам түрі. Эвкалиптердің арасында Аустралияның ылғалды аймақтарында өсетін, алып эвкалипт биіктігі 155 м-ге дейін жетеді. Аустралияның құрғақ облысында бойы аласа түрлер, ал шөлді аймақтарда - биіктігі 2,3 м-ге жететін бұталы эвкалипт (130-дан астам түр) өседі. Банксия туысының түрлері орнитофильді (құстар тозандандыратын) өсімдіктерге жатады, тозаңдандырушы - Лори тотықұсы. Аустралия флорасында дәнді бұршақты тұқымдастар (1000-нан астам түр), орхидея, мирт (1000-нан аса түр, бұған эвкалипт те жатады) үлкен орын алады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Аустралияның солтүстікке қарай жылжуы бор дәуірінің ортасында басталды: Аустралия солтүстікке қарай жылжу мөлшері бойынша біртіндеп жылы климат зонасына енді. Аустралия мен Антарктиданың, ал Антарктида арқылы Оңтүстік Американың оңтүстік облыстары арасындағы миграциялық байланыс миоцинге дейін жалғасты. Бұл оңтүстік жарты шарға тән араукария тұқымдасынан, оңтүстік шамшаттың көптеген түрлерінің ортақ таксондарының болуымен түсіндіріледі. Бұл ортақ таксондар ежелгі голантарктикалық флораның қалдықтары.
Аустралия патшалығы: Солтүстік-Шығыс Аустралия, Оңтүстік Батыс Аустралия, Орталық Аустралия немесе Эремей болып 3 облысқа жіктеледі.
Фосфор айналымы
Бұл элемент өте көп мөлшерде болатын тірі заттың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Фосфордың БиоСфера масштабындағы барлық түрленуін бақылай отырып, оның циклы жабылмағанын (не замыкается) көруге болады.
Тірі тіршілік иелеріне қол жетімді фосфор қоры толығымен литосферада шоғырланған. Бейорганикалық фосфордың негізгі көздері магмалық (мысалы, апатиттер) немесе шөгінді (мысалы, фосфориттер) жыныстар болып табылады. Минералды фосфор-биосферада сирек кездесетін элемент, жер қыртысында оның мөлшері 1% - дан аспайды, бұл экожүйелердің өнімділігін шектейтін негізгі фактор болып табылады. Жер қыртысының жыныстарынан Бейорганикалық фосфор континенттік суларда сілтілену және еру арқылы айналымға қатысады.
Ол жер үсті экожүйелеріне енеді,
Кейін өсімдіктер оны сіңіреді, олар әрекеттескен кезде әртүрлі органикалық қосылыстарды синтездейді және осылайша трофикалық тізбектерге қосылады.
Содан кейін органикалық фосфаттар тірі заттардың қалдықтарымен бірге Жерге оралады, онда олар қайтадан микроорганизмдердің әрекетіне ұшырап, жасыл өсімдіктер мен басқа да автотрофтар тұтынуға дайын минералды ортофосфаттарға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |