Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Ғылыми зерттеу педагогика және психология аймағында танымдық іс-әрекеттің формасы ретінде



бет3/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

5.Ғылыми зерттеу педагогика және психология аймағында танымдық іс-әрекеттің формасы ретінде.
Ғылым адамға өз өмірін сақтап қалу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металлдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты. Өздігінен қалыптасып жатқандай көрінетін бүгінгі адамзаттың өмір сүруінің деңгейінің өсуіне әсер ететін барлық заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи-мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
Педагогика және психология саласындағы зерттеулер – бұл білім беру заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Ғылыми зерттеулердің міндеті - деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжау.
6.Болашақ маманға қойылатын талаптар.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. 
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; 
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы; 
- педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; 
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек; 
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік. 
Қорыта айтқанда, саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет