Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі



бет4/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
7.Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі.
Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелееу, тәрбие жұмысын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.
Оқытушылық қызметі - терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.
Зерттеушілік қызмет - алдыңға қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана алуы қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеруі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.

8.Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет. ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері:
· Рефераттық жұмыс
· Ғылыми мақала, эссе
· Дипломдық жұмыс
· Курстық жұмыс
· Ғылыми жоба
· Эксперимент жүргізу
· Ғылыми баяндама, пікір жазу.
Курстық жұмыс (жоба)–жоғары білім мекемесі студенттерінің
белгілі бір мерзімде және белгілі бір талаптар бойынша орындайтын
тапсырмасы. Курстықжұмыс (жоба) – бұл, реферат, баяндама және
бақылау жұмысына қарағанда, оқу курсының таңдалған проблемасын
терең әрі көлемді қарастырады. Жиі жағдайда курстық жұмыстар
мамандық бойынша негізгі болып табылатын пәндер бойынша орындалады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері
Сәйкес оқу жоспарларында, өзіндік және шығармашылық ойлау қабілетін оқыту, дамыту процесінде студенттердің алған білімін бекіту, тереңдету және жалпылау мақсатында сәйкес курстық оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау қарастырылған.
Курстық жұмыстарды (жобаларды) орындаудың мақсаты болып
- оқылатын пәндер бойынша алынған теориялық білімді және
- практикалық қабілеттерді жүйелендіру және жалпылау;
- берілген тапсырмаға сәйкес теориялық білімді тереңдету;
- жалпы және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру және дамыту;
- студенттерді шынайы кәсіби проблемаларға тарту арқылы кәсіби
- маңызды зерттеу қабілетін, ғылыми ойлаудың заманауи стилін дамыту;
- бітірушілердің теориялық және практикалық дайындық деңгейін
- тексеру және анықтау, кәсіби құзіретті қалыптастыру шарты ретінде
- үздіксіз өзін-өзі оқытудағы қажеттіліктерді өзектендіру;
- мемлекеттік (қорытынды) аттестацияға дайындау.
Курстық жұмысты (жобаны) жазу барысында білім алушы көрсету
керек: әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын, ақпарат көзін талдау және
негізделген қорытынды жасау қабілетін, міндеттерді шешудің түрлі
әдістерін, формуларды қолдану қабілетін және т.б.
Курстық жұмыстардың (жобалардың) жүйесі, қиын міндетке –
бітіруші жұмысты орындауға студенттерді дайындау үшін қажет.
Курстық жұмыстарды (жобаларды)орындау бойынша
әдістемелік нұсқаулықтар
Аталған нұсқаулықтың негізінде пәнді оқытатын кафедрада
мамандық бойынша курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар жасалады. Онда мамандыққа қолданылатын талаптардың
көлемі орнатылады. Әдістемелік нұсқаулықтар кафедра отырыстарында,
факультеттің әдістемелік комиссиясымен және оқу орнының Оқу-
әдістемелік кеңесімен бекітіледі.
Курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтарға келесі міндетті талаптар қойылады:
1) Олар студенттер үшін қол жетімді болуы керек (тираждалған,
кафедрада және кітапханада болуы керек);
2) Оларда көрсетілуі керек:
- курстық жұмыстың (жобаның) мақсаты мен міндеттері;
- бөлімдердің мазмұны, олардың саны;
- формулалар және есептік кестелер;
- мамандықтың немесе пәннің бейінімен байланысты курстық
жұмысты (жобаны) ағымдағы орындауын және оны қорғауын бағалау
критерилері;
- курстық жұмыстың (жобаның) мысалдық тақырыбы;
- әдебиеттер тізімі;
- пәннің (мамандықтың) ерекшеліктеріне (жобаның) мазмұнына және көлеміне талаптар.
Курстықжұмыс (жоба) меңгеруі керек:
- мақсатты бағыттылық;
- нақты құрылымынан;
- материалды баяндаудың логикалық кезектілігі;
- зерттеудің тереңдігі және сұрақты жеткізудің толықтығы;
- аргументтердің сенімділігі;
- қалыптасқан ойдың қысқа әрі дәлдігі;
- жұмыстың нәтижелерін баяндау бойынша нақтылық;
- қорытындылардың дәлелі және нұсқаулықтардың маңыздылығы;
- рәсімдеу бойынша талаптарға сәйкестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет