Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы



бет5/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

Дипломдық жұмыс Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стан-дартымен қарастырылған жазбаша жұмыстардың қатарына кіреді.
Дипломық жұмысты орындау студенттердің жоғарғы оқу орнын тамамдаудың ең соңғы кезеңі болып табылады. Дипломдық жұмыс білікті маманды дайындау мақсатында оқу бағдарламасы шегінде орындалатын, студенттің теориялық білімі мен тәжірибесін жинақтайтын ғылыми-аналитикалық зерттеу нысаны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары:
· студенттердің мамандық бойынша теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету, жүйелеу және бекіту;
· студенттердің мамандық бойынша өздік жұмыстарын жүргізу дағдысын дамыту;
· дипломдық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеру;
· таңдалған мамандық бойынша студенттердің тәжірибелік қызметке деген даярлығының көрінуі.
Дипломдық жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
· мамандық бойынша таңдалған тақырыптың көкейкестілігі;
· зерттеу мәселесін анықтау және белгілеу;
· қажетті нормативтік құқықтық актілердің, зерттеу мәселесінің арнайы әдебиеттерде талқылану дәрежесін және олардың тәжірибеде қолдану әдістерін шығармашылық деңгейде зерттеу негізінде жоғары теориялық деңгейде орындау;
· зерттеу мәселесі бойынша аяқталған жұмыс болуы тиіс;
· міндетті түрде зерттеу мәселесі бойынша студенттердің толық және терең теориялық білімін көрсететін теориялық бөлімі және мәселенің зерттелу аясындағы жағдайына анализ жасайтын тәжірибелік бөлімін қамту керек;
· таңдалған тақырып бойынша зерттеудің негізгі қорытындылары мен нәтижелері талдануы қажет;
· зерттелу мәселесінің мақсатына жету үшін мүмкіндіктерді бағалау және кеңестерді мәліметке алу;
· студенттің: біріншіден, тәжірибелік материалдарды, екіншіден, әртүрлі авторлардың басылымдарда жарияланған ұсыныстарын пайдаланудағы жауапкершілігін көрсету қажет, ол студенттердің дипломдық жұмыстарында авторлардың аты-жөндеріне, басылып шыққан еңбектері мен баспаның атауына, сонымен қатар еңбектердің басылып шыққан жылы мен орнына, нөмірі мен беттеріне сілтеме жасау арқылы көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет