Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары)



бет6/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

9.Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • эмпирикалық

  • гипотетикалық

  • теориялық

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.


Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

10.Педагогтың әдіснамалық қызметі.
Әдістемелік қызмет толығымен зерттеліп бітпеген жөне педагогтің көсіптік қызметінің дербес түрі ретінде сипатталмаған. Педагогикалық әдебиеттерде әдістемелік қызметке деген үш көзқарас бар. Бірінші көзқарасқа сөйкес, әдістемелік қызмет педагогтің өзін-өзі жетілдіруімен, дидактикалық құралдармен жұмыс істеумен, пәндік саладағы біліктілікті арттырумен байланыстырылатын әдістемелік жұмысқа теңестіріледі. Келесісі әдістемелік қызметке нақты пәнді оқытумен байланысты қызметті жатқызады. Бұл жағдайда авторлар пән бойынша оқытушылық жөне әдістемелік қызметтердің ерекшеліктерін ескермейді, ал “әдістемелік қызмет”, “оқытушылық қызмет” терминдері синонимдер ретінде қолданылады.
Үшінші көзқарасты үстанатын зерттеушілер әдістемелік қызметті жалпы педагогикалық қызметтегі ерекшелігі айқын аңғарылатын салыстырмалы түрде дербес шеберліктердің жиынтығы ретінде сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет