101. Топтастыру және бөлшектеп суретке түсіруді түсіндіру. Криминалистік техниканың күрделі де, негізгі салаларының бірі болып криминалистік сандық фотография болып есептеледі.
Криминалистикалық сурет- тергеу амалдары мен жедел-іздеу іс-шаралары, тергеу әрекеттері мен арнайы зерттеулер жүргізу барысында, ғылыми әдістер мен жүйелер кеңінен қолданылады.
Суретке түсіру дегеніміз – құқық қорғау өндірісіндегі маңызды заттай айғақты мәні бар нысаналар мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер ережелернің жиынтығы болып саналады.
Криминалистиканың әдістерінің ішінде айрықша орын алатын әдістердің бірі – техника криминалистік зерттеу тәсілдері атап айтқанда оқиға болған жерді суретке түсіру, түстерді бөліп суретке түсіру, қарама- қарсы түстерді күшейту арқылы түсіру тергеу әрекеттерін жүргізуде қолданылатын тактикалық әдістері жатқызуға болады. Егер сараптама тағайындалса, тергеулік қараумен қатар сараптамалық қарау да қажет, өйткені ол сараптамалық зерттеудің бірден-бір сатысы болып табылады. Өрт болған жер статикалық және динамикалық күйде қаралуы керек. Статикалық қарау кезінде өрт болған жер өзгеріссіз сақталады. Бұл сатының негізгі міндеттері өрт болған жерді зерттеп, бекітуден тұрады.
Динамикалық сатыда құрылысты бірте-бірте қарау жүргізіледі, өрттен қалған қоқыстарды жинайды, едендерді тазартады. Бұл сатыдан кейін қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру қажет.
Өрт болған жерді зерттеу кезінде суретке түсіру керек. Фотосуретке криминалисттік суретке түсірудің барлық ережелерін сақтай отырып түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді қарау хаттамасын сызба-жоспармен қатар жасалу қажет. Толығымен жанып кеткен объектілерді, материалдарды, құралдарды олармен жақын тұрған заттарды сипаттау қажет. Сарапшыға сұрақтарды шешу үшін қажет, бірақ оқиға болған жерді қарау туралы хаттамада орын алмаған, мәліметтер тергеуші қаулысының сипаттау бөлімінде көрсетілуі керек. Мысалы, өрттің пайда болуын және оның таралуын анықтау үшін өртке себеп болған қоршаған ортаны сипаттап материалдар мен құралдардың орналасқан жерлерін көрсету керек. Өндірістік процесстердің салдарынан туындаған өртті анықтау үшін хаттамада құралдардың немесе монтаждың өртке қауіп келтіретін жағдайларын, құралдардың техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын (бұзылуын), технологиялық процесстердің сақталу ерекшеліктерін, құралдардың жұмыс режимін, сақтайтын және қорғайтын бақылау құралдарының күйі т.с.с. сипаттап көрсету тиіс.