100. Сот сараптамасында пайдаланылатын ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерге қойылатын талаптарды сипатта Заттық дəлелдемелерді криминалистикалық зерттеу кезінде қолданылатын техникалық құралдарға, алдымен тек лабора-ториялық жағдайда қолданылатын аппаратураларды айтуға бола-ды. Бұларға: МИС-10, МС-51 сияқты салыстырмалы микроскоп-тар, электронды микроскоптар; инфра қызыл, ультра күлгін, рент-ген сəулелерімен объектілерді зерттеуде қолданылатын стацио-нарлы аппаратуралар, фотоаппаратуралар, заттық дəлелдемелерді спектрлік анализбен (эмиссиондық, абсорбоциондық) зерттеуде қолданылатын аппаратура; газ, қағаз хроматография əдістерімен объектілерді зерттеуге арналған приборлар, компьютерлік техни-ка жəне т.б жатадыы.
Қазіргі криминалистикалық техника көбінесе, тиеслі əдістің негізінде жатқан құбылыс табиғатына қарай жүйеленеді.
1) морфоанализ, яғни физикалық денелердің ішкі жəне сыртқы құрылымдарын макро-микро-ультрамикро деңгейлер-де зерттеу;
2) заттар мен материалдар құрамын талдау (элементтік, молекулярлық, фракциондық);
3) зат құрылысын талдау;
4) заттың жеке қасиеттерін талдау, соның ішінде физикалық (электрөткізгіштігі, түсі, магнит өткізгіштігі) жəне химиялық қасиеттері.
Рентген сəулелерінің өтімділік қасиетін пайдаланып, көзге көрінбейтін, мөлдір емес объектілердің ішкі құрылысын зерт-теп, оны фотопластинкаға, немесе пленкаға түсіріп алуға болады. Рентген аппараттары криминалистикада мылтық, оқ дəріні тағы басқа жеңіл металдан, ағаштан жасалған объектілерді зерттеуге пайдаланылады. Оқиға болған жерді тінту барысында көрінбейтін немесе құпия орынға тығып қойылған заттарды тауып алу үшін рентген аппараттары кең түрде қолданылады.
Сонымен қатар, қарастырылып отырған ғылыми-техникалық құралдар тобына фоторобот, ИКР-2 (идентификационный ком-плект рисунков), Айденти-кит жəне басқа да жəбірленушінің немесе куəнің сөздерінен белгісіз қылмыскерді бет келбеті арқылы іздестіру мақсатында қолданылатын құрылғылар мен компьютерлік программалар жатады. Бұл топқа ұрланған заттар мен қылмыскерлер бет келбеті суреттелген фотокөріністерді алу жəне көбейту құралдары да жатады.