6.2 сурет Клетки Лейдига- Лейдиг жасушалары
Тестостерон- Тестостерон
Клетки Сертоли- Сертоли жасушалары
Сперматозоиды- Сперматозоидтар
ЛГ- ЛГ
ФСГ- ФСГ
Ингибин- Ингибин
Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз- Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз
6.2. АНДРОЛОГИЯДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
6.2.1. Физикалық зерттеу әдістері Аталық без қызметі бұзылған науқастарды зерттеу соматикалық зерттеу мен жыныс мүшелерін қарап тексеруден тұрады. Соматикалық зерттеуге қаңқа сүйегінің, бұлшықет жүйесінің, тері асты шел май қабатының ер адамдарға тән белгілерін анықтау жатады. Үлкен маңыздылыққа екіншілік жыныстық белгілердің даму сипаты ие болады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау барысында сыртқы жыныс ағзаларының құрылымы, жыныс мүшесінің үлкендігі, уретраның шығу орны (гипо- немесе эписпадия), еннің қатпарлығы мен пигментациясы, қасағаның түктену дәрежесі бағаланады. Аталық бездің пальпациясы бездің қолдан шығып кетпеуі мақсатында жылы қолмен жасалынады. Бұл кезде аталық без көлемі, консистенциясы, беткейінің сипаты, аталық без қосалқыларына ерекше назар аударылады.
6.2.2. Зертханалық зерттеулер Тестостерон мөлшерін қанда анықтау кезінде оның таңертеңгі деңгейін кешкілікпен салыстырғанда деңгейінің 30%-ға жоғары болатынын есте сақтаған жөн. Сау ер адамдарда тестостеронның қалыпты деңгейі тәуліктің бірінші жартысында 12–40 нмоль/л тең. Тестостерон мөлшерінің 10 нмоль/л болуы, гормон тапшылығын көрсетеді, сондықтан шекаралық мәліметтер (10 және 12 нмоль/л арасында) зерттеуді талап етеді.
Тестостеронның 2%-ы ғана қан арнасында бос күйінде болғандықтан, рутинді клиникалық тәжірибеде бос тестостерон мөлшерін анықтау бірқатар қиындықтар тудырады. Осыған орай, күмәнді жағдайларда анықталған тестостерон деңгейін интерпретациялауға жыныс гормондарын байланыстырушы ақуызды (ЖГБА) анықтау орынды. Ер адамдарда қалыпты жағдайда оның мөлшері 18–50 нмоль/л және түрлі аурулар мен жағдайларда деңгейі ауытқып отырады (6.1кесте).
Сондай-ақ, гипогонадизм түрлерін диагностикалауда ЛГ және ФСГ-нің базальды мөлшерін анықтау жүргізіледі. Кей жағдайларда осы мақсатта ынталандырушы сынамалар орындалады. Хорионды гонадотропинмен сынама жүргізу барысында ынталанған тестостерон мөлшері есептелінеді, қалыпты жағдайда оның мөлшері базальды деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары болады.
Екіншілік (гипофизарлы) және үшіншілік (гипоталамустық) гипогонадизмді салыстырмалы диагностикалау мақсатында гонадотропин-рилизинг-гормонмен сынама орындалады. Үшіншілік гипогонадизм кезінде сынамадан кейін ФСГ мен ЛГ мөлшері жоғарылайды.