Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет176/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Салыстырмалы диагностикасы
Көкірек безінің қатерлі ісіктері, жалған гинекомастия, сонымен қатар гинекомастияның себептері анықталады.


Емі

  • Неонатальды және пубертатты гинекомастия арнайы емді қажет етпейді және өздігінен жазылады.

  • Патологиялық гинекомастия оны тудырған түрткіні жойғаннан кейін ликвидациялануы мүмкін (дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату, негізгі сырқаттың компенсациясы және т.б).

  • Айқын, тұрақты сақталатын гинекомастия косметикалық мәселелер мен көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты емді қажет етеді. Мұндай жағдайда консервативті ем тиімсіз болғандықтан (тамоксифен, кломифен, даназол) мастэктомия орындалады. Хирургиялық ем әсіресе, Клайнфельтер синдромында көкірек безінің қатерлі ісігінің даму қаупі өте жоғары болғандықтан өте қажетті.



Болжамы
Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Соңғы жағдайда гинекомастия науқастардың 75%-да 2 жыл ішінде кері дамиды. Патологиялық гинекомастияның болжамы оны тудырған тұрақты (бауыр циррозы) және тұрақсыз (наркомания, дәрілік заттар) дамитын себептеріне тәуелді.


7 БӨЛІМ
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ


7.1. ҚАНТТЫ ДИАБЕТТІҢ ЖІКТЕМЕСІ
Қантты диабет (ҚД) — инсулин секрециясының бұзылуы мен/немесе әсерінің төмендеуі нәтижесінде дамитын, гипергликемиямен сипатталатын зат алмасу ауруларының тобы. ҚД кезінде дамитын созылмалы гипергликемия жүрек, қантамырлар, көз, бүйрек және жүйке секілді көптеген мүшелер мен жүйелер жағынан көрініс беретін асқынулармен сипатталады. ҚД-мен жалпы халықтың 5–6%-ы сырқаттанады. Экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған елдерде әрбір 10–15 жылда ҚД-мен сырқаттанған науқастар саны 2 есе жоғарылайды. ҚД кезінде орташа өмір сүру уақыты 10–15%-ға төмендейді.
ҚД даму себептері әртүрлі. Басым көп жағдайда ҚД инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде (қантты диабеттің 1 типі — ҚД-1), немесе шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуінің ұйқыбездің β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен қосарласуы нәтижесінде дамиды (қантты диабеттің 2 типі — ҚД-2). Кей жағдайларда науқастың ҚД-1 немесе ҚД-2 қатарына жатқызуы көптеген қиындықтар әкеледі, дегенмен күнділікті тәжірибеде ҚД-нің түрін анықтаудан оның компенсация сатысында болуы маңыздырақ. Этиологиялық жіктемеге сүйене отырып ҚД-нің төрт клиникалық классын ажыратуға болады (7.1кесте).
Жиі кездесетін ҚД-1 (7.5 бөлім), ҚД-2 (7.6 бөлім) және гестациялы ҚД (7.9 бөлім) бөлек бөлімдерде талқыланады. Ал басқа ҚД-тің спецификалық түрлері 1% жағдайда кездеседі. ҚД-ның барлық типтерінің ішінде этиологиясы мен патогенезі толығырақ зерттелген ҚД-1 және ҚД-2 болып табылады. ҚД-нің кейбір түрлері моногенді тұқымқуалайтын β-жасушалары қызметінің генетикалық ақаулары әсерінен дамиды. Осыдан, МОDY синдромының (англ. maturity onset diabetes of the young — жастарда дамитын ересектік типті қантты диабет) түрлі аутосомды-доминантты тұқымқуалайтын варианттары ажыратылады, ол өз кезегінде перифериялық тіндердің инсулинге қалыпты сезімталдығына инсулин секрециясының жоғалуымен емес, бұзылуымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет