Эндокринология



бет240/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   285
Диагностикасы

  • Гиперкальциемия әдетте ешқандай симптоматика көрініс бермеген науқаста рутинді биохимиялық қан талдауы нәтижесінде анықталады. Сонымен қатар, гипофосфатемия, гиперкальциурия және гиперфосфатурия тән. Қан сарысуында сілтілі фосфотаза жоғарылап, несеппен гидроксипролин мен цАМФ экскрециясы артады.

  • Паратгормон деңгейі жоғарылағанда. Зерттеу екі рет тексеру барысында гиперкальциемия анықталған жағдайда ғана көрсетілген.

  • Паратиромалардың топикалық диагностикасы: УДЗ, технетрилмен сцинтиграфия, КТ, МРТ (мойын мен кеудеаралық аймағын).

  • БГП асқынуларының диагностикасы: остеопороз, нефрокальциноз және т.б.



Салыстырмалы диагностикасы
1. Басқа генезді гиперкальциемия:
— Қатерлі ісіктер (көптеген миелома, сүт безінің қатерлі ісігі, сүйек метастаздары); ПТГ деңгейі әдетте төмен болады;
— D дәруменін шек тыс мөлшерде қабылдау;
— Саркоидоз және басқа гранулематозды аурулар;
— Сирек себептер (тиреотоксикоз, тиазидті диуретиктерді қабылдау, иммобилизация, Аддисон ауруы, А дәруменін шектен тыс қабылдау, бүйрек жеткіліксіздігі);
2. Екіншілік гиперпаратиреоз (нормокальциемия көрінісінде дамиды).
3. Көптеген эндокринді неоплазия синдромын жоққа шығару мақсатында жүргізілген скринингті зерттеулер (10 бөлімді қараңыз).



8.6 сурет. Солитарлы паратирома кезіндегі технетрилмен сцинтиграфия
Емі
Жалғыз радикалды емдеу әдісі хирургиялық ем болғандықтан сырқаттың емі БГП айқындылығымен, науқастың жасы мен физикалық жағдайымен анықталады.

  1. Хирургиялық ем: солитарлы паратирома — оны алып тастау, бірнеше

ҚМБ-нің гиперплазиясы кезінде парциальды немесе тотальды паратиреоидэктомия жасалады, кейін гипопаратиреоз терапиясымен жалғастырылады.

  1. Динамикалық бақылау орташа айқындылықтағы БГП көрініс берген

егде жастағы науқастарға жүргізіледі. Динамикалық бақылау оперативті емге абсолютті көрсеткіштер болмағанда орындалады (8.3 кесте). Динамикалық бақылау кезінде кальций деңгейі, бүйрек қызметі, әрбір 6–12 ай сайын артериялық қан қысымы, әрбір 2–3 жыл сайын сүйек денситометриясы мен бүйрек УДЗ-сі жүргізіледі.


8.3 кесте. БГП-ны хиругиялық жолмен емдеуге көрсеткіштер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет