Эндокринология


сурет. Бүйректік остеодистрофия патогенезі Эпидемиологиясы



бет243/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

8.7 сурет. Бүйректік остеодистрофия патогенезі


Эпидемиологиясы
Науқастарды гемодиализге көшіргенге дейін науқастардың 90%-да қандай да бір дәрежедегі сүйек тінінің гистологиялық өзгерістері дамиды. Гемо- және перитонеальды диализ емін алатын СБЖ-мен сырқаттанған науқастардың 45-70%-да көрініс береді. Креатинин мөлшері 150-400 мкмоль/л болатын науқастардың 60%-да интакті паратгормоны деңгейі 200 пг/мл-ден (қалыпты жағдайда 10–65 пг/мл) жоғары болады.


Клиникалық көрінісі
Сырқаттың басты симптомдары, яғни жиі СБЖ белгілері басым болады. Спецификалық симптомдарына сүйектің ауруы, проксимальды бұлшықет бөліктеріндегі әлсіздік, артралгиялар жатады. Кейде кенеттен дамитын спонтанды сүйектің сынуы мен қаңқа деформациясы дамуы да мүмкін. Сүйектен тыс кальцинаттардың түзілуіне түрлі клиникалық көріністер тән. Артериялар кальцификациясы нәтижесінде ишемиялық өзгерістер дамиды (кальцифилаксия). Аяқ пен қолда периартикулярлы кальцинаттар анықталуы мүмкін. Конъюнктива мен қасаң қабықтың кальцификациясының рецидив беруші конъюнктивитпен ұштасуы «қызарған көз» синдромы ретінде қарастырылады.


Диагностикасы
1.ПТГ жоғарылауымен ұштасқан нормокальциемия. Сонымен қатар, гиперфосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы және 1,25-(OH)2-D3 төмендеуі тән. ПТГ деңгейін анықтау түрлі генезді, шумақтық фильтрациясы 60%-ға төмендеген нефропатиялар кезінде анықталады.
2. Сүйектік өзгерістер БГП-ге ұқсас (остеопороз, субпериостальды және субхондральды білек сүйектерінің резорбциясы).
3. Басты сырқатты диагностикалау (СБЖ, мальабсорбция).
Салыстырмалы диагностикасы
ЕГП-ды дамытатын сырқаттар арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі.


Емі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде остеопатия профилактикасы ретінде қан сарысуында органикалық емес фосфат мөлшерін 1,5 ммоль/л-ге дейін жоғарылату қажет. Осы мақсатпен D дәруменінің (1.-ОН-D3: 0,25 – 0,5 мкг/тәу) белсенді метаболиттерін тағайындайды, гипокальциемия дамығанда — кальций дәрілерімен ұштастырады (1 г/тәу).
Үш рет ПТГ деңгейі жоғарылағанда және/немесе қанда кальций деңгейі
2,6–2,7ммоль/л-ден астамға жоғарылағанда субтотальды паратиреоидэктомия көрсетіледі.


Болжамы
Болжамы басты сырқат пен ағзалық өзгерістерді алдын алуды уақтылы бастауына қарай анықталады (СБЖ кезінде D дәрумендері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет