1. Айқын гиперкальциемия (> 3 ммоль/л)
2. Бұрын болған айқын гиперкальциемия эпизодтары
3. Бүйрек қызметінің бұзылуы
4. Бүйректегі тастар (симптоммен немесе симптомсыз)
5. Нефрокальциноз
6. Айқын гиперкальциурия (> 10 ммоль/тәу)
7. Остеопороз
1. Ауыр ілеспелі патология
2.Динамикалық бақылаудың қиындықтары
3. Жас науқастар (< 50 жас).
4. Науқастың тілегі
тағайындалатын таңдау дәрілері транзиторлы гипокальциемиялық әсер көрсететін бисфосфонаттар болып табылады. Оны регидратациялы терапиямен ұштастырып, гиперкальциемиялық кризді емдеуге болады.
Болжамы Қандайда бір көлемдегі хирургиялық емнен кейін нормокальциемия науқастардың 10%-да сақталады, ал қалғандары қайта операция жасауды талап етеді. БГП рецидивтері солитарлы паратирома жөнінде орындалған операциядан кейін науқастардың 1/20 –де, ал ҚМБ гиперплазиясы жөнінде орындалған операциядан кейін науқастардың 1/6 бөлігінде көрініс береді.
8.4. ЕКІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ Екіншілік гиперпаратиреоз (ЕГП)- генезі әртүрлі гиперфосфатемия және ұзаққа созылған гипокальциемиядан кейін дамитын ҚМБ-нің компенсаторлы гиперфункциясы мен гиперплазиясы (8.4 кесте). Үшіншілік гиперпаратиреоз кезінде гиперплазияға ұшыраған ҚМБ-нен паратгормонның автономды артық өндірілуі немесе ұзақ жылғы екіншілік гиперпаратиреоздан ҚМБ-і аденомасы дамиды.
D дәруменінің жеткіліксіздігі: бүйрек, бауыр аурулары, тұқымқуалаушылық ферментопатиялар.
Қатерлі аурулар: миеломды ауру.
ЕГП басты себебі бүйрек аурулары мен асқорыту жүйесі сырқаттатры болып табылады. Осыған орай ЕГП-ні бүйректік және интестинальды деп ажыратуға болады. Гемодиализді кең қолдануға байланысты СБЖ-мен сырқаттар ұзақ уақыт өмір сүруіне орай ЕГП жиі кездеседі.