Эндокринология


Емі Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады: Бисфосфонаттар



бет251/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Емі
Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады:

  1. Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты.

  2. Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады.

  3. Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз).

  4. Эстроген рецепторларының селективті модуляторлары (ралоксифен) бір тіндерде эстроген агонистері ретінде қызмет атқарса (сүйек тіні), ал басқа тіндерде анатогонист ретінде болады (эндометрий, сүт безі), сондықтан менопаузадан кейінгі кезде әйел адамдарда остеопорозды емдеуге қолданылады.

  5. Терипаратид —адам паратгормонының N-терминалді фрагменті остеобластар белсенділігіне әсер етуі нәтижесінде сүйектің жаңаруын күшейтеді.

  6. Кальций (карбонат), D дәрумені және D дәруменінің белсенді метаболиттері (α-кальцидиол, кальцитриол) жоғарыда аталған дәрілік заттармен бірге остеопорозды емдеуде кешенді терапия құрамында тағайындауға болады.



Болжамы
55 жастан асқаннан кейін әйел адамдарда остеопорозбен байланысты дамитын сүйектің сынуы қаупі 1/3-ді, ал ер адамдарда 1/12-ді құрайды. Сан сүйегінің мойны сынған науқастардың 20%-ы сынықтан 6 айдан кейін дүниеден өтеді, ал қалған 50%-ы мүгедек болып қалады. Омыртқа сынғаннан кейін науқастардың 5 %-ы және иық сынғаннан кейін науқастардың < 1 %-ы мүгедек болып қалады.
9 БӨЛІМ


ҰЙҚЫБЕЗІНІҢ ЭНДОКРИНДІ
БӨЛІГІНІҢ ІСІКТЕРІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет