Инсулинге тәуелді тіндерге (бұлшықет, май тіні) глюкозаның түсуін қамтамасыз етеді, бауырда гликолиз бен глюконеогенезді белсендіреді, май тіндерінде липогенезді ынталандырады, кетогенез және глюкагон секрециясын тежейді
Соңғы өнімі 14 аминқышқылы қалдықтарынан тұрады. Соматостатин термині алғашында гипоталамуста өсу гормоны секрециялануын ингибирлейтін фактор ретінде анықталғандықтан солай аталған.
Қазіргі таңдағы көзқарастар бойынша панкреатикалық және асқорыту гормондарының басты қызметі асқорыту үрдісін (барлық асқорыту гормондары) және жасушалық метаболизмді (инсулин), олардың басты субстраттарының (инсулин, глюкагон) эндогенді синтезін реттеу болып табылады. Панкреатикалық және асқазан-ішек жолының гормондары гуморальды факторлардың гетерогенді тобын құрайды. Олардың бір бөлігі (секретин, холецистокинин) «гормон» классикалық ұғымына сәйкес келеді (өзінен алыс орналасқан құрылымдарға гуморальды әсер көрсетеді). Басқа гормондар (вазоактивті интестинальды пептид, соматостатин) нейромедиаторлар секілді паракринді және нейрокринді әсер көрсетеді.