Эндокринология



бет263/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Эпидемиологиясы
Казуистикалық сирек дамиды.


Клиникалық көрінісі

  • Екіншілік буллезді дерматитпен некролитикалық миграциялаушы эритема (90 %).

  • Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы немесе қант диабеті (90 %).

  • Анемия, дене массасының төмендеуі, анорексия.

  • Көктамыр тромбылары (20 %) мен өкпе эмболиясымен (12 %) асқынатын тромбоэмболиялық асқынулар

  • Бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беру.



Диагностикасы
1. Қанда глюкагон деңгейінің жоғары болуы (науқастардың 80 %-да қалыпты деңгейден 5–10 есе жоғары болады). Глюкагон деңгейінің 1000 пг/мл (қалыпты жағдайда < 200 пг/мл) дейін болуы глюкагономаларға патогномикалық.
2. Гипоаминоацидемия (80 %).
3. Ісіктер мен олардың метастаздарының топикалық диагностикасы (9.2 бөлімді қараңыз).


Салыстырмалы диагностикасы

  • Қант диабеті, басқа этиологиялы тері өзгерістері, басқадай ісіктердің бауырға метастаз беруі.

  • Қанда глюкагон деңгейі бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, жедел панкреатит, сепсис, акромегалия, Кушинг синдромы, ұзақ уақыт бойы ашыққанда жоғары болуы мүмкін.



Емі
Айқын дамыған глюкагонома-синдромын диагностикалау сәтінде радикалды оперативті араласуды жүзеге асыру мүмкін емес. Антипролиферативті терапия үшін және глюкагон өндірілуін тежеу мақсатында октреотидтің әсері күшті (соматостатиннің ұзақ әсер етуші туындысы).


Болжамы
Басым жағдайда болжамы қолайсыз.


9.6. ВИПОМА
ВИПома, немесе Вернер-Моррисон синдромы (синонимдері: WDHH-синдром англ. watery diarrhea, hypokalemia, hypochlorhydria; панкреатикалық синдром панкреатикалық тырысқақ) вазобелсенді интестинальді пептидтің (ВИП) гиперсекрециясымен сипатталады (9.6 кесте).


Этиологиясы
Ұйқыбездің қатерлі ісігі (90%) немесе ганглионейробластома (10%). ВИПома, әдетте , ұйқыбездің құйрықты бөлігінде орналасатын солитарлы, ірі көлемді ісік болып табылады. 60–80 % жағдайда диагностикалау барысында ісіктің метастаздары анықталады.


Патогенезі
ВИП артық өндірілуі, ісіктік өршу. ВИП электролиттер мен сұйықтықтың интестинальді секрециясын ынталандырады, вазодилататорлық әсер көрсетеді, асқазанда тұз қышқылы секрециясын ингибирлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет