Болжамы Орташа көлемдегі солитарлы инсулиноманы алып тастағанда болжамы қолайлы. Ал қатерлі ісіктер кезінде болжамы нашар.
9.4. ГАСТРИНОМА Гастринома — гастрин-өндіруші ісік, клиникалық 1955 ж. Р. Золлингер мен Элиссон сипаттаған үштікпен сипатталады: асқазанның париетальды жасушаларымен тұз қышқылының айқын гиперсекрециясы, қайталамалы пептикалық ойық жаралар, ұйқыбездің инсулин өндірмейтін ісіктері (9.4 кесте).
Этиологиясы Гастринома — 90% жағдайда қатерлі метастаздық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— ұлтабар қабырғасында (15 %) және асқазанның антральды бөлігінде, өте сирек (5 %) — басқа мүшелерде локализацияланады (шарбы, аналық бездер, билиарлы жүйе). 25 % жағдайда гастринома І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде дамиды (10.2.1 бөлімді қараңыз).
Патогенезі Золлингер-Эллисон синдромы патогенезі негізінде ісіктің ретсіз гастрин гормонын бөлінуі жатыр. Гипергастринемия париетальді жасушаларының гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде пептикалық жаралардың түзілуі, панкреатикалық ферменттердің инактивациясы, ішектің шырышты қабығының зақымдалуынан дамитын диарея көрініс береді.
Эпидемиологиясы Гастринома — пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60 %) сырқаттанады.
Клиникалық көрінісі
Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара.
Диарея және стеаторея (50 % жағдайда).
Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %).
9.4 кесте. Гастринома
Этиологиясы
90 % жағдайда қатерлі метастатикалық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— ұлтабар қабырғасында (15 %) және асқазаннығ антральді бөлігінде, өте сирек (5 %) — басқа мүшелерде локализацияланады (шарбы, аналық бездер, билиарлы жүйе). 25 % жағдайда гастринома І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде дамиды
Патогенезі
Гипергастринемия париетальды жасушаларының гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде пептикалық жаралардың түзілуі, панкреатикалық ферменттердің инактивациясы, ішектің шырышты қабығының зақымдалуынан дамитын диарея көрініс береді
Эпидемиологиясы
Пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60 %) сырқаттанады
Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %)
Диагностикасы
1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды (қалыпты жағдайда < 60 пг/мл),зерттеу түрлі күндері орындалады
2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальді деңгейі 15 ммоль/сағ.дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ. дейін жоғарылайды
3. Ісіктік топикалық диагностикасы
Салыстырмалы диагностикасы
Ойық жара ауруы
Емі
Ісік резекциясы, операция орындауға келмеген жағдайда —антипролиферативті (октреотид) және симптоматикалық (омепразол) терапия
Болжамы
5-жылдық өмір сүру көрсеткіші радикальды операцияланған науқастарда 90%-ды; ал метастаз бергенде — 20 %-ды құрайды