Диагностикасы 1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды (қалыпты жағдайда < 60 пг/мл),зерттеу түрлі күндері орындалады.
2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальды деңгейі 15 ммоль/сағ дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ дейін жоғарылайды.
3. Ісіктік топикалық диагностикасы (9.2 бөлімді қараңыз).
Емі Солитарлы қатерсіз гастринома кезінде ісік энуклеациясы көрсетілген. Спорадикалық кездесетін гастринома кезінде орындалатын радикалды операцияның максимальды саны шамамен 30%-ға жетеді. Операция орындауға келмейтін немесе визуализацияланбайтын ісіктерде панкреатодуоденальды резекция мен гастрэктомия орындалмайды, себебі науқасқа тек медикаментозды терапия көрсетілген. Қатерлі гастриномалар кезінде антипролиферативті терапияның таңдау препараттары болып октреотид табылады. Ойық жара мен диарея кезінде симптоматикалық терапия ретінде протон помпаларының блокаторлары (омепразол) тағайындалады.
Болжамы Радикалды резецирленген гастринома дамыған науқастарда бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 90 %-ды құрайды, ол гастриномамен сырқаттанған барлық науқастардың 60–75%-ын алады, ал 10-жылдық өмір сүру көрсеткіші — 50 %. Метастаз анықталғанда 5-жылдық өмір сүру көрсеткіші 20%-ға төмендейді. Өлімге 60 % жағдайда ісіктің прогрессиясы әкеледі.
9.5. ГЛЮКАГОНОМА Глюкагонома — артық мөлшерде глюкагон өндіретін аралшықты-жасушалы сирек дамитын ісік (9.5 кесте).
Этиологиясы Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады), жиі ұйқыбездің құйрық бөлігінде орналасады және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады (топикалық диагностикамен қиындықтар тумайды).
Мультицентрлік ісіктер тек 10–12 % жағдайда ғана көрініс береді.