Эндокринология


Этиологиясы мен патогенезі



бет272/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Этиологиясы мен патогенезі
11 (регион 11q13) хромосомада орналасқан ісіктердің өсуін тедейтін ген инактивациясы. Ісіктің даму инактивтеуші геннің екі аллелінің белсенсізденуі дамығанда ғана көрініс береді.
11q13аймағының гетерозиготалығының жоғалуы науқастардың басым көпшілігінде байқалады.


Эпидемиологиясы
Сирек дамитын эндокринді патология: 100 мың халыққа таралу жиілігі 1–10 жағдай.


Клиникалық көріністері
1. КЭН кезінде дамитын біріншілік гиперпаратиреоз (97 %) (8.3 бөлімді қараңыз) спорадикалық түрлерінен еш ерекшелінбейді (8.3бөлімді қараңыз). Ерекшелігі болып субтотальді паратиреодэктомиядан кейін дамитын жоғарғы жиіліктегі рецидивтің даму табылады. Төрт қалқанша маңы бездерінде гиперплазияның анықталуы КЭН-1 мен КЭН-2 анықтауды талап етеді. МЭН кезінде дамитын біріншілік гиперпаратиреоз барлық гиперпаратиреоз жағдайларының 10–15 %-ын иемденеді.
2. Аралшықты-жасушалық ісіктер (80 %) (9 бөлімді қараңыз); жиі гастринома (барлық гастриномалардың 25–60 %-ы МЭН-1 кезінде анықталады) және инсулинома дамиды. Сирек жағдайда ВИпома, глюкагономалар және функционалды белсенді емес эндокринді ісіктер немесе карциноидтар көрініс береді.
3. Аденогипофиз ісіктері (54 %) (2 бөлімді қараңыз) науқастардың жартысында дамиды. Жиң пролактиномалар, сирек соматотропиномалар немесе гормональді белсенді емес ісіктер, өте сирек — кортикотропиномалар көрініс береді.


Диагностикасы

  • Спорадикалық ісіктерді диагностикалау қағидаларына негізделеді.

  • КЭН-1 кезінде отбасылық скриниг жүргізіледі (калий, гастрир, өсу гормоны, гликемия деңгейі анықталады). Скринигке 15-65 жас аралығындағы бірінші және екінші тармақтағы барлық науқастар екі жыл үзіліспен қатысады.



Салыстырмалы диагностикасы
Спорадикалық ісіктерді салыстырмалы диагностикалау қағидаларына негізделеді.


Емі
Спорадикалық ісіктерді емдеу қағидаларына негізделеді. Гиперпаратиреоз гастриномамен ілеспелі дамығанда алғашында протон помпаларының ингибиторлары арқылы асқазан секрециясын төмендетеді, кейін субтотальді және тотальді паратиреоидэктомия жүргізіледі. Ал басқа ісіктердің қосарласып дамуы кезінде жүргізілетін ем шарасы жеке науқас жағдайын тәуелді орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет