Эндокринология



бет276/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   285
Қоңыр май тіні көптеген зертттеушілер пікіріне қарағанда жаңа туылған нәрестелерде басты термогенез көзі болып табылады. Сау адамдарда минимальді қоңыр май мөлшері тағам қабылдаумен индуцирленген термогенезді іске асырады. Семіздікке шалдыққан адамдарда қоңыр май тіні мүлдем болмауы да мүмкін. Мұндай термогенез қосымша энергия жұмсалуымен сипатталып, тағам қабылдағанда белсеніп, май тінінің шектен тыс жиналуына жол бермейді. Көмірсулардың артық болуы немесе аралас тағам қабылдау бос Т3 деңгейін жоғарылатып, қан сарысуында реверсивті Т3 (рТ3) деңгейін төмендетеді. Қоңыр май жасушалары глюкоза мен май қышқылдарын қиындықсыз қышқылдандырады. Сонымен, қышқылдану нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді, тек аз мөлшерде ғана АТФ түрінде сақталады.
Ақ май тіні лептин синтезделетін басты орны болып табылады. Лептин- пептидті табиғатты гормон. Лептин әсерінен науқас тәбеті төмендеп, ағзаның энергетикалық шығына артады. Қанда лептин концентрациясы май тінінің мөлшеріне тікелей тәуелді. Семіздікке шалдыққан адамдарда ол жоғарылайды. Лептин рецеп торлары көптеген мүшелерде анықталған: бас миы, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, тимус, простата, аналық без, жіңішке және тоқ ішек. Лептиннен басқа тәбетті реттеуге адипоциттер өндіретін басқа гуморальді түрткілер қатысады (адипонектин, грелин, β-эндорфин және т.б.).


11.2. СЕМІЗДІК ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ
СИНДРОМ
Семіздік —жиі энергияны қабылдау мен энергия шығына арасындағы дисбаланстың дамуына әкелетін, генетикалық бейімдеушілік тән созылмалы жүйелік гетерогенді ауру (11.1 кесте).


11.1 кесте. Семіздік және метаболикалық синдром



Этиологиясы

Алиментарлы-конституционалды (төменгі тип, айқын тағам қабылдаудың бұзылысымен, пубертантты-жасөспірімдік) симптоматикалық

Патогенезі

Генетикалық бейімділік, тағамның жоғарғы құндылығы, тағам қабылдаудың бұзылуы, физикалық белсенділіктің жеткіліксізділігі

Эпидемиологиясы

Семіздіктің таралу жиілігі шамамен жалпы халықтың 30%-ын, метаболикалық синдром 15–25 %-ын құрайды, висцеральді семіздің 95%-ды алады

Басты клиникалық көрінісі

Артериялық гипертензия, ЖИА, дислипидемия, гиперкоагуляция, қант диабеті 2 тип және оның кеш асқынулары, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, ұйықтау барысындағы апноэ синдромы, өкпелік жүрек, өт-тас ауруы, поликистозды аналық без синдромы, несеп-тас ауруы, тізе және ұршық буындарының остеоартрозы, апатия, ұйқышылдық, тез шаршағыштық, депрессия, әлеуметтік дезадаптация

Диагностикасы

1. Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ), саниметрлік лента арқылы бел мен бөксе айналымын өлшеу, олардың арақатынасын анықтау
2. Метаболикалық синдром висцералды семіздіктің келесі өзгерістердің біреуімен ұштасқанда диагностикаланады: триглицеридтер↑, ЖТЛП↓, АҚҚ↑., гипергликемия немесе қант диабеті2 тип
3. Тамақтану мен физикалық белсенділігін мұқият зерттеу
4. Метаболикалық синдром асқынулары мен компоненттерін диагностикалау

Салыстырмалы диагностикасы

Симптоматикалық семіздік

Емі

1. Гипокалориялық емдәм, физикалық жүктемені арттыру
2. Орлистат, сибутрамин
3. Липидті спектрлі реттеу
4. Гипотензивті терапия
5. 2 типті қант диабетін және көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуын емдеу
6. Хирургиялық ем: кіші асқазанның түзілуі (гастропластика), асқазанды шунттау, жіңішке ішек резекциясы және т.б.

Болжамы

25–30 жас аралығында дамитын морбидті семіздік әсерінен дамитын өлім көрсеткіші қалыпты дене массасымен адамдармен салыстырғанда 12 есе жоғары.
10 %-ға немесе одан да көпке науқас арықтағанда өлім көрсеткіші 20 %-ға төмендейді.



Май тінінің таралу сипатына қарай гиноидты (әйел типті, алмұрт пішінә тәрізді) және андроидты (еркек типті, алма пішіні тәрізді, висцеральді) семіздікті ажыратуға болады. Семіздік (ең алдымен висцеральді) метаболикалық синдромның (МС) басты компоненті болып табылады. Соңғысы семіздікпен, оның асқынуларымен және метаболикалық бұзылыстармен сипатталады. МС терминінің бірнеше синонимдері белгілі:


Х синдромы, инсулинорезистенттілік синдромы. Сонымен қатар, ЖИА-ның дамуына әкелетін басты түрткілер қатарына кіретіндіктен (семіздік жоғарғы типі, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, гиперлипидемия, артериялық гипертензия) оны «өлім квартеті» деп те атайды. МС компоненттері түрлі жіктемелердің болуына орай ауытқиды. Басты құрамдас бөліктеріне висцеарльді семіздік, гиперинсулинемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қант диабеті 2 тип, атерогенді дислипидемия,
артериялық гипертензия, әйел адамдардағы гиперандрогения жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет