Эндокринология


Тамақтану тәртібі бұзылғанда



бет278/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   285
3. Тамақтану тәртібі бұзылғанда. Бұл кезде ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық және тамақтанудың дәстүрлік стереотиптері маңызды орынға ие болады. Себебі тамақтану тәртібі психикалық белсенділікпен тығыз байланысты, сондықтан тамақтану тәрітібінде дамитын өзгерістер серотонин мен эндорфин рецепцияларының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Көмірсуларды қабылдау допинг секілді алкоголизм, наркомания секілді аурулар қатарына кіреді. Көптеген адамдар тағам қабылдау арқылы өмірдің қиын шақтарын бастан өткізеді (стресске гиперфагиялық реакция).
4. Физикалық белсенділіктің жетікіліксізділігі.
5. Метаболикалық синдром кезінде басты патогенетикалық түрткі болып инсулинорезистенттіліктің маркері болып табылатын абдоминальді семіздік және атерогенді липидемия табылады. Басқа компоненттерінің өзара қарым/қатынасы 2 типті қант диабетіне ұқсас (7.6 бөлімді қараңыз).


Эпидемиологиясы
Семіздіктің таралуы 1960-2000 жылдар аралығында батыс мемлекеттерінде 12%-дан 30 %-ға дейін жоғарылады. Висцеральді семіздік дамыған науқастардың 95 %-да жүрек-қантамыр аурулары дамуына әкелетін жоғарғы қауіп түрткісі болып табылады. МС жалпы популяцияда таралу жиілігі 15 % -25 %. АҚШ-та 20–29 жас аралығында 7 % жағдайда, 60–69 жас аралығында — 43,5 % жағдайда, 70 жас және одан жоғары — 42 % жағдайда көрініс береді.


Клиникалық көріністері

  • Жүрек-қантамыр жүйесі: артериялық гипертензия, ЖИА және оның асқынулары, атерогенді дислипидемия, гиперкоагуляция, жүрек шамасыздығы.

  • Қант диабеті 2 тип (7.6 бөлімді қараңыз) және оның кеш асқынулары (7.8 бөлімді қараңыз) және көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы.

  • Ұйқы барысындағы апноэ синдромы (Пиквик синдромы), өкпелік жүрек.

  • Асқорыту жүйесі: өт-тас ауруы,асқазанның төмен түсуі, созылмалы іш қатулар.

  • Жыныс жүйесі: аналық без поликистозы синдромының қалыптасуы (5.5 бөлімді қараңыз).

  • Несеп шығару жүйесі: гиперурикемия, несеп-тас ауруы.

  • Аяқтық трофикалық ойық жаралары, ұршық, тізе, тобық буындарының остеоартрозы.

  • Жүйке жүйесі: апатия, ұйқышылдық, тез шаршағыштық. Семіздік жиі депрессиялық бұзылыстармен, қорқынышпен, әлеуметтік мәселелермен байланысты дамиды. Қоғамда семіздікке ұшыраған адам түрлі дәрежедегі дискриминацияға тап болады, әсіресе бұл жасөспірімдерге қатысты. Науқастың өзін-өзі бағалауы төмендеп, әлеуметтік және жеке дамудың арасындағы табиғи тепе-теңдік бұзылады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет