Онкологиялық патологияның жоғарғы даму қаупі (әйел адамдарда сүт безі мен эндометридің қатерлі ісіктері, ер адамдарда тоқ ішектің қатерлі ісіктері).
Диагностикасы 1.Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ), саниметрлік лента арқылы бел мен бөксе айналымын өлшеу, олардың арақатынасын анықтау. ДМИ есептеу кезінде дене массасы кидограммен, бойы метрмен, өлшем бірлігі шаршы метрмен (кг/м2) өлшенеді (кесте 11.3).
11.3 кесте.Дене массасының индексін бағалау (ДДСҰ, 1997)
Бел айналымын (БА) өлшеу қабырғаасты мен жамбас сүйектерінің ортасынла ортаңғы қолтық сызығының бойымен өлшенеді. Қалыпты жағдайда БА әйел адамдарда 80 см артық емес, ал ер адамдарда — 94 см болуы тиіс. Бөксе айналымы (БА) сан сүйегінің басы бойымен өлшенеді. Семіздік абдоминальді болып егер БА/БА арақатынасы әйел адамдарда 0,85-тен ер адамдарда 1,0-ден жоғары болғанда саналады.