Эндокринология



бет34/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Пангипопитуитаризм — аденогипофиздің барлық гормонадарының тапшылығы және жиі кездесетін парциальды гипопитуитаризм деп екіге бөледі.


Этиологиясы

  1. Тропты гормондар өндірілуінің жоғалуымен сипатталатын гипофиз деструкциясына әкелетін гипофиз ісіктері.

  2. Гипофиз маңы ісіктері (краниофарингиома, менингиома, түрлі ісіктердің метастазы және т.б.).

  3. Гипоталамус-гипофиз аймағына жаслған операциялық араласулар, гипофиздің сәулеленуі.

  4. Гипофиз апоплексиясы (септико-эмболиялық немесе ишемиялық

инфаркт) немесе Шиен-Симмондс (ШСС) синдромы. Классикалық ШСС сепсис, тромбоэмболия, массивті қан кетумен асқынған босанудан кейінгі әйелдерде суреттелген болатын. Жүктілік кезінде гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипертрофиясы, босанудан кейін оның инволюциясымен алмасуы есебінен, гипофизде қанайналым бұзылып, ангиоспазм дамып, гипоксия мен некроздың дамуына әкеледі. Соңғы жылдары сирек кездеседі. ШСС секілді синдром басқа генезді қан кетулер кезінде де суреттелген, соның ішінде ер адамдар да анықталған.

  1. Инфильтративті аурулар (саркоидоз, лимфоцитарлы гипофизит, гемохроматоз, гистиоцитоз).

  2. Ауыр бассүйек-ми жарақаттары

  3. «Бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді қараңыз). Гиперпролактинемиямен ұштасқан жеңіл дәрежелі парциальды гипопитуитаризм науқастардың 10%-да ғана анықталады.

  4. Туа біткен және жүре пайда болған синдромдар:

—өсу гормоны мен тропты гормондардың тұқым қуалайтын тапшылығы (өсу гормоны, Pit-1 және Prop-1 гендерінің мутациясы);
—гипоталамус-гипофиз жүйесінің даму ақаулары (голопрозэнцефалия, септооптикалық дисплазия, туа біткен гипофиз аплазиясы мен гипоплазиясы және т.б.);
—гипофиздің тропты гормондары мен өсу гормонының идиопатиялық тапшылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет