Эндокринология



бет212/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   285
Клиникалық көрінісі
Басты екі симптомдар тобын ажыратады: адренергиялық - симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі және бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуімен байланысты; нейрогликопениялық- басты энергетикалық субстраттың тапшылығы көрінісінде орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты. Адренергиялық симптомдарға жатады: тахикардия, мидриаз; мазасыздық, ашушаңдық; қалтырау, суық тер, парестезия; лоқсу, қатты ашығу, гиперсаливация; диарея, жиі кіші дәретке бару. Нейрогликопениялық симптомдар: астения, концентрацияның бұзылуы, бастың ауруы, қорқыныш сезімі, естің бұзылуы, дезориентация, әрекеттің бұзылуы, естің ауытқуы, құрысулар, өтпелі салдану, кома. Симптомдардың даму реттілігі мен олардың көрініс беру айқындылығы гипогликемияның ауырлығына тәуелді болмауы да мүмкін. Тек адренергиялық немесе нейрогликопениялық симптомдар көрініс беруі мүмкін. Бірақ, бірқатар жағдайларда нормогликемияның қалпына келуіне және емнің жүргізіліп жатуына қарамастан, кейбір науқастар бірнеше сағаттар немесе тәуліктер бойы ступор және коматозды жағдайда болады. Ұзақ гипогликемия немесе оның жиі эпизодтары ОЖЖ-де қайтымсыз өзгерістердің дамуына жол ашады (улкен ми қытыстарында), ол тұрақты ақыл кемістігіне әкелетін делирий мен галлюцинаторлы-параноидты эпизодтардан эпилепсия ұстамалары секілді көрініс беруі мүмкін.
Гипергликемияны науқастар субъективті түрде жеңіл гипогликемияға қарағанда жақсы көтереді. Сондықтан көптеген науқастар қорқыныш сезімінен гликемияны жоғары деңгейде ұстағанды жөн көреді, бірақ бұл сырқаттың декомпенсация жағдайына сай келетінін естен шығармаған дұрыс. Осы стереотипті бұзу дәрігерлер мен оқытатындар үшін айтарлықтай қиындықтар тудырады.


Диагностикасы
ҚД-мен сырқаттанған науқаста гипогликемияның клиникалық көрінісі мен қан құрамында глюкозаның төмен деңгейін зертханалық әдіспен анықтау (әдетте, глюкометр көмегімен).


Салыстырмалы диагностикасы
Естен тануға әкелетін басқа да себептермен. Егер ҚД-мен сырқаттанған науқастың естен тану себебі белгісіз болып, гликемия деңгейін экспресс-талдау арқылы анықтау мүмкін болмаса, науқасқа глюкоза енгізу тағайындалады. Кейде, ҚД-мен сырқаттанған науқастарда жиі гипогликемияның туындау себебін анықтау керек болады. Жиі бұл адекватты емес қант деңгейін түсіретін препараттарды қабылдаудан немесе өз сырқаты жөнінде науқас білімінің таяздығынан дамиды. Қант деңгейін түсіретін терапияға қажеттілікті төмендетуден, тіпті оны толығымен тоқтатуға әкелетін («жоғалған ҚД») бірқатар аурулардың бар екенін естен шығармаған дұрыс: бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер.


Емі
Жеңіл гипогликемияны емдеу үшін науқас өзі құрамында 1–2 нан бірлігі бар көмірсуды (10–20 г глюкоза) қабылдаса жеткілікті. Осындай глюкоза мөлшері 200 мл тәтті жеміс шырындарында да бар. Шырындар гипогликемияны тез басады, себебі сұйық күйде глюкоза тезірек сіңеді. Егер көмірсуларды қабылдауға қарамастан симптоматика өршей берсе, глюкозаны көктамырға, ал глюкагонды бұлшықетке енгізу қажет. Естен танумен сипатталатын ауыр гликемияда осылай емделеді. Бұл кезде науқасқа көктамыр ішіне шамамен 50 мл 40 % ерітіндісін салады. Глюкоза енгізуді ұстама басылып, гликемия деңгейі қалыптасқанға дейін жалғастырады, әдетте оның мөлшері көп жағдайда 100 мл-ден аспайды. Глюкагон (зауыттан шприцке толы дайын күйінде шығарылады) бұлшықетке немесе тері астына енгізіледі. Оны енгізгеннен бірнеше минуттан кейін, глюкагонның гликогенолизді қалыптастыруын индукциялау қасиетіне байланысты гликемия деңгейі қалпына келеді. Бірақ, инсулин деңгейі қанда өте жоғары болғанда, глюкагон әсерсіз. Глюкагонның ағзадан жартылай шығару уақыты инсулинмен салыстырғанда қысқа. Алкоголизм және бауыр аурулары кезінде гликоген синтезі бұзылады, сондықтан глюкагонды енгізу әсерсіз болуы мүмкін. Глюкагон енгізудің жанама әсері аспирация қаупін жоғарылататын құсу болуы мүмкін. Науқастардың жақындары да глюкагон енгізу техникасын меңгергені дұрыс.


Болжамы
Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісінде жеңіл гипогликемияның көрініс беруі қауіпсіз. Жиі дамитын гипогликемия ҚД нашар компенсациясының айғағы; мұндай науқастарда тәуліктің басқа уақыттарынада айқын гипергликемия мен гликирленген гемоглобиннің жоғары мөлшеі анықталады. ҚД кеш асқынулары егде науқастарда миокард инфаркті, инсульт, қасаң қабыққа қан құйылу секілді қантамырлық асқынуларды үстемелеуі мүмкін. Адекватты емдеу барысында есі тез қайта орнына келген, ұзақтығы 30 мин созылған гипогликемия ешқандай асқынулар мен қалдықты көріністерге ие болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет