-Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4-6 бөлмелі үйлермен қатар 1-2 бөлмелі жеркепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған.
Шаруашылығы
-Жылқы тек күш көлігі ғана емес, сонымен қатар мініс көлігі ретінде қолданыла бастады. Салт атқа мінуді меңгерген. Степняк, Айдабол, Тастыбұлақ қоныстарынан айыл, жүген, тартпа сияқты ат әбзелдері табылған.
-Орталық және Батыс Қазақстанда түйе өсірген.Ақсу-аюлыдан ботаның сүйегі, Алексеев қонысынан түйе сүйектері табылды.
Егіншілікте қола және мыс орақтар кеңінен пайдаланылды.
-Бұл уақытта Қазақстан даласында көшпелі мал шаруашылығының алғашқы белгілері пайда бола бастады.
Діни наным-сенімі
-Табиғат күштеріне табынған.
-Күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю сияқты жыртқыш аңдарды қастерлеп, оларға табыну ғұрыптары қалыптасқан. Олардың тастан қашалған бейнесі Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай т.б. зират, қоныстар маңында кездескен.
-Бақташылықтың дамуымен ай мен жұлдызға табыну шықты.