Энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



бет11/11
Дата02.11.2023
өлшемі94,21 Kb.
#121434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЭНЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ

Мало-Красноярка

Батыс Қазақстан

Алексеев

Тастыбұлақ

-Құдық орындары табылды.

Арал маңы

Түгіскен

-Күйдірілмеген кірпіштен салынған.
-Қоладан жасалған құралдар, қарулар, алтын әшекейлер табылған.
-Соңғы қола дәуіріне жатады.

Көкшетау

Шағалалы

-Қола шалғы табылды.
-Құдық орындары табылды.



ПЕТРОГЛИФТЕР

Қазақстан жеріндегі жартастағы бейнелер табылған жерлер

  • Қаратаудан- Арпаөзен, Сауысқандық;

  • Шу-Іле тауларынан- Хантау, Құлжабасы, Таңбалы;

  • Жоңғар Алатауынан-Ешкіөлмес, Баянжүрек;

  • Тарбағатай тауларынан- Шимайлы, Ақжал, Ақжайлау,Оралбай, Мүрсәлім петроглифтері табылған.

-Суреттер қашау,қыру, безеу, түртпелеу әдістерімен салынған. Жартастағы суреттердің ең көнесі Құлжабасыдан табылған.

Петроглифтерді бөлу

-Жартастағы суреттер салынған уақытына қарай 7 кезеңге бөлінеді:

  • Архаикалық- ерте және орта қола дәуірі;

  • Кейінгі қола дәуірі;

  • Ерте темір дәуірі- сақ кезеңі;

  • Ерте көшпелілер – ғұн кезеңі;

  • Ортағасырлық кезең;

Этнографиялық кезең- кейінгі көшпелілер.

Құлжабасы петроглифтері

-Іле-Шу таулары жартастарына 2000 жыл бойы салынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Құлжабасы тауында орналасқан.
-2012 жылы Ә.Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу тобы тапқан.
-Жартас суреттерінің саны 4000-нан асады.Бұл суреттер қола дәуірінен бастап ерте темір дәуірі, сақ тайпалары кезеңдерін қамтиды.
-Қола дәуіріне жатындары:

  • Ерте қола дәуіріне- жабайы бұқа, қасқыр маскасын киген адам, аңшылық хикаялары;

  • Орта қола дәуіріне- түйелер мен арбалар;

  • Кейінгі қола дәуіріне- көлемі кішірек жан-жануарлар бейнелері жатады.

-Темір дәуіріне- қару ұстаған жауынгерлер, әйел, бала бейнелері салынған суреттер жатады.

Ешкіөлмес петроглифтері

-Жоңғар тау шатқалдарының солтүстік-батыс бөліктеріндегі жартастарға салынған. Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан.
-Суреттер саны 10 000-нан асады.

Арпаөзен петроглифтері

-Қаратаудың Келіншектау жотасында орналасқан. Түркістан облысы Созақ ауданы жерінде орналасқан.
-Ескерткіш б.з.б. 1-2 мыңжылдыққа, қола және ерте темір дәуіріне жатады.
-Суреттер саны 3,5 мынан асады.
-Қос атты жауынгерлік арбалар қазақ жерінде өмір сүрген үнді-арийліктердің мифтік және діни-әдет ғұрыптары, олардың көшіп қону үдерістерінен мәлімет береді.
-Темір дәуірінде салынған қос аяқты ат,өгіз және түйе жеккен соғыс арбалары мен шаруашылық арбаларының суреттері кездеседі.

Баянжүрек петроглифтері

-Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қаратау сілемінде сақталған. Алматы облысы Ақсу ауданында орналасқан.
-Суреттерде қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі тайпалар мен халықтардың тұрмыс-тіршілігі баяндалады.
-Сақ стилімен салынған бейнелер, ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер, көне түркі дәуірінің салт атты сарбаздар бейнесі салынған.

Таңбалы немесе Тамғалы петроглифтері

-Жетісудың ең көне, маңызды ескерткіштерінің бірі.
-1957 жылы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары белгілі археолог К.Ақышевтің жетекшілігімен ашқан.
-Таңбалы шатқалында 5 мыңдай сурет салынған. Орта қола, кейінгі қола, ерте темір (сақ, үйсін), орта ғасырлар (ертедегі түркілер), жаңа заман дәуірлерінде қашалған.
-Жауынгерлер, арбалар, жануарлар және Күн басты бейнелер салынған. Күн басты мифологиялық адам мәңгіліктің символы саналған. Олар Көк тәңірмен байланысты күнге табынуды сипаттайды.
-2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет