Энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері


Ғалым Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша



бет4/11
Дата02.11.2023
өлшемі94,21 Kb.
#121434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғалым Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша

- Көне заманда:

  • Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған.

  • Шығыс Қазақстанда Нарын мен Қалба кен орнында 1100 тонна қалайы өңдеген.



ҚОЛА ДӘУІРІ КЕЗЕҢДЕРІ

-Қазақстан аумағындағы ең жақсы зерттелген аймақ Орталық Қазақстан жері болып табылады.
-Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірі үш кезеңге бөлінеді.

Атауы

мерзімі

ерекшеліктері



Нұра кезеңі



ерте қола
Б.з.б.ХVІІІ-ХVІ ғ.ғ

-Толық зерттелмеген, бейіт құрылыстарының материалдары бойынша мәлім жерлеу орындары дөңгелек, төртбұрыш. Жерлеу орындары кішігірім. Жалпақ тастар қолданылған.
-Мәйітті өртеп (кремация) жерлеу ғұрпы тән . Өлік молаға жақын жерде өртеліп, күлі қабірге қойылған.
-Жерлеу орны циста-тас сандық.
-Нұра қыш ыдыстары- иіні дөңгелек . мойынынан бүйіріне дейін өрнек.



Андрон мәдениеті





Атасу кезеңі



орта қола
Б.з.б. ХVІ-ХІІ ғ.ғ

-Өлген адамны денесін сол күйінде жерлеу ғұрпы болды
-Жерлеу орындары дөңгелек, төртбұрыш.
-Қабірлер үлкен қақпа тастармен салынған, циста жоқ . Екі адамды қосып жерлеу кездеседі. Айшуақ қорымында 6 адам қатар жерленген.
-Патриархалдық отбасылық зираттар пайда болды. Аруақтарға құлшылық ету дәстүрі пайда болды.
-Теселі егіншілік пен мал шаруашылығы дамуымен ерекшеленеді
- Қыш ыдыстары- мойынынан бүйіріне өтер жері тік. Мойнына бүйіріне, кейде түбіне бөлек өрнектер салынды.



Беғазы-Дәндібай мәдениеті



кейінгі қола
Б.з.б. ХІІ- VІІІ ғ.ғ.

-Бұл кезеңге Қарағандыға жақын Дәндібай ауылынан және Солтүстік Балқаш тұсындағы Беғазы сайынан табылған ескерткіштер жүйесі кіреді.
-Бұл андрон мәдениетінен сақ тайпаларының мәдениетіне көшу кезеңі.
-Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы.
-Басты ерекшеліктерінің бірі-жеке меншіктің шығуы.
- Қыш ыдыстар-бүйірі шығыңқы(шар таріздес) тұрқы қысқа, түбі тегіс. Бұл мәдениетке жататын құмырадағы өрнектер түрі -тарақ жүзді және үздік сызықты үшбұрышты өрнектер.
-Орталық Қазақстан, Қарағандыда таралған.



АНДРОН МӘДЕНИЕТІ

Табылған жері, уақыты

-1914 жылы археолог А.Я.Тугаринов Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан бұл мәдениеттің алғашқы ескерткішін тапты. Сондықтан Андрон мәдениеті деп аталды.
-1927 жылы археолог М.П.Грязнов Батыс Қазақстаннан тапты.

Аумағы

Батысы – Жайық өзені;
Шығысы- Енесей өзені;
Солтүстігі-Батыс Сібір ормандары;
Оңтүстігі-Памир таулары.

Ежелгі қала

-Арқайым- Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында 1987 жылы табылған.

Ескерткіштер саны

-Орталық Қазақстаннан 30 қоныс, 150 оба.
-Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса қоныс.

Баспаналары

-Жартылай жертөле және жер бетіне салынған үйлер.
-Тастан ошақ орнатылған.
-Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған.
-Андрондықтардың дөңгелек баспаналары қазақтың киіз үйлеріне ұқсайды .

Қоғамдық құрылысы

-Рулық-тайпалық құрылым болды.
-Соғыспен байыған қолбасшылар шықты. Қоғамның негізгі тобы- жауынгерлер.
-Ер адам еңбегінің маңызы арта түсті. Бұл құбылыс аталық әулетті (руды) толық орнықтырды.
-Абыздар-рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадағалайтын дінбасылар. Оларды моласынан шыққан ағаш табақ және ерекше баскиімдерінен ажыратқан.
-Қоғамның негізгі бөлігін малшылар мен егіншілер құрады.
-Қола дәуірінде алғашқы қалаптаса бастаған ру-тайпалық бірлестік-Арийлер

  • Арийлер тайпасының қонысы әдетте 6-10-нан 20-50 –ге дейінгі үйлерден тұрды. Тұрғын үйдің аумағы 100-ден 300-400 шаршы метрге жеткен.



Халқының антропологиялық сипаты

-Андрондық тайпалар Орталық Қазақстанда көп қоныстанған.
-Зерттеген антропологтар: М.Герасимов, В.Алексеев.
-Андрондықтар дене құрылысы жағынан еуропеоидтарға ұқсаған.
-Сырт бейнесін академик В.П.Алексеев былай сипаттайды: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым. Жігерлі, келбетті адамдар болған».
-Антрополог М.М.ГерасимовҚостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегін қалпына келтіріп бет-пішінін жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет