-1946 жылы Ә.Х.Марғұланжоспарлы зерттейтін археологиялық экспедицияны ұйымдастырды.
-Ә. Марғұлан Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы-Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген.
Таралу аумағы
-Ұлытаутауынан Абыралы, Шыңғыс тауларына дейін созылып жатыр.
-Оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бойы мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығын қамтиды.
Тұрғындары
-Алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Оларды беделді рубасылар басқарған.
-Қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси-әкімшілік орталығы, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері болған.
Ерекшелігі
- Үйлер мен жерлеу орындарының құрылысы өте ірі, тас өңдеу архитектурасының дамығандығымен, тас қашау өнерінің жетілгенімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір бірімен балшықпен байланыстырып, ірі тастарды қалаған . Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс қаратылған
-Жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. -Жоғары лауазымды билеушілерге арнап қақпақ тастардан зәулім кесенелер тұрғызған.
-Андрон мәдениетінен ерекшелігі –Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсаққиыршықтастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпатастармен бекітілген.
-Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, Айдарлы қорымдарындағы кесенелерәлеуметтік сатыда жоғары тұрған көсемдерге салынған.
Қоғамдық құрылысы
-Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулық қауым ыдырап, жеке отбасылық шаруашылықтар бөлініп шықты.
-Рулық, ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік келді. Жеке меншіктің шығуы әлеуметтік теңсіздікті тудырды.