ӘОЖ 371.31
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
1Абдубаева Э.Б.*, 2Китапбаева А.А., 3Багимбаева З.Б.
Ғылыми жетекші: Китапбаева А.А., қауымдастырылған профессор, доцент
1Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан
e-mail: bagimbayevaz@mail.ru
Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті мәселе екендігі 1991 жылы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасында көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 89-шы бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағын қамтамасыз етуге арналады.
Мектеп практикасында биологияны оқытуда білім алушылардың экологиялық құндылықтарын қалыптастыру әдістемесін қолданудың негізгі мақсаты: экологиялық құндылықтар жүйесін қалыптастыру әдістемесін ғылыми негіздеу және әзірлеу, экологиялық қүндылықтар ұғымы адамның құндылықтарының жалпы жүйесінің құрылымы ретінде нақтыланды, ол «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі қатынастардың идеалды жағдайының жеке бейнесін сипаттайтын және экологиялық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылуы, экологиялық құндылықтардың қалыптасу процесінің әдістемесін жасау, олардың бойында әлемнің тұтас суретін қалыптастыру және оқушылардың қоғам мен табиғатпен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін ұтымды-ғылыми таным мен эмоциялық-құндылық ұғынуының бірлігі болып табылады.
Міндеттері:
Экологиялық құндылықтар ұғымы мәнінің әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық негіздерін анықтау.
Жоғары сынып оқушыларында экологиялық құндылықтардың қалыптасуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.
Биология курсын оқу кезінде оқушылардың экологиялық құндылықтар жүйесін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін экспериментальды түрде дәлелдеу.
Өзектілігі: Жеке тұлғаның экологиялық қүндылықтарын қалыптастырудағы қоғамның объективті қажеттілігі мен оны оқыту тәжірибесінде іске асыру; білім беру мазмұнына (биологиялық және экологиялық) құндылық компонентін енгізу мен мектеп биология курсында құндылықтардың иерархиялық ғылыми негізделген жүйесін жасау; жалпы білім беретін мектептің экологиялық құндылықтарды қалыптастырудың тұтас әдістемесінің қажеттілігі және оның биологияны оқыту теориясы мен практикасында жеткіліксіз болуы. Педагогтардың биологияны оқытуда экологиялық құндылықтардың қалыптасу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін шешу, экологиялық құндылықтарды қалыптастыру әдістемесін жасауға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Биология сабақтарында, экологиялық оқыту барысында, бейорганикалық және органикалық дүниенің байланысы, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері, оның негізінде ғылым және техниканың әсері, табиғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттардың тірі ағзаға тигізер зиянды әсері, сол зиянды болдырмау жолдары, салауатты өмір сүру жолдары мен құндылықтары оқытылады. Биологияны оқытуда, білім алушыларға экологиялық тәрбие беру келесі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады:
жоғары сыныптарда, биология сабақтарында экологиялық мазмұны бар есептер шығару;
практикалық жұмыстарда, өндірістік сипаты бар тақырыптарды оқытқанда;
биология сабақтарында, экологияға байланысты сұрақтарды міндетті түрде қою арқылы;
Қазақстан табиғатын тиімді пайдалау жолдарын түсіндіріп, осы орайда әр тармақта келесідей бағалауды түсіндіруді жүргізу:
адам денсаулығын, қоғамдық құндылық ретінде бағалануын түсіндіру;
өсімдіктерді қоршаған ортаның құндылығы ретінде бағалануын түсіндіру;
өсімдіктердің қоршаған ортаның жағдайын жақсартудағы рөлін бағалау;
Ластану масштабтарын анықтай алу және осы үрдістердің табиғатқа және адамға тигізетін зардаптарын болжай алу. Осы мақсатқа жету, экологиялық мәдениеттің және табиғатты қорғау іс-әрекетінде танымдық ықыластарының қалыптасуына ықпал етеді. Білім алушылар, дүнитану, биология, жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін кеңінен пайдалану керек. Биосфераның біртұтастылығы, ғаламшардың тірі және өлі заттарының өзара байланысы ұғымдарының мәндерін ашу маңызды.
Мектеп оқущыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері тек мектепте ғана шешілмейді. Ол, сонымен қатар, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар кезінде де іске асады. Оқу мен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл жұмыстар жеке, не бомаса, топ құрылып ұйымдастырылады.
Жалпы биологияны оқытуда, экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, қоршаған орта экологиясынан басталып, оның себебі мен шешу жолдары қарастырылады: ауаның бұзылуы, судың азаюы, шөптің өспеуі, ауаның құрғақ болуы, күннің ыстығы мен қыс айларының қаталдығы, осының барлығының адам денсаулығына кері әсер беретіндігі; газ өндеу зауыты мұнараларынан шыққан иісті газ ауаның мұнай шығатын ұңғылардан төгілген мұнай жерді де, ауаны да бүлдіруі; қала қасындағы жиналған қоқыс, сасық суларға шыбын не маса т.б. бунақденелілер көбейіп, әр-түрлі ауруларды таратады.
Білім алушыларды мектеп жасынан, биологиялық пәндерді оқыта отырып, экологиялық құндылықтарды қалыптастыру жолдарын қарастыру әдістері маңызды. Қазіргі кезде, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылғандықтан, экологиялық білім өте қажет. Экологиялық құндылықты қалыптастырудың мақсаты, экология туралы және қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Осы орайда табиғаттың үш заңын білу маңызды: тазалық заңы, мол қазыналық заңы, көркемдік, сұлулық заңы.
Адам, табиғат және қоғам арасындағы қарым-қатынас мәселесі адамзат дамуының барлық кезеңдерінде болды, бірақ үшінші мыңжылдықтың қарсаңында ерекше айқындыққа жетті. Экологиялық дағдарыстың шынайы себептерін талдау негізгі қарама-қайшылық адам мен табиғат арасындағы емес, табиғаттағы мәдениет пен іс-әрекет арасындағы байланыста. Сондықтан бүгінгі күннің негізгі міндеті, бүкіл ел халқының, ең алдымен біздің балаларымыздың экологиялық сауаттылығына қол жеткізу. Ол үшін, мектеп биология оқытылуында экологиялық білім беру идеясын жүзеге асыру әр оқушының жеке тәжірибесіне сүйене отырып, бұл мәселені түсінуін қалыптастыруды білдіреді. Қазіргі даму кезеңінде оқу процесін жандандыру мәселесін оқушының жеке позициясын ескерусіз қарастыруға болмайды. Оқушының экологиялық құзіреттілігі, бұл жеке тұлғаның интегративті сапасы, оның "адам – қоғам - табиғат" жүйесінде игерілген экологиялық білімге, дағдыларға, сенімдерге, мотивтерге, құндылық идеяларына, экологиялық маңызды жеке қасиеттерге және экологиялық іс-әрекеттің практикалық тәжірибесіне сәйкес өзара әрекеттесу қабілетін анықтайды. Оның екі бағыты бар:
Теориялық бағыт: "Биология", "Химия", "География" пәндерін оқу барысында экологиялық сананы қалыптастыру; жобаларды, рефераттарды, баяндамаларды, хабарламаларды, зерттеу қызметін орындау барысында оқушылардың өздігінен білім алуы.
Практикалық бағыт: бұл негізгі экологиялық біліктер мен дағдыларды, практикалық экологиялық қызмет тәжірибесін қалыптастыру; табиғаттағы мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау біліктері мен дағдыларын дарыту.
Оқушылардың экологиялық құзіреттіліктерін қалыптастыру процесінде келесі ұйымдастырушылық формалар қолданылады:
бұқаралық (конференциялар, олимпиадалар, көрмелер, тақырыптық апталар);
топтық (сабақтың әр түрлі формалары, презентациялар, практикалық сабақтар, ойындар, экскурсиялар);
жеке (консультациялар, әңгімелер). Оқушылардың экологиялық құзіреттілігін қалыптастыру бойынша жұмыста бірнеше кезеңдерді бөлуге болады:
1 кезең - "білуге үйрену". Бұл экологиялық білім мен дағдыларды қалыптастыру кезеңі. Ол мектеп биология, экология, география, химия курстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Жоғары сыныптарда экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру білім алушылар қызметінің әртүрлі нысандары: олимпиадаларға дайындық бойынша дарынды оқушылармен топтық, жеке сабақтар арқылы іске асырылады.
2 кезең - "жасауды үйрену". Бұл өз шығармашылық өнімдерімізді жасау, экологиялық жобаларды жүзеге асыру кезеңі. Ол білім алушылармен жеке жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, осы кезеңде "Ағынды суларды тазарту моделі" және "топырақ тіршілік ету ортасы ретінде" жобалар орындалды.
3 кезең - "өмір сүруді үйрену". Бұл кезеңде экологиялық акцияларға белсенді қатысу маңызды, мысалы," жасыл қолдар"," эко сөмкелер", "қағаз бумы". Бұл белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастырады, өз аймағының өмір проблемаларына бей - жай қарамайтын адамдарды тәрбиелейді.
4 кезең - "таңдап үйрену". Оқушылармен бірлескен іс-әрекеттің нәтижесі муниципалды және аймақтық деңгейдегі олимпиадалардағы жүйелі жеңістер болып табылады. Бұл кезеңде экологиялық құзіреттіліктің қалыптасуы аяқталады, оның барысында студент өмір жолын таңдайды және болашақта экологиялық қызмет процесінде өзін-өзі жүзеге асырады.
Жалпы, биология бойынша білім беру процесінде экологиялық құндылықтарды игеруді өзектендіру мақсатында оқу материалы мен оқу процесінің мазмұнын мақсатты жоспарлауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-пәндік жұмыстар әр-сыныпқа өзгешіліктермен жүргізіледі.
Мысалға, 6-шы сынып оқушылары үшін жүйеде "өсімдіктердің экологиялық топтарының сипаттамасы" тақырыбында сабақ өткізіледі. Ол "экологиялық факторлар" ұғымын және олардың түрлерін енгізеді, жарық, жылу, су сияқты жансыз табиғаттың әртүрлі факторларына қатысты өсімдіктер топтарының атауын зерттейді және өсімдіктердің тиісті мысалдарын қарастырады. 7-ші сынып оқушылары мен 10-шы сынып оқушылары Қазақстандық "қалдықтардан Бостандық" экологиялық сабағын дайындайды, онда оныншы сынып оқушылары эколидер ретінде әрекет етеді. Сабақтың мақсаты - оқушылардың қалдықтарға, деген жауапты көзқарасын дамыту және күнделікті өмірде қалдықтар мәселесін шешу үшін, практикалық қадамдар жасауға ынталандыру. Сабақ барысында "табиғи ресурстар" және "заттардың өмірлік циклі" ұғымдары ашылып, балалар заттардың өмірлік циклінің бес кезеңінің әрқайсысымен танысады. Оқушыларға қалдықтар мәселесін шешудің негізгі тәсілдерінің бірі ретінде қайта өңдеу туралы есеп беріледі, содан кейін жетінші сынып оқушылары қалдықтарды қайта өңдеудің өз нұсқаларын ұсынады. Сабақтың нәтижесі, оқушылардың экологиялық акцияларға қатысуға деген ынтасы, ал үй тапсырмасы – экологиялық плакаттар жасау. 7 сыныптар оқушылары үшін " Не? Қайда? Қашан?"сұрақтары арқылы, жануарлар дүниесі экологиясы мәселелері бойынша білімдерін тереңдету болып табылатын ойындар ойнатылып, жануарлар экологиясы бойынша жұмыстар атқарылады. 10 сынып оқушылары үшін экологиялық мәселелерді шешу бойынша сабақ-конференция және практикалық жұмыс өтеді. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген қызығушылығын дамыту, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне сендіру, әлемдік экологиялық проблемалар туралы қажетті минималды ақпаратты хабарлау болып табылады. Сәуір-мамыр айларында биология және география апталығы аясында пән мұғалімдері "Менің өлкем" атты экологиялық - өлкетану ойыны түрінде өткізеді. Әзірленген ойынды таза ауада мектеп ауласында, кез - келген қалалық саябақта, ауа - райы қолайсыз болған жағдайда мектеп ғимаратында өткізу ұсынылады. Ол ойынды ұйымдастыру үшін саны 5 - тен 10 адамға дейін ерікті оқушылар тартылады. Қатысушылардың қызметін жеке де, топтарда да ұйымдастыруға болады. Ойынға кез-келген жастағы оқушылармен ересектер қатыса алады. Бәсекелестік рухты қалыптастыру үшін әр қатысушы немесе команда маршруттың өтуі мен жинақталған ұпайларды тіркейтін маршрут парағын алады. Қатысушылардың физикалық белсенділігін дамыту мақсатында теориялық тапсырмалардан басқа ашық ойындар өткізіледі. Сәуір айында, мектепте «Халықаралық құстар» күніне арналған және құстарды қорғауға бағытталған "құстарды қорғайық" шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде сирек кездесетін санаттағы, жойылып кеткен және саны аз түрлердің қызыл кітабындағы құстар, сондай-ақ қалалық флораның өкілдері көрсетіледі. Көрме барысында адам қызметінің қоршаған ортаға әсері қарастырылады.
Экологиялық білімді қалыптастыру үшін маусымдық экскурсиялар ерекше мәнге ие, оның барысында олар нақтыланады, тәжірибе жасалады, осылайша олардың дамуы жүреді.
Табиғат көп нәрсені үйретіп қана қоймай, тәрбиелейді. Табиғатпен жанды қарым-қатынас оқушылардың оны зерттеуге деген қызығушылығын оятады және балалардың эстетикалық және экологиялық тәрбиесіне ықпал етеді. Сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.
Мектептегі экологиялық жұмыс бірқатар функцияларды орындайды, оларды қысқаша келесідей ұсынуға болады:
Білім беру функциясы, балаға табиғатты өзінің тіршілік ету ортасы, эстетикалық құбылыс ретінде түсінуге, сонымен қатар табиғат туралы білімді оны сақтау үшін пайдалану керек, оның тұтастығының қайтымсыз бұзылуын болдырмау керек деген ойды игеруге көмектеседі.
Дамыту функциясы, балаларда экологиялық құбылыстарды түсіну, әлемдегі өсімдіктер мен жануарлардың байланысы мен тәуелділігін қалыптастыру; табиғат жағдайына қатысты қорытынды, жалпылау және қорытынды жасау, онымен ақылға қонымды өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар беру.
Тәрбиелік функция, оқушылардың табиғатқа моральдық және эстетикалық көзқарасын қалыптастыру. Бұл ретте олар тәрбие алып, жауапкершілік сезімін сақтап, әсемдік - табиғатта, - деп айтатын оқушылар өсіп жетіледі. Бұл ретте табиғатқа ұқыпты қарау патриотизмнің көрінісі болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы, табиғатты қорғау бойынша оқушылардың белсенді қызметін ынталандырады. Баланың табиғат қорғау қызметіне деген ынтасын іске асыру жүйесін құрады.
Болжамдық функция, мектеп оқушыларының табиғаттағы адамның белгілі бір әрекеттерінің ықтимал салдарын болжай білу, табиғаттағы биологиялық байланыстардың ықтимал бұзылуын болжау, қандай әрекеттер биологиялық бейтарап екенін, қандай экологиялық шаралар табиғатқа пайдалы болатындығын анықтау қабілетін дамыту.
Мектеп қабырғасында, оқушыларға биологиядан экологиялық құндылықтарды игеруді өзектендіру мақсатында зерттеу, конкурстық, ойын арқылы, нәтижелі оқыту әдістері мен жобаларды қолдану керек.
Экологиялық құндылыққа ие болу процесінде жасөспірімдерде экологиялық мәдениет пен экологиялық құндылықтың негізі ретінде экологиялық ойлау біртіндеп қалыптасады, бұл өз кезегінде зияткерлік және рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақылды, сауатты, экологиялық сауатты және адамгершілігі жоғары адам экологиялық дағдарыстың жаһандық сипатын түсініп, бағалай алады және табиғаттағы және басқа адамдардың мінез-құлқындағы жауапкершілікті өз мойнына алады.
Әдебиеттер тізімі
Моисеев Н.И. Экология и образование. — М.: ЮНИСАП, 1996. - 191 с.
Дерябо С.Д., Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. -Ростов н/Д.: Феникс, 1996. - 480 с.
Бейсенова Ə.С. Экология: Оқулық. — Алматы: Ғылым, 2001.-23-б.
Зверев И.Д. Экологическое образование школьников.- М.: Педагогика, 1983. — 160 с.
Шалгымбаев С.Т., Ефремов С.В. Тенденция экологического образования. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2004. -160с.
Достарыңызбен бөлісу: |