Әож 371. 486 Қолжазба құқында Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы



бет1/14
Дата20.05.2022
өлшемі271,5 Kb.
#35143
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Tusipbaeva M B


ӘОЖ 371.486 Қолжазба құқында
Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы

Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары


(XVІІІ-ХІХ ғғ.)
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


авторефераты

Қазақстан Республикасы


Қарағанды, 2009
Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,


профессор Халитова І.Р.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Нұрғалиева Ә.Қ.

педагогика ғылымдарының


кандидаты Божиг Ж.
Жетекші ұйым: І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті
Диссертация 2009 жылы «___» ___________ сағ._____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас корпус, №1 кеңейтілген дәрісхана).

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2009 жылы «____»______________ таратылды.

Біріккен диссертациялық


Кеңестің ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов
Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғам дамып, үнемі жаңа сипатқа көшкен сайын адамдардың әр нәрсеге көзқарастары да өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл көркемдік-эстетикалық талғам, құндылық, мұрат, адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат, сүйіспеншілік, табиғатқа, адамдық қасиеттерге деген мәміленің де жаңғырып отыруына себеп болуда. Эстетика және оның адам өміріндегі маңызы мен психологиялық мәні, тәлім-тәрбиедегі алатын орны әрқашан ғалымдар арасында пікірталастар туғызып келген және үнемі мемлекетіміздің, оның басшысының назарында болып келеді.
Жастардың сұлулық тәрбиесіне қазақтың халық педагогикасында ерекше мән берілген. Ежелгі жазба ескерткіштерден («Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама») сөз өнерінің көркемдік сезім тәрбиесіндегі мәніне ерекше көңіл бөлінгенін көреміз. Сонымен қатар, қазақ топырағында туып-өскен Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Йүгнеки, Ахмед Яссауи, т.б. ғұлама ғалымдардың еңбектерінен де эстетикалық тәрбие идеяларын кездестіреміз. Олардың жалғасы ретінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының мұраларында эстетикалық тәрбие идеяларының болуы заңды құбылыс.
Кез келген өнер туындысы қазір адамдардың көркем сезімдерін оятуға емес, бизнес көзі ретінде сатылуына, кіріc әкелуіне қарай бағаланатын болып отыр. Осының өзі эстетикалық талғам мен құндылықтардың дағдарысқа ұшырауының басты себептерінің бірі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары белгілі әлеуметтанушы П.А. Сорокин «Өнердің «абсолютті құндылықтар патшалығынан өндіріс тауарлары деңгейіне дейін төмендегенін, кофе, дәрі-дәрмек, бензин, сағыз және сол секілділердің жарнамаларының қосымшасына айналғанын» айтқан болатын. Осы іспетті көпшілік мәдениетпен қатар, жастар арасында өзінше субмәдениет пайда болып отырғанын да көріп отырмыз. Жастардың эстетикалық талғамы мен құндылықтары, ішкі жан дүниесі көп жағдайда көркем сезімге, жоғары эстетикалық санаға ұмтылмай, жеңіл-желпі көзқарастан: киім-бұйымға қызығу, мінез-құлық пен қарым-қатынастағы дөрекілік, сыртқы пішін-бейнесінен, жеңіл музыкаға қызығуынан, “селкілдеп” босқа уақыт өткізу сияқты өмір салтынан байқалады. Мұндай келеңсіздіктерді жастар арасында азайтып, дұрыс жолға салудың басты мекені – тәлім-тәрбие мекемелері және ондағы мақсатты ұйымдастырылған эстетикалық тәрбие жұмыстары. Бүгінгі күні эстетикалық тәрбие жастар өмірінің барлық салаларынан мықтап орын алуы тиіс. Олай болмаған күнде бұрыннан келе жатқан бар дәстүрімізден айрылып қалу, шетелдік ойсыз, пайдасыз, тіпті ұлттық сипатымыз бен адамзаттық болмысымызға қарсы көріністердің жетегінде кету қаупі бар. Бұл кең мағынада алғанда ұлттық қасиеттердің әлсіреп, күйреуіне, ал жеке тұлғалық тұрғыдан алғанда «мәңгүрттік», «ойсыздық» секілді дерттердің жастар арасында таралуына алып келеріне көз жеткізіп жүрміз.
Эстетиканың басты құралдарының бірі – әдебиет туындылары. Олар адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырады. Қазіргі кезде орта, жоғары оқу орындарындағы және басқа да оқу-тәрбие мекемелеріндегі эстетикалық тәрбие балалар мен жастардың рухани әлемін байытудың басты әрі өте қуатты құралы болуы керек. Өйткені, біздің қоғамда бұрын болып көрмеген сипаттағы сана және сезім күресі орын алуда. Олар шетелдерден келіп жатқан, бір қарағанда «керемет», «ғажайып», «таңқаларлық» болып көрінетін, бірақ адамның бойындағы көркем сезімдер мен ізгі ниеттерді емес, керісінше, жыртқыштық, хайуандық жасырын күштерге қозғау салып оятатын, тіпті кейде еліктетіп әкететін «өнер туындыларына» көбірек еліктеуде. Себебі ол туындыларды қазіргі заманғы техника құралдары мен материалдарын пайдаланып, адамды тартып әкететін тәсілдерді қолданып, көргенде көз тойдыратын қанық бояулар, бет әлпеті сұлу, мүсінді артистердің өнерін пайдалану арқылы жасайды.
Эстетикалық тәрбие – шетелдерден келген идеологиялық «басқыншылық» пен өнердегі «жасандылық», жастар арасына дендеп еніп келе жатқан бағасыз талғам, көркемдікті тани алмайтын көзқарасқа қарсы сезім қауқарын күшейтіп, сана қуатын арттыруға бағытталуы тиіс. Осыған орай қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттері, ғалымдардың айтуынша, біріншіден, эстетикалық сана мен сезімін, эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу; екіншіден, эстетикалық ұғымдар, түсініктер мен эстетикалық ойлауын және бағалауын қалыптастыру және, үшіншіден, эстетикалық іс-әрекетке бағыттау болуы тиіс.
Бұл ретте институт, университет, мектеп, тағы басқа да тәлім-тәрбие мекемелерінің басты міндеті – мәселенің күрделі де қиындығына қарамастан өткеннен келе жатқан эстетикалық құндылықтарды жас буындарға жеткізу, бойына сіңіру. Көзделген міндетті атқаруда жастардың қазіргі кездегі психо-этикалық, эстетикалық талғамдары мен ерекшеліктерін заман үрдістерін ескере отырып оқу үрдісінде және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеуді жүзеге асыру мүмкіндігі кең қолданылмай келе жатқаны белгілі. Кейінгі кезде студент жастар мен мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектердің жетімсіздігі және олардың оқу-тәрбие мекемелерінде мүлде ескерілмей қалатыны да белгілі. Осы және басқа да студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін шешудің ұрымтал жолдарының бірі - оқу үрдісі мен сабақтан тыс жұмыстарда ақын-жазушылардың шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерді тиімді пайдалану.
Осы орайда ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақын-жырауларының шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерді жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында қолдану жолдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеуді ұйғардық.
Зерттеу жұмысымызда отанымыздағы ғылымның дамуына ерен үлес қосқан ғалым әрі ағартушылар Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбанов, С.Қирабаев, тағы басқалармен қатар, этникалық педагогиканың әр аспектілері бойынша зерттеу жүргізген белгілі педагог ғалымдар Т.Әлсатов, Қ. Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, Е. Жұматаева, С. Қалиев, Ә.Қалыбекова, К.Ж. Қожахметова, К.Қ.Құнантаева, Н.Ә. Мыңжанов, Г.Меңлібекова, Ж.Ж. Наурызбай, Ә.Қ. Нұрғалиева, Ә. Табылдиев, т.б. еңбектеріндегі оқу-тәрбиеге қатысты пікірлерін негізге алдық.
Этнопедагогикалық мәселелерге қатысты кейінгі кездері көптеген зерттеулер жүргізілді. Олардың бірқатарында этнос субъектісін қалыптастыру, этномәдени білім беру мәселелері қарастырылады.
Эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне қатысты С.Ш. Әбенбаев, З. Әбілова, М.Х. Балтабаев, Р.Қ. Дүйсенбінова, Ж. Зейнуллина, Т. Тәжібаев, Г.І.Төретаева, С.Ұзақбаева, І.Р.Халитова, Г.Шәймерденова және т.б. ғалымдардың іргелі еңбектері мен жекелеген мақалаларын айтуға болады. Осы және басқа да зерттеушілердің ұлттық тәлім-тәрбиені қарастырған еңбектерінен ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие туралы толыққанды пікірлерді аз кездестірдік. Ақын-жыраулар шығармаларының қуатты эстетикалық әлеуеті мен оның жастарды тәрбиелеуде пайдаланылмауы арасында; оқу-тәрбие үрдісінде ақын-жыраулар шығармаларын қолдану мүмкіндігінің болуы мен оның осы уақытқа дейін оқушылар мен студенттерге эстетикалық тәрбие беруде қолданылмауы арасындағы қайшылықтар зерттеу жұмысының тақырыбын “Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (ХVІІІ-ХІХ ғғ.)” деп белгілеуге мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет