Әож 371. 486 Қолжазба құқында Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы



бет2/14
Дата20.05.2022
өлшемі271,5 Kb.
#35143
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Tusipbaeva M B

Зерттеу нысаны: Ақын-жыраулар мұраларындағы педагогикалық ойлар.
Зерттеу пәні: ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ ақын-жырауларының мұраларындағы эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлар.
Зерттеу мақсаты: ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ ақын-жырауларының мұраларындағы эстетикалық тәрбие идеяларын ғылыми-теориялық жағынан негіздеп, олардың бүгінгі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы маңызын ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде ақын-жыраулар мұралары арқылы эстетикалық тәрбие берудің ұтымды жүйесі жасалса, онда ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармалары арқылы сабақ және сабақтан тыс жұмыстарда жастарға эстетикалық тәрбие беру нәтижелі және тиімді болады, өйткені бұл әдеби мұраларды эстетикалық мақсатта пайдалану арқылы жастардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
1) педагогика теориясы мен практикасындағы әдебиет арқылы эстетикалық тәрбие берудің мәні және оның тарихилық сипатын ашу;
2) ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың қалыптасуының алғышарттары мен генезисін айқындау;
3) ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие беру ойларын талдау;
4) ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие беру туралы ойларды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы – оқу-тәрбие үрдісінде ақын-жыраулар шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді педагогикалық, психологиялық, философиялық тұстарын қарастыру, соның негізінде эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыруға себепші болатын ғылыми-әдістемелік нұсқаулар даярлау олардың тәрбиелік әлеуетін толық пайдалануға жол ашады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды олардың бірлігі мен өзара байланысында қарастыратын жалпының және жалқының қатынасы диалектикасы туралы қағидалар; адамды қоғамдық дамудың ең басты құндылығы ретінде қарастыратын аксиологиялық тұғыр; қазақ халық әдебиетін ұрпақтардың рухани сабақтастығының маңызды көзі және құралы ретінде қарастыратын мәдениеттанулық тұғыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет