Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде:
а) мұғалімдерге, оқытушыларға арналған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларын тәрбие процесінде пайдалану» арнайы семинары;
ә) оқушылар мен студенттерге арналған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары» арнайы курсы;
б) «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар және олардың эстетикалық тәрбие туралы ойлары» монографиясы дайындалып, ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген теориялық қорытындылар мен ұсыныстарды жастарға эстетикалық тәрбие беру жұмыстарында қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылады: 1) педагогика теориясы мен практикасындағы әдебиет арқылы эстетикалық тәрбие берудің мәні және оның тарихилық сипаттамасы;
2) ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың қалыптасуының алғышарттары мен генезисі;
3) ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие туралы ойларының әдеби-педагогикалық тұрғыдағы талдауы.
4) ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие беру туралы ойларды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі зерттеу әдіснамасының қойылған проблемаға сәйкестігімен, зерттеу объектісінің, оның мазмұндық және процес-суалдық сипаттарының теориялық деңгейде жан-жақты қарастырылуымен, зерттеу объектісіне байланысты ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың талдануымен, оларды іс жүзінде қолдануға болатынымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіружалпы педагогика мен кәсіби білім беру мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасау (Алматы – 2007; 2008; Семей – 2008), ғылыми басылымдарда («Қазақстан мектебі» - 2005; 2006; 2007; «Қазақстанның ғылыми әлемі» - 2008) ғылыми мақалалар жариялау және «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар және олардың эстетикалық тәрбие туралы ойлары» атты монография шығару арқылы жүргізілді.