Аталған кезеңдегі ақын-жыраулардың эстетикалық тәрбие туралы ойларының тәрбиелік әлеуетін толыққанды пайдалану мақсатында орта және жоғары мектепте оқытылу үшін «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары» атты арнайы курсты ұсынамыз (2-кесте).
Ұсынылған арнайы семинар мен арнайы курсты оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар және олардың эстетикалық тәрбие туралы ойлары» атты монография дайындап, баспадан шығардық. Оның мазмұнында аталып отырған кезеңдегі ақындар мен жыраулардың эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлары жан-жақты талданды.
Кесте 2 – «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары» арнайы курсының тақырыптық жоспары
Тақырып атауы
Дәріс
СОӨЖ
СӨЖ
ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың қалыптасуының алғышарттары
2
2
3
ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы әсемдік пен ұсқынсыздық мәселелері
ХVІІІ – ХІХ ғғ. қазақ әдебиетіндегі тұрмыс, қарым-қатынас, табиғат эстетикасы.
3
3
2
Барлығы
15
15
15
Сонымен қатар, аталған зерттеу жұмысының қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының педагогикалық мамадықтарында оқытылатын «Педагогика тарихы» пәніне осы кезеңге байланысты материалдар ұсынылады.
Осы айтылғандардың барлығы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларының қазіргі ұрпақ үшін өзінің құндылығының жоймағандығын, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі ақын-жыраулар қазынасында жатқандығын, әлі де болса өзінің тәрбиелік әлеуетін толық пайдалануды қажет ететінін дәлелдейді.