Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы


мазмҧндық  компонентінің  сипаттамасын



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

мазмҧндық 
компонентінің  сипаттамасын  зерттеу  үшін    білім  алушылардың 
акмеологиялық  категориялар  туралы  түсінігінің  деңгейін  анықтауға  арналған 
сауалнаманы  (Қосымша  Д)  пайдаландық  және  Т.И.  Ильинаның  тӛмендегі: 
«Білім    жинақтау;      «Мамандықты  игеру»;  «Диплом  алу» сияқты  үш 
кӛрсеткіштен  тұратын  жоғары  оқу  орындарында  оқу  мотивациясын  зерттеу 
әдістемесін қолдандық (қосымша Е). 
Cонымен, 
тәжірибенің 
басында 
магистранттардың 
әрбір 
сұрақ 
тӛңірегіндегі  акмеологиялық  білімінің    пайыздық  кӛрсеткіштерін  анықтадық. 
Сауалнамаға  қатысқан  магистранттардың  «акмеология»  ғылымы    жайындағы  
қарапайым  түсініктері,  кәсіби  құзырлылықтың  мәні,    педагогикалық 
шығармашылық пен шеберлік  жайлы  түсініктері бақылау және эксперименттік 
топтардағы    298  магистранттың    37%  -    «орташа»,    35%-  «орташадан  сәл 
жоғары»,    11%-  «орташадан  жоғары»,    9%-  «жоғары»,  8%-    «ӛте  жоғары» 
кӛрсеткіштеріне ие болды.  
Бақылау  тобының  магистранттарының  орташа  деңгейдегі  кӛрсеткіші  – 
37%,  тәжірибелі  топптың  орташа  деңгейі  -  35%,  бақылау  тобының  жоғарығы 
деңгейдегі кӛрсеткіші - 15%, тәжірибелік топтың жоғарығы кӛрсеткіші - 14%. 
Cауалнама сұрақтарының нәтижесі магистранттардың акмеология ғылымы 
туралы  аз  мӛлшерде  игергендіктерін,    болашақ  оқытушылар  ретінде  ӛздерінің 
кәсіби  ӛсуіндегі  баспалдақтардың  қандай  болатындығын  анық  түсіндіре 
алмайтындығын  байқатты.  Магистранттардың    акмеологиялық  білім  бойынша 
тӛмен  деңгей  кӛрсетуінің  себебі  педагогикалық  мамандар  дайындау 
мазмұнында  кәсіби  шығармашылыққа  байланысты  арнайы  пәндердің 
жүргізілмеуінен,  жетістікке  жету,  табысты  болу  мәселесінің    педагогикалық 
және психологиялық тұрғыда қарастырылмауынан туындап отыр деп санаймыз.  
Кез  келген  мамандық  иесінің  еңбекте  табыстарға  жетуі  үшін  сол 
мамандықты  адаспай,  дұрыс  таңдауының  маңызы  ӛте  зор.  Сондықтан  бізге 
білімгерлердің осыған қатысты түсініктерін айқындап алу міндеті тұрды.  
Mагистранттардың  болашақ  ғалым  ретінде  қалыптасуы  мен  жетілуіне 
қатысты  олардың  болашақ  кәсіби  іс-әрекетінің  мазмұны,  рӛлдік  құрылымы, 
кәсіби  қызметтері  мен  міндеттері  туралы,  сонымен  бірге  сапалары,  білімдері, 
біліктері,  дағдылары,  құзыреттеріне  қатысты  ғылыми  кӛзқарастары 
қалыптасқандығы туралы қажетті ақпарат алу  үшін Т.И. Ильинаның тӛмендегі: 
«Білім    жинақтау;      «Мамандықты  игеру»;  «Диплом  алу» сияқты  үш 
кӛрсеткіштен  тұратын  жоғары  оқу  орындарында  оқу  мотивациясын  зерттеу 
әдістемесін  қолдандық  (қосымша  Е).  Бұл  жұмыстың  нәтижелері  7  кестеде 
келтірілді. 
 
Кесте  7  –  Магистранттардың  «Білім    жинақтау»;  «Мамандықты  игеру»; 
«Диплом  алу»  мотивтерін  анықтау  барысында  алынған  сұрақ-жауап 
тапсырмаларының пайыздық қорытынды кӛрсеткіштері 

113 
 
 
 
 
 
Топтардың категориясы 
С
ын
алушыла
рдың
 
са
ны
 
«Б
ілі
м
  жи
на
қт
ау»
 
«Мам
ан
дықт
ы  
иге
ру»
 
«Дип
лом а
лу»
 
Бақылау тобы 
148 
50 
23 
75 
Тәжірибелік топ 
150 
78 

63 
Пайыздық кӛрсеткіштер 
100% 
43% 
11% 
46% 
 
Жоғарыдағы  кестеден  магистранттардың  мамандықты  таңдауда  ең  басты 
ӛлшем ретінде «Диплом алу» (формальды түрде білім игеру барысында диплом 
алуға  ұмтылу,  емтихан  және  сынақ  тапсыру  барысында  оңай  жолдарын 
іздестіру) мотивтерін таңдағанын кӛреміз - 46%, одан кейін  «Білім  жинақтау» 
(білім  жинақтауға  ұмтылу,  білуге  деген  ұмтылушылық)  -  43%,  «Мамандықты  
игеру»  (кәсіптік  білімді  игеруге  және  кәсіби  маңызды  сапаларды 
қалыптастыруға ұмтылу) - 11%. Әрине «Білім  жинақтау» мотивтерінің басым 
болғаны  ӛте  жақсы,  бірақ  болашақ  маман  ӛзінің  кәсіби  мамандығын  үлкен 
жетістікпен  орындауы  үшін  жинақтаған  білімдерін  кәсіби  іс-әрекетте  қолдана 
білу керек, ол үшін кәсіби ӛсу мотивациясы болғаны абзал. Болашақ мамандар 
жақсы  кәсіби  маман  боламын,  осы  мамандықты  ӛте  жақсы  игеремін  деген 
қызығушылықпен оқығанда ғана болашақ мамандардың кәсіби еңбекте шыңға 
жетуі жүзеге асады.     
Mаманның  акмеологиялық  дайындығында  оның  шығармашылық  әлеуеті 
мен  креативтілігінің  алатын  орны  зор.  Бұл  ретте  алдымызға  экспериментке 
қатысушылардың  осы  сапасын  анықтау  міндетін  қойдық.  Е.И.Роговтың 
еңбегінен алынған сауалнамадағы сұрақтар 
сұхбаткер
дің білуге құмарлықтарының 
мүмкіншіліктерін,    ӛздеріне  деген  сенімділіктерін,  тұрақтылықты,  кӛру  және 
есту
  жадымен,  дербестікке  деген  талпынысын,  сонымен  бірге  ой  жинақтау 
қабілетін диагностикалайды (Қосымша Ж).  
Oсы диагностикалық жұмысымыздың нәтижелері тӛмендегідей болды:  
Магистранттардың  шығармашылық  әлеуеті  мен  креативтілігі  дамуының 
деңгейі орташа немесе орташадан тӛмен екенін кӛреміз (Е.И. Рогов бойынша). 
Мысалы, бақылау тобының кӛрсеткіші – 33,3 ұпай (орташа коэффициенті – 4,7) 
болатын болса, тәжірибелік топтың кӛрсеткіші – 29 ұпай (орташа коэффициенті 
– 4,4) (сурет 10). Олардың  шығармашылықпен жұмыс жасауына бойларындағы 
үрей,  сәтсіздіктерден  қорқу,  тағы  да  басқа  кедергілер  теріс  ықпал  ететіндігін 
байқатты. 
 

114 
 
 
 
 
Сурет 10 -  Тәжірибенің басында анықталған магистранттардың 
шығармашылық әлеуеті мен креативтілігінің кӛрінуі 
 
Cонымен,  шығармашылық  әлеует  пен  креативтілікті  дамыту  үшін  арнайы 
қалыптастырушы  жұмысын  ұйымдастыруды  кажет  екендігін  кӛрсетеді. 
Магистранттардың  шығармашылық  әлеуеті  мен  креативтілігі  дамуының 
жоғары  болуы  олардың  шығармашылыққа  мотивтерінің  жоғары  деңгейде 
болуымен сипатталынады. 
Ғылыми  және  педагогикалық  әрекетте  жоғары  нәтижеге  бастайтын 
тұлғаның сезімдері мен оның рухани адамдық қасиеттері біздің зерттеуіміздегі 
акмеологиялық дайындықтың әрекеттік компонентінің  құрамындағы сипаттар. 
Шынайы  кәсіби  маман  болу  үшін  педагог-психологтар  ӛз  бойында  болашақ 
кәсіби  іс-әрекетіне  қажетті  кәсіби-маңызды  қасиеттерді  қалыптастыру  керек. 
Олар  тек  ғылыми-педагогикалық  іс-әрекеті  барысында  қалыптасатын 
қасиеттер.  Сол  қасиеттерді  анықтауда  Т.И.  Ильинаның    сауалнамасындағы 
қасиеттерге қатысты сұрақтар бойынша жауаптары анықталды.  
«Ӛзіңізге  тән  қандай  қасиеттеріңізді  бағалайсыз?»  -  «аққӛңілдік, 
бауырмашылдық,  басқа  адамдардың  жағдайын  еске  алушылық»,  «алға 
ұмтылушылық,  еңбекқорлық»,  «үнемі  жақсы  жетістіктерге  жетуге  талпыныс, 
тәрбиелілік»,  «табандылық,  сабырлық»,  «шыдамдылық»,  «жауапкершілік, 
адалдық,  шынайылық»,  «белсенділік»,  «кӛшбасшылық,  жаңашылдық, 
шығармашылық», «адамгершілік» және т.б.; 
-
 
«Ӛзіңіздің  қандай  қасиетитеріңізден  аулақ  болғыңыз  келеді?»  - 
«қатты  сезімталдық,  кӛп  эмоцияны  ішіме  сақтаймын,  ӛкпелегіштік»,  «бүгінгі 
жұмысты  ертеңге  қалдыру»,  «жалқаулық,  жалған  сӛйлеу,  әлсіздік», 
«ашушандық,  қызбалық,  сабырсыздық»,  «жалқаулық,  ұяндық,  сенімсіздік», 
«еріншектік», «қызбалық» және т.б.  
26
27
28
29
30
31
32
33
34
Шығармашылық әлеует пен креативтілік
33,3
29
Бақылау тобы
Эксперименттік топ

115 
 
 
-
 
«Қандай  қасиетіңіз  оқуға  сізге  кедергі  жасайды?»-  «сасқалақтау, 
ұялу», 
«ешқандай», 
«үлгермеушілік», 
«еріншектік», 
«жалқаулық», 
«сенімсіздік»,  «шыдамсыздық»,  «менменшілдік»,  «ӛзіме  деген  аса  жоғары 
сенімділік», «алаңдаушылық» және т.б. 
-
 
Ӛзіңіздің қандай қасиеттеріңіз оқуға кӛмектеседі?»- «қызығушылық», 
«білімге  құмарлық»,  «ӛмірге  деген  ынталылығым,  жоғары  дәрежелі  маман 
болуды армандаймын», «әрқашан тырысамын», «жауапкершілік, ынтызарлық», 
«шығармашылық», «білімге құштарлық», «белсенділік», «іздемнімпаздық, алға 
ұмтылушылық», «сабырлылық». 
Oсы  жауаптардан  біз  сыналушылардың  болашақ  мамандыққа  қажетті 
кәсіби-маңызды 
қасиеттердің 
тізімін 
айқындадық: 
«жауапкершілік, 
«сабырлылық,  бауырмашылдық,  үнемі  жақсы  жетістіктерге  жетуге  талпыныс, 
тәрбиелілік,  еңбекқорлық,  білімге  құмарлық,  табандылық,  адалдық, 
шынайылық, жаңашылдық, шығармашылық. 
Cонымен  қатар,  болашақ  мамандықты  жетістікпен  игеруге,  қызметін 
шығармашылықпен,  креативтілікпен  орындау  үшін  кедергі  келтіретін 
жағымсыз  қасиеттердің  болатынын  анықтадық:  «үлгермеушілік,  еріншектік, 
жалқаулық, жалған сӛйлеу, ашушандық, қызбалық, сабырсыздық, ...». 
Болашақ  маманның  «эмпатиясын»  зерттеу  үшін  Холлдың  «Эмоциялық 
интелект  (EQ)»  тестісін  қолдандық  (Қосымша  И  ).  Осы  әдістемені  қолдану 
барысында 
болашақ 
педагогикалық 
және 
психологиялық 
саладағы 
мамандықтар  үшін  маңызды  кәсіби  қасиеттері  болып  анықталынатын  «Ӛз 
эмоцияларын басқару» және «Эмпатия» шкалаларына мән бердік. Әдістеменің 
талаптарына сәйкес «Ӛз эмоцияларын басқару» және «Эмпатия» қасиеттерінің 
жоғары  даму  деңгейлері  14-ке  тең  болуы  тиіс.  Бірақ  зерттеу  жұмысымыздың 
нәтижесінде кӛрсеткіштердің барлығының мәні орташа және орташадан тӛмен 
деңгейде болып анықталды.  
Cонымен,  жоғарыда  кӛрсетілген  нәтижелер  бойынша  әрбір  кәсіби  мәнді 
сапалардың мәні орташа немесе орташадан тӛмен деңгейде екендігі анықталды. 
Осыған орай кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту қажеттілігі бар. 
Бақылау  және  тәжірибелік  топтардағы  магистранттардың  акмеологиялық 
дайындығының  рефлексивті  компонентнің  сипаттамасын  зерттеу  үшін  А.В. 
Карповтың  тұлға  рефлексиясының  даму  деңгейін  диагностикалау  әдістемесін 
пайдаландық. Болашақ маманның акмеге жылжуы міндетті түрде рефлексиялық 
ойлаудың сипаттарымен ерекшелінеді (қосымша К). Ол үшін магистранттардың 
бойында ӛзін тану қабілеті, мамандық іс-әрекетін мен ӛз мінез-құлқын бағалау 
қабілеттері қалыптасу керек.  
Mагистранттардың рефлексиялық ойлауының даму деңгейін анықтау үшін 
оларға  сұрақ-жауаптың  бірнеше  пікірлері  ұсынылады,  ұсынылған  жауаптың 
нұсқаларына  сәйкес  тиісті  санды  қою  керек.  Әдістеменің  нәтижелерін 
жинақталған  ұпайлардың  соммасына  қарй  үш  түрлі  категорияларға 
жатқызамыз:   
1-категория:  7  тең  немесе  одан  жоғары  болса,  рефлексиясы  ӛте  жоғары 
дамыған. 

116 
 
 
2-категория: 4 -7 аралығында болса, орташа дамыған рефлексия. 
3- категория: 4-тен тӛмен болса, тӛменгі деңгейдегі рефлексия.  
Жоғарыда  кӛрсетілген  кагориялар  бойынша  магистранттардардың  52%-ы 
тӛменгі деңгейдегі кӛрсеткіштерді кӛрсетті, ал 33%-ы – орташа деңгей, 15%-ы- 
жоғары  деңгей  (cурет  11).  Сонымен  сыналушылардың  басым  кӛпшілігінің 
кӛрсеткіштері  жоғары  деңгейде  емес,  яғни  қалыптастырушы  тәжірибелік 
жұмысты жүргізу керек дегенді білдіреді.  
 
 
 
Сурет 11 -  Бақылау және тәжірибелік топтардағы магистранттардың 
рефлексиялық ойлауының даму деңгейлері 
 
Бақылау  тобындағы  магистранттардың  рефлексиясының  орташа  және 
жоғары  дамуының  кӛрсеткіштерінің  пайыздық  қатынастағы  мәні    -  22%,  ал 
тәжірибелік  топта    -  26%.  Cонымен,  анықтау  экспериментінің  нәтижелерін 
талдау барысында біз анықталған кӛрсеткіштерінің орта және орташадан тӛмен 
деңгейлерін 
байқадық, 
бұл 
қалыптастырушылық 
эксперименттің 
жүргізілуінің қажеттілігін  айқындайды. 
 
3.3  Зерттеу  мәселесі  бойынша  жҥргізілген  қалыптастырушы 
эксперимент және оның нәтижелері 
Қалыптастырушы  экспериментті  жүзеге  асыру  үшін    тӛмендегідей 
міндеттер қойылды:  
-
 
магистранттардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыруға  қажетті 
теориялық таным-түсініктерін толықтыру; 
-
 
 жоғарыдан  кейінгі  білім  беру    үрдісінде  инновациялық    технологияның 
әдістерінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану; 
-
 
магистранттардың 
зерттеліп 
отырған 
сапасын 
қалыптастыруға 
бағытталған акме- тренингтер жүргізу; 
-
 
педагогикалық 
мамандықтарда 
оқитын 
магистранттар 
арасында 
«Мамандықтың үздік магистранты» байқауын ӛткізу; 
15%
33%
52%
Магистранттардың рефлексиялық ойлауының даму 
деңгейлері
Жоғары деңгей 
Орташа деңгей 
Тӛменгі деңгей 

117 
 
 
-
 
қалыптастырушы    эксперимент  нәтижелерін  шығарып,  тәжірибелік 
ұсыныстар әзірлеу.  
Бірінші  мақсат  бойынша  зерттеу  жұмысымыздың  қалыптастырушы 
эксперименті  барысында    «Педагогикалық  акмеология»  тақырыбындағы 
арнайы элективті курс бағдарламасы жасалып, тәжірибеден ӛтті.  
Курстың  мақсаты:   магистранттардың  акмеологиялық  категориялар 
туралы  түсінігінің  қалыптасуына,  адам  дамуының  негіздік  детерминанттары 
мен заңдылықтары, негізгі ұстанымдары мен тетіктері, акме-педагогтың сипаты 
туралы түсініктер алуына ықпал ету. 
«Педагогикалық  акмеология»  пәнін  оқу  нәтижесінде  магистранттар 
акмеологиялық  ғылымның  негізгі  ұғымдар  мен  ережелерін  игеріп,    оқу 
сабақтарында және ӛзіндік жұмыс барысында ӛзінің оқу-танымдық іс-әрекетін 
басқарудың    акмеологиялық  әдіс-тәсілдерін,  кәсіби  және  рухани  мәселелерді 
шешуде  игерілген  білімдерді  пайдалану  біліктерін  қалыптастырып,  ұжымдық 
ойлау іс-әрекетін жүзеге асыру тәсілдерін игеріп, ұлы адамдардың жетістіктерін 
талдау  негізінде,    шығармашылық  іс-әрекетті  жетістікпен  жүзеге  асырудың 
шарттарының сипаттамасын білетін болады.  
Курс  бағдарламасын  меңгеру  барысында  қазіргі  заман  талабына  сәйкес 
оқытудың белсенді және ақпараттық-коммуникациялық технологияның барлық 
әдістері қолданылды.  
Курс  бағдарламасының  бірінші  «Педагогикалық  акмеология  ғылымының 
пайда  болуының  алғышарттары»  тақырыбы  бойынша  қазіргі  даму 
жағдайындағы  педагогикалық  акмеологияның  пәні,  объектісі,  проблемалық 
алаңы,  басты  мақсаттары  мен  міндеттері,  категориялық  аппараты,  қоғамтану 
және  адамтану  жүйесінде  акмеологияның  орны,  акмеологияның  қалыптасу 
кезеңдері  талданды.    Тақырып  бойынша    дәріс  интерактивті  оқыту    арқылы, 
эвристикалық-  шығармашылық,  жаңа  шешім  қабылдауға  бағытталған  түрде 
ӛткізілді. Интерактивті оқыту – жаңа білімді, диалог, полилог түрінде меңгеруді 
мақсат  ететін  танымдық  үрдіс.  Магистранттарға  білім  беру  ісін  интерактивті 
жағдайда  ұйымдастыру  топ  құру,  проблемаларды  тұжырымдау,  қарама-
қайшылықтары  бар,  әртүрлі  пікір  туғызатын  мәселелерді  анықтап  алудан 
басталды.  Ең  бастысы  сабақта  магистранттар  алдына  қойған  мәселелердің 
түсінікті  екеніне  кӛз  жеткізу  қажет.  Бұдан  соң  проблема  диалог,  полилог 
түрінде  алдымен  кіші  топтарда,  содан  соң  ұжымда  талқыланды.Білім  алушы 
мен  ұсынушы  субъектілері  арасындағы  бірдей  белсенділікті  кӛздеген  бұл  әдіс 
магистранттардың    топта  бірлесіп  жұмыс  атқару  және  басқарушылық 
қабілеттерін,  эмоцияларын    ,  сӛйлеу  мәдениетін  дамытуға,  түйін  жасауды, 
шешендікті, танымдық белсенділігін арттыруға  ықпалын тигізді. 
Eкінші  «Педагогикалық  акмеологияның  ғылым  ретіндегі  сипаты» 
тақырыбында педагогикалық акмеологияның іргелілігі, ізгіліктік бағыттылығы, 
ықпалдастық сипаты, педагогикалық акмеологияның пәнаралық байланыстары, 
заманауи  педагогиканың  әдіснамалық  негізі  ретіндегі  акмеологиялық  амал 
(тұғыр),  педагогикалық  акмеологияның  жалпы  және  нақты  әдіснамалық 
ұстанымдары:  детерминизм,  ізгіліктік,  дамушылық,  кешенділік,  жүйелілік, 

118 
 
 
субъектілік, белсенділік, тұлға мен іс-әрекет бірлігі  талқыланды. Дәріс сабағы 
бағдарламалық формада жүргізілді. Бағдарланатын формалар мен әдістер үшін 
нақты алгоритм түзілді. Aлгортммен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты - оқыту 
үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар,  ізденіс қабілетін 
дамыту  Түзілген  алгоритм  негізінде  жұмыс  жасау  магистранттардың  ӛз  
бетінше  білім  алу,  танымдық  белсенділікті  арттыру,  білім  сапасын  арттыру, 
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпалы мол. 
«Педагогикалық  акмеологияның  басты  объектісі  ретіндегі  дамушы 
педагог»  атты    үшінші  тақырыпта  тұлға  дамуының  негізгі  теориялық 
бағыттары мен заңдылықтары, тетіктері сипатталды. Бұл сабақта оқу үрдісінде 
қатысушылардың барлығынан бірдей белсенділік пен бастамашылдықты талап 
ететін ӛзара белсенділік оқыту формасының бірі – ой қозғау әдісі қолданылды. 
Дәріс  басталмас  бұрын  магистранттардан  тақырып  бойынша  не  білетіндіктері 
анықталды және қарастырылып отырған мәселеге байланысты ӛзінің білімінің 
жеткіліксіз екенін сезіну арқылы оқуға деген ынта-ықыласын арттыру кӛзделді. 
Ой  –  қозғау  әрекетінің  ережесі  таныстырылды.  Олар:  ойға  келген  барлық 
идеяларды ортаға салу, оларды сынға алмау, бір-бірін тыңдау, сапалы ой айту 
керек  деп  сескенбей,  күтпеген,  фантастикалық  ұсыныстарды  ашық  айту. 
Мәселені  талқылау  үшін  топтар  құрылды,  топ  мүшелері  мәселені  шешудің 
жолдарын ойларында қарастыра бастайды. Берілген уақыттан кейін әрбір білім 
алушы  ӛзінің вариантын ортаға салды. Бұл идеяны топтың бір мүшесі қағазға 
түсіріп,  жинақтап  отырды.  Екінші  кезеңде  әрбір  идея,  ұсыныстың  мәселені 
шешудегі  мүмкіндігі  талқыланды.  Сабақта  ой  қозғау  әдісінің  тиімді  қолдану 
магистранттардың  шығармашылық әлеуетін дамытуға септігін тигізді. 
«Aкмеологиялық  заңдар  мен  заңдылықтар»  тӛртінші  тақырып  бойынша 
акмеологиялық  заңдылықтардың  түрлері,  олардың  жалпылама  сипаты, 
психологиялық  заңдылықтармен  ұқсастығы  мен  айырмашылықтары.  Түрлі 
кәсіби  саладағы  тұлғалық-кәсіби  дамудың  акмеологиялық  заңдылықтары 
зерделенді.  Сабақта  магистранттарға  «Екі  түрлі  түсініктеме  күнделігі»  әдісі 
қолданылды.  Дәріс  басталмас  бұрын  дәптерлеріне  екі  бағаннан  тұратын  кесте 
сызу ұсынылды. «Маған ӛте қатты әсер еткен үзінді» бағанына білім алушылар 
берілген  мәтін  бойынша  белгіленгін  уақыт  аралығында  ӛздеріне  қатты  әсер 
еткен  тұстарын  бірінші  бағанға  жазды.  «Соған  байланысты  пікірім»  бағанына 
арнайы  уақытта  пікірін  жазу  берілді.  Әр  тыңдаушының  жазған  үзінділері  мен 
пікірлері  кіші  топтарда  талқыланды  да,  ең  ӛзектілері  немесе  ортақ  кӛзқарасқа 
келмеген  мәселелер  ұжымда  талданды.  Дәріс  барысында  осы  әдісті  қолдану 
білім  алушылардың  оқытушымен  бірге  жаңа  ақпаратты  меңгеру,  түсіну  үшін 
белсенді  жұмыс  жасауына  ықпал  етті.  Ой  туғызу,  пікір  қалыптастыру, 
кӛзқарасты дәлелдей алу дағдыларын қалыптастырды. 
«Кәсіби 
іс-әрекет 
субъектісі 
ретіндегі 
ересек 
адам 
дамуы 
феноменологиясының  акмеологиялық  және  психологиялық  аспектілері»  атты 
бесінші  тақырыпта  білім  алушылар    презентациялар  жасады.  Іс-әрекет    және 
дамуға  кәсіби  қатынасы,  тұлғалық-кәсіби  ӛзін-ӛзі  анықтау  мен  дамытудың 
акмеологиялық  кеңістігі,  педагогтың  ӛзін-ӛзі  ӛзектендіруі  мәселелері 
қарастырып,  оларды  презентациялар  арқылы  ғылыми  негізде  түсіндірді.  Білім 

119 
 
 
берудің  қазіргі  заман  талаптарына  сай  магистранттардың  қажеттіліктері  мен 
оқып-үйрену  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  икемдеп  түрлендіруге  зор 
мүмкіндік  беретін  презентациялар  сапалы  жасалынды.  Пән  мазмұнын  игеруде 
слайд-презентациялар 
дайындау 
оқытудың 
тиімділігін 
арттырады. 
Презентациялар  дайындау  әдісі  магистранттардың  шығармашылық  ойлауын, 
жобалау  негізінде  ӛзін-ӛзі  білімдендіруін,  ӛзін-ӛзі  жетілдіруін,  ойлаудың 
тереңдігін дамытуына мол әсерін тигізді. 
Курс  бағдарламасының    «Педагог  еңбегінің  ерекшелігі  (акмеологиялық  іс-
әрекет)»  алтыншы  тақырыбы  бойынша  дәріс  пікірталас  түрінде  ӛткізілді. 
Пікірталас  –  түйткілді  мәселе  жайлы  еркін  пікір  алмасу  болып  табылады. 
Бұндағы  басты  нәрсе  –  айтар  ойды  фактілерге  сүйене,  логикаға  сыйғыза 
отырып дәлелдей алу.  Магистранттар акме-педагогтың сипаты, акме-педагогты 
диагностикалау,  педагог  кәсібилігінің  акмеологиялық  кӛрсеткіштері  мен 
ӛлшемдері,  кәсібиліктің  деңгейлері,  кезеңдері,  сатылары  мен  педагогтың 
акмеологиялық құзіреттілігінің құрылымы туралы пікірлерін ортаға салды. 
«Педагогикалық  іс-әрекетте  АКМЕні  пайдалану  тәжірибесі»  жетінші 
тақырыбында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  заманауи  теориялары  және  оларды 
тәжірибеде  қолдану  жағдайы  туралы  магистрант  портфолиосын  әзірледі. 
Портфолио  -  білім  алушының  дамуын,  оның  жетістіктерін  кӛрсететін 
кӛпмақсатты  құжат  болып  табылады.  Магистранттардың  алған  білімдердің 
нәтижесін  портфолионың  талаптарына  сәйкес  білім  алушының  ынтасы  мен 
дамуын  байқауға  болады.  Тақырыптық  портфолиода  ұсынылған  материалдар 
олардың  білім  нәтижелерін  кӛрсететін  жұмыстарының  жиынтығы  болады. 
Магистранттар  білімдік,  шығармашылық,  әлеуметтік,  коммуникативтік 
бағыттарда  практикалық  тұрғыдағы  белсенділігін  кӛрсетті.  Сонымен, 
магистранттар  білім  алу  мен  ӛзін-ӛзі  дамыту  мүмкіндіктерін  кеңейту 
мақсатында  дайындаған  тақырыптық  (белгілі  бір  тақырып  бойынша 
жинақталады) портфолиосы олардың болашақтағы мамандығы бойынша кәсіби 
маңызды қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізді.. 
«Педагогикалық  іс-әрекеттегі  акмеологиялық  технологиялар»  атты 
сегізінші  тақырыбында      акмеология  мен  психологиядағы  «технология» 
категориясы,  акмеологиялық  технологиялардың  ерекшеліктері,  акмеологиялық 
технологиялардың  түрлері  және  олардың  мазмұны  әвристикалық  әңгімелесу, 
проблемалық  талдау,  зерттеушілік  интербелсенді  әдістер  арқылы  түсіндірілді. 
Осы  әдістер  арқылы  магистранттардың  идеяларды  жинақтауға,  ойлауға, 
олардың шығармашылық ӛзіндік дамуын қамтамасыз етуге кӛмектесті.  
«Aкмеологиядағы  моделдеу»  тоғызыншы  тақырыбы  акмеологиялық 
моделдерді  әзірлеу  барысындағы  жүйелілік  сипаттамалар,  акмеологиялық 
модельдердің 
түрлері, 
бағдарламалық-мақсаттылық 
бағыттылықтың 
акмеологиялық тренингтері бойынша талданды. 
Дәріс  –  білім  алушыларды  білім,  ғылым  саласындағы  жаңа  бағыттар 
жайлы  түсініктер  беру  үшін  негізінен  жаңа  идеяны  насихаттау,  жаңа 
хабарламалар  жасау,  жаңа  тәжірибені  жеткізу  мақсатында  қолданылатын  кең 
тараған  оқыту  әдістерінің  бірі.  Дәрістің  маңызды  сапасы  оның  ғылымилығы, 
ӛмірмен  байланыстылығы,  ӛміршеңдігі.  Қазіргі  таңда  дәрістерде  оқытушы 

120 
 
 
тарапынан  дайын  материалды  меңгертпей,  білім  алушыларға  жаңа  ақпаратты 
ӛздігінен  игеруге  мүмкіндік  бергеніміз  жӛн.  Бағдарлама  бойынша  ӛткізілген 
магистранттардың  ӛзін  ойландыруға  бағытталған  әрбір  дәрістерде  оқытудың 
белсенді  әдістері  мен  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  ӛткізу 
тиімді екеніне кӛз жеткіздік. Оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары 
білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, 
креативтілігін  дамытты.  Магистранттар  оқу  бағдарламасына  сәйкес  дәріс 
сабақтарында  теориялық  мағлұматтарды  игерумен  қатар,  ӛз  бетінше 
ізденістерін  арттырып  жеке,  жұптық,  топтық  формада    шығармашылық 
жұмыстарымен айналысты.  
Зерттеу 
жұмысымыздың 
эксперименттік 
бӛліміндегі 
тәжірибелік 
сабақтарда  білім  алушылар  мәселені  талқылауға  қатысу  барысында  алған 
мәліметтеріне әрі қарай тереңдей түсу, ол білімдерді ӛз бетінше толықтыру, ӛз 
тәжірибесін  басқаның  тәжірибесімен  салыстыру  сияқты  мәселелері  шешілді.  
Сонымен  қатар  білім  алушыларды  белсендірудің  жолдарын  іске  асырудың 
құралдары тиімді пайдаланылды. Мұндай сабақтар барысында білім алушылар 
хабарламалар  жасау,  презентациялар  әзірлеу,  бірлескен  шағын  зерттеулер 
жүргізу  жұмыстары  барысында  идеялармен  алмасу,  ойларын  толықтыру, 
талдау, ӛзіндік талдау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алды. 
Cеминар  сабақтарында  білім  алушылар  оқытудың  белсенді  әдістерін 
тиімді  қолдана  отырып,  ӛзіндік  талдау,  сыни  ойлау,  ой  қорыту,  жинақтау, 
ӛзіндік пікірін қорғау арқылы әрбір тақырыптың мазмұнын терең меңгерді.  
Cонымен, тәжірибелік жұмысымыздың  қалыптастырушы кезеңіндегі 
технологиялық  бөлігіне  тәжірибеге  бағытталған  акметренингтер 
жатады.  
Aкмеологиялық  тренингтер  магистранттардың  біртұтас  және  орнықты 
дамуына, әрбір магистранттың жетістіктерге жетуіне, оның ішкі  мотивациясын 
қалыптастыруға,  сонымен  бірге  акмеологиялық  дайындығының  қалыптасуына 
бағытталған.  Бұл  жерде  біздің  зерттеуімізге  сәйкес  акмеологиялық 
дайындықты    қалыптастыруда  магистранттың    болашақтағы    кәсіби  іс-
әрекетінің  ӛнімділігін  жасау  үшін  маңызды  ішкі  күштерін,  оның  әлеуеті  мен 
резервтерін дамыту маңызды болады.  
Cол  себептен,  біз  құрастырған  акмеологиялық  тренингтердің      басым 
жақтары мыналар: 
- тұлғалық жетістіктерге жетуге бағдарлануы; 
-  орнықты  ішкі  мотивациясының  болуы,  басымдылық  негізінде 
магистрантты   дамытуы мен тәрбиелеуі;  
- рухани және адамгершілік тұрғысындағы құндылықтық бағдарлануының 
болуы; 
-  ынтымақтастыққа  қабілетті  танымдық  іс-әрекеттің  субъектісі  ретінде 
магистранттың ӛзін-ӛзі дамытуы; 
-  оза  оқытуға  сүйене  отырып,  оқытудағы  табыстылықты  арттыру 
тактикасының болуы. 
Aкмеологиялық  тренингтердің    негізгі  ерекшелігіне  магистранттардың 

121 
 
 
ӛзін-ӛзі дамыту кезеңдерін жүзеге асыру жатады: 
- ӛзін-ӛзі ӛзектілендіру, жетістіктерге жетуге қажеттілікті қалыптастыру; 
-  ӛзінің кемшіліктері  мен жетістіктеріне ӛзіндік талдау; 
-  ӛзінің нәтижелеріне ӛзіндік талдау; 
-  шығармашылық жұмыстарында ӛзін-ӛзі жүзеге асыру; 
-  ӛзінің жұмысын ӛзі ретке келтіру
-  магистранттың ӛзіндік санасын білім беру субъектісі ретінде дамыту.  
Әсер  ету бӛліктері: 
-  шығармашылықты дамыту; 
-  рефлексия; 
-  жұмысқа қабілеттілікті сақтау; 
-  қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық. 
Oсыған 
орай,  акме-тренингтің  басым  құрылымдық    жақтары 
акмеологиялық  дайындықтың  тӛрт  компонентін  дамытуға  бағдарланған. 
Мысалға, 
акмеологиялық 
дайындықтың 
әрекеттік 
компонентінің 
сипаттамаларын  дамыту  ісі    болашақ  мамандардың    кәсіби  мәнді  сапаларын 
қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс  түрлерін  қамтиды.  Болашақ  педагогтар 
мен психологтардың кәсіби-маңызды ортақ қасиеттеріне тӛмендегілер жатады: 
жауапкершілік,  эмоциялық  тұрақтылық,  бақылағыштық,  эмпатия,  тыңдай 
білу білігі, рухани-адамгершілік, рефлексия, креативтілік және т.б.. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет