Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата12.03.2017
өлшемі2,28 Mb.
#9152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

акмеологияның  пайда  болуына  әкелді.  «Педагогикалық  акмеология»  бүгінгі 
күні  қолданбалы  акмеологияның    барынша  кӛп  қарастырылған  бағыттарының 
бірі болып  табылады.  Педагогикалық  акмеологияның  қарқынды дамуы  жалпы 
акмеологияның    және  оның  қолданбалы  бағыттарының  қалыптасуына  ықпал 

38 
 
 
етті.  Ал  қысқаша  айтқанда,  педагогикалық  акмеология  –  педагог  еңбегінде 
кәсібилікке жету жолдары туралы ғылым. 
Педагогикалық  акмеологияға  адамды  тұлға,  іс-әрекет  субъектісі,  индивид  
ретінде  зерттеп,  жалпы  алғанда  ақыл-ой  әлеуеті  қалыптасқан  кӛпқырлы 
біртұтас  адам  ретінде  оның  жеке  ерекшеліктерін  анықтайды,  адамның  қол 
жеткізген  нәтижелерін  зерттеу  негізінде  оның  әлеуетінің  заңдылықтарын 
қарастырады.  Сондықтан  да  педагогикалық    акмеология  білім  сапасын 
арттыруда ӛте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығының  
жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталды дамыту мәселесін тиімді 
шешуге бағытталады. 
Жоғары  оқу  орнынан  кейін  білім  беру  жағдайында  педагогикалық  
акмеологияның пәндік саласы кең,  осы ғылым саласы тұлға кәсібилігінің түрлі 
жақтары  мен  оның  іс-әрекет  кәсібилігінің  деңгейлерін,  сондай  ақ  педагог 
тұлғасының 
кәсіптік 
жетілуінің 
шыңына 
жетудегі 
шарттары 
мен 
заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай оның пәндік саласына мыналар кіреді: 
а)  болашақ  педагог-акмеологтың  кезең  кезеңімен  қалыптасу  үдерісін 
зерттеу; 
ә)  педагогикалық  іс  әрекетте  кәсіби  жетістіктерге  жетудің  мотивтерін 
анықтау,  осыған  байланысты  білім  алушылардың  мотивтері,  құндылықты 
бағдарлары, мақсаттарын зерттеу; 
б)  жеке  оқу  пәндері  мен  құралдарының  білім  алушылардың  тұлғалық 
дамуына ізгілікті бағдарлануы
в)  магистранттың  болашақ  мамандығы  бойынша  кәсібилікке  жетудің 
траекторияларын, акмеограммасын жасау; 
г)  болашақ  мамандарды  даярлаудағы  акмеологиялық  технологиялар 
әзірлеу және т.б. 
        Педагогикалық  акмеология  педагог  тұлғасы  жетілуінің  деңгейлері  мен 
кезеңдерін, сонымен бірге «шеберлік» деңгейін анықтайды.   
Шеберлікке қарай ұмтылысты акметектоника сипаттайды. Акметектоника 
– «бұл іс-әрекет субъектісінің кәсіби «акмесін» моделдеу және дамыту, түзету, 
бағалаудың кешенді жүйесі, сонымен қатар субъектінің эталонға ішкі тұлғалық 
саналы  қозғалысы    болып  табылады,  осы  қозғалыс  ӛзін-ӛзі  тану,  ӛзін-ӛзі 
дамыту,  жүзеге  асыру  негізінде  ӛз  дамуының  қозғаушы  күшін  анықтауға 
мүмкіндік береді» [143].  
Cонымен  қатар  педагогикалық  акмеология  іс-әрекет  кәсібилігінің 
деңгейлері мен кезеңдерін айқындайды. Олардың ішінде мыналар негізгі болып 
табылады : 
- мамандықты игеруі; 
- педагогикалық шеберлік; 
- мамандықта педагогтың ӛзін-ӛзі ӛзектілендіруі; 
- педагогикалық шығармашылық. 
Mамандықты  игеру  деңгейі  жоғары  білім  беру  орындарында  білім  алу  іс-
әрекеті    мен  жоғары  оқу  орнынан  кейін  білім  беру  жағдайында  кәсіптік  білім 
алу іс-әрекеті  арқылы жүзеге асырылады. 

39 
 
 
Aл  кәсіптік-педагогикалық  іс-әрекет    арқылы  болашақ  маманның  педагог 
ретіндегі 
мамандықта 
ӛзін-ӛзі 
ӛзектілендіруі 
мен 
педагогикалық 
шығармашылықтың шындалуы жүреді. Педагогтің кәсіптік шығармашылығы – 
оның  білімдер,  дағдылар,  біліктер  мен  кәсіби  маңызды  қасиеттері  дамуының 
жоғарғы  деңгейінде  кӛрініс  беретін  және  оның  кәсіби  іс-әрекетте  жетістігін 
қамтамасыз ететін психикалық  жаңа құрылым. 
Mіне осы  соңғы екі деңгейлерге дейін (мамандыққа ӛзін-ӛзі ӛзектілендіруі 
мен педагогикалық шығармашылықтың шындалуы) жоғары оқу орнынан кейін 
білім 
беру 
жағдайында 
қандай 
негізін 
салушы 
жұмыс 
түрлері 
ұйымдастырылатынын қарастыруымыз керек. 
Инновациялық  әлеует  кәсіби  бағыттылығы  бар  креативтік  іс-әрекетке 
дайындықты  білдіреді.  Жаңа  тиімді  алгоритмдерді  және  тұлғаның  қайтадан 
жасампаздық бағыттылығын игеруде іс-әрекеттің жоғары тиімділігіне әкелетін 
кәсіби  құзіреттіліктің  кәсіптік  міндеттерін  шешудің  жаңа  тәсілдерін  жүзеге 
асыруға  мүмкіндік  береді.  А.А.  Бодалев  пен  Л.А.  Рудкевич  жүргізген 
зерттеулер  және  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізген  мамандардың  кәсіби  іс-
әрекетін талдау оларға ортақ белгіні – инновацияларға бейімділікті, жаңа және 
бейтаныс  жайттарға  дайындықты,  әр  нәрсені  «байқап  кӛруге»  қажеттілікті 
анықтады [144].  
       Kәсіби 
білім  беруде  акмеологиялық  амалды  енгізудің  мәні  
магистранттардың  шығармашылық  әлеуетін  ӛзектендіретін  зерттеуші  және 
қалыптастырушы  әсерлердің  бағытын  анықтаумен,  олардың  кәсіби  және 
іскерлік  жетістікке  қол  жеткізу  мотивациясын  кӛтерумен  ашылады.  Ол  үшін 
оқыту  мен  тәрбиелеудің,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  және  дамытудың  прогрессивті  
қазіргі  әдістемелері  мен  технологияларын  игеруге  магистранттарға  жағдай 
жасалуы  тиіс.  Педагогтарды  дайындау  саласындағы  осы  кӛзқарасты  жүзеге 
асырудың  мақсаты    –  тҧлғаның  акмеологиялық    дайындығын  оның  негізгі 
қасиеті мен кәсібилігінің басты кӛрсеткіші ретінде қалыптастыру. 
Жоғарыдан 
кейінгі 
білім 
жағдайында 
ғылыми-педагогикалық 
мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру  кӛзделеді  ,  ол 
болашақ  маман  тұлғасының  интегралды  сипаттамаларының  бірі  болып,  оның 
кәсіби дамуының (ӛзін-ӛзі дамытудың) объектісіне айналады.  
Болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудағы 
акмеологиялық  амал  шешімді  қабылдау  үшін  ақпаратты  жинақтауды 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді:  нені  және  қалай  жетілдіруге  болады. 
Сонымен,  іс-әрекет  және  тұлға  кәсібилігі  негізінде  жатқан  қасиетті  дамытуға 
бағытталған  тұлғаның  қызығушылықтарын  жүзеге  асырудағы  ықпал  ету 
акмеологиялық  болып  табылады.  Осы  ӛзара  әрекеттесу  акмеологиялық 
мақсаттарға  қол  жеткізуді  қамтиды  (шығармашылық  әлеуетті  жүзеге  асыру, 
игеру, дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіруге, ӛзектілендіруге бағытталған тиімді ӛмірлік 
стратегияларды қалыптастыру және т.б.). 
Қорыта  айтқанда,  магистратура  жағдайында  болашақ  мамандарды 
дайындаудың    акмеологиялық  негіздері  осы  үдерісті  акмеологиялық  әдіс-
тәсілдер тұрғысынан қарастыруды кӛздейдіАкмеология әдіснамалық тұрғыдан  

40 
 
 
іргелі-қолданбалы  сипаттағы  кешенді  ғылым  ретінде  анықталады.  Oның 
іргелілігі  басқа  ғылымдарда  қарастырылмайтын  шынайылық  заңдылықтарын 
танып  білумен  нақтыланады.  Акмеологияның  қолданбалы  сипаты  практикаға 
бағдарланған акмеологиялық технологияларда кӛрініс береді.  
Aкмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне 
ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, 
қоғамдық  және  гуманитарлық  пәндер  тоғысында  пайда  болған,  белгілі  бір  іс-
әрекет  саласында  адамның  жоғары  дәрежеде  акме  дамуы  жӛнінде  ғылым.  
Кемелденуді  ӛздігінен  білім  алу,  ӛзін-ӛзі  түзету,  ӛзін-ӛзі  басқару  құралдары 
арқылы  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге  қабілеттілік  деп  қарастырады.  Жеке  тұлғаның 
дамуын зерттеуде психология мен акмеологияда ортақ және ӛзгеше кӛзқарастар 
бар.  Бұл  айырмашылықтар  акмеологиялық  білімнің  және  ғылым  ретінде 
акмеологияның ӛзгешелігі мен ӛз алдына дербестігін сипаттайды.  
Aкмеологияның  жоғарыда  сипатталған  ерекшеліктеріне  мән  беру  оның 
педагогикалық  мәселелерді  шешудегі  әлеуетін  ашуға  мүмкіндік  берді,  біз 
қарастырып  отырған  «акмеологиялық  дайындық»  ұғымын  негіздеуге  ықпал 
етті. Олар жайлы жұмысымыздың келесі параграфында баяндалады. 
 
1.3  Болашақ  ғылыми-педагогикалық  мамандардың  акмеологиялық 
дайындығының мәні, мазмҧны, қҧрылымы 
Бүгінгі  таңда  белең  алып  отырған  білім  сапасының  тӛмендігі,  мемлекет 
тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оның  нәтижесінің  болмауы, 
білімгерлердің  ӛздігінен  білім  алу  дағдысының  тӛмендігі,  олардың  
оқытушылармен   бірлескен   шығармашылық әрекеттеріндегі    кемшіліктер  кӛп 
жағдайда  білім  саласындағы  шығармашылықтың  болмауынан  туындап  отыр 
деп  санаймыз.  Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие 
үдерісінде 
білім 
алушылардың 
білімге 
деген 
қызығушылықтарын, 
талпыныстарын арттырып, ӛз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге 
жол ашу болып табылады. 
Жұмысымыздың  алғашқы  тақырыптарында  қарастырылып  кеткендей 
бүгінгі  білім  алушы  орынында  отырған  тұлғаның  ертең  білімді  ұстаз, 
тағылымды  тәрбиеші,  басқадан  ойы  озық  тәлімгер  болуы  маман  болып 
қалыптасудың  баспалдақтарында  басталады.  Оның  «акме»  жағдайда  табысты 
еңбек  етуі  студент,  магистрант  шақта  бойына  «шығармашылық»  сапаларды, 
«креативтілік»  қасиетті,  кәсіпті  меңгерудегі  «белсенділікті»,  «шеберлікті»  
дарытумен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  жұмысымызда    бұдан  әрі  қарай 
бірізділікті сақтау логикасына сәйкес аталып кеткен ұғымдардың мәнін ашып, 
олардың  ӛзара  байланыстылығын  және  тәуелділігін  кӛрсетіп,  акмеологиялық 
дайындық  тұрғысынан  зерттеліп  отырған  мәселеде  қандай  орын  алатынын 
анықтаймыз.     
«Шығармашылық» ұғымына қызығушылық адамзат қоғамының ӛмір сүруі 
барысында  сақталып  келеді.  Барлық  кезеңдердің  ғұлама  ойшылдары 
шығармашылық  үдерісінде  табиғат  пен  әлем  арасындағы  үйлесімділік 
тетіктерін, табиғи және әлеуметтік катаклизмаларды болдырмаудың  жолдарын, 

41 
 
 
қоршаған әлем мен адам санасының дамуын зерттеп, кӛрсетеді. 
Философиялық  сӛздікте  «шығармашылықты    –  бұрын  болмаған  жаңа 
нәрсені  жасап  шығару»,  -  деп  түсіндіреді  [145].  Үлкен  энциклопедиялық 
сӛздікте  «шығармашылық»  қайталанбайтын,  тарихи–қоғамдық  мәні  бар, 
жоғары  сападағы  жаңалық  ашатын  іс–әрекет»  деп  түсіндіріледі  [146].  Осы 
анықтамалардың негізінде «шығармашылық» ұғымын жаңа ӛнім жасау немесе 
бұрынғы ӛнімді жаңалап жетілдіру, іс–әрекеттегі қайталанбайтын, ӛзгеде жоқ, 
нәтижелі ӛнім алынатын адамның мақсатты әрекеті ретінде қарыстыра аламыз. 
Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, бұрыннан белгілі нәрсені 
қайталауды  немесе  кӛшіруді  шығармашылық  деп  айтуға  болмайды,  бірақ 
бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің ӛзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны 
жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа  тән құбылыс 
деуге болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
H.А.  Бердяев  ӛзінің  шығармашылықты  зерттеу  жұмысында,  егер  адам 
рухани  бастаудан  бас  тартып,  ӛзінің  күштерін  «технократиялық  патшалықты» 
құруға  жұмсаса,  онда  ол  ӛзінің  адами  бейнесіне  сенбейді,  ӛзінің  шынайы 
мазмұнынан  алшақтайды  деген,  нәтижесінде  жоғары  шығармашылықтың 
қайнар  кӛзі  мен  жоғары  мақсаттылық  қарастырылмай,    шығармашылықтың 
бұлақтары  жабылып,  шығармашылықтың  пәні  жоғалады  –  деп  түсіндіреді 
[147]. 
Cонымен,  философиялық  тұрғыдан,  шығармашылықты  талдау,  мәселені 
шешу үдерісі ретінде адам қажеттілігін қанағаттандыратын тәсілдерді іздеу мен 
әлеуметтік  қайшылықтарды  шешудің  табиғи  байланысын  бірге  қарастыруда 
шығармашылық теориясы негізгі орын алады және қоғам ӛмірінің мәнін, адам 
мен  оның  философиясын  түсінудің  кілті  болып  саналады.  Дегенмен  жаңалық 
деп не  нәрсені  анықтауға  болатындығы  үнемі  сұрақ  туындатады.  Осы  сауалға 
жауап  іздестіру  барысында  философтар  «субъективті  жаңалық»  немесе 
«объективті жаңалық» деген ұғымдарды қолдануды ұсынған.  
Психологияда  шығармашылықты  адамның  табиғи  іздестіру  қажеттілігін 
қанағаттандыру  теориясымен  (С.М.  Бондаренко,  В.С.  Ротенберг  және  т.б.) 
байланыстырады,  сондықтанда,  кӛптеген  психологтар,  шығармашылықты 
«іздестіру  белсенділігі»  ретінде  анықтайды  [148].  Осы  тұрғыдан,  іздестіру 
белсенділігін  мәселелік  жағдаяттың  немесе  сол  жағдаятты  шешу  барысында 
субъектінің ӛзгеруіне бағдарланған белсенділік ретінде қарастырады. Іздестіру 
белсенділігінің  кӛріністерін  ірі  ғалымдар  мен  шығармашыл  тұлғалардың 
жоғары нәтижелі жұмыс еңбегінде байқалады, себебі олар күтпеген жағдайда, 
ӛздерінің  бұрынғы  қалыптасқан  зерттеу  жұмысын  және  жетістіктерін  тастап, 
жаңадан басқа бір іс-әрекетке ауысып кететін болған.      
        Б.М. Теплов ӛз еңбектерінде адамның шығармашылық құраушысы ретінде 
оның  қоршаған  әлемді  ӛзгерте  алу  мен  түрлендіру  қабілетін  қарастырады.  Ең 
бастысы әрекет етіп отырған адамның субъективті қызығушылығы болуы тиіс, 
ол бір қайталанбас дүние жасап отырғанына әбден сенуі керек, іс-әрекет құпия 
түрінде  ӛтіп  тұрса  да,  адамның  қиялы  мен  ерігіне  тәуелді  болатынын  айту 
керектігіне кӛңіл бӛледі [149]. 

42 
 
 
K.А.  Абульханова-Славскаяның  зерттеулерінде  тұлғаның  қоғаммен  ӛзара 
әрекеттесуінің 
күрделі 
динамикалық 
жүйесі 
ретіндегі 
іс-әрекет 
шығармашылықты  дамытудың  кӛзі  болып  қарастырылады  [150].  В.Н. 
Дружинин  адамның  шығармашылық  құраушысын  жоғары  интеллект  пен 
шығармашылық  қабілеттер  жиынтығы  ретінде  тұжырымдайды  [151].  Д.Б. 
Богоявленскаяның  жұмыстарында  адамның  шығармашылық  бастауы  оның 
белсендігі  болып  анықталады    [152].  Бұл  сипаттамалар  шығармашылық 
феноменінің  жүйе  екендігін  және  оның  ішкі  құрамалардан  тұратынын 
дәлелдейді.  Жалпы  айтқанда,  шығармашылық  -  ӛзінің  жаңашылдығымен, 
ӛзгешелігімен  ерекшеленетін,  ӛнім  алуға  мүмкіндік  жасайтын  жеке  тұлғаның 
бойындағы    қабілеттіліктің,  білім  мен  біліктіліктің,  түрткінің  (мотивтің) 
болуымен  сипатталынады.Cонымен,  жоғарыда  қарастырылған  анықтамаларды 
талдау  негізінде,  біз  шығармашылық  тек  адам  белсенділік  танытып,  әрекет 
болған  жағдайда  пайда  болады    деп  тұжырымдаймыз.  Осы  тұрғыдан  алып, 
қарастыратын болсақ, бұл жерде тұлғаның ішкі белсенділігі үлкен маңызға ие.   
Шығармашылық  үдерістің  ғылыми  талдауы  барысында  оның  кезеңдері, 
фазалары анықталынады. Шығармашылық кезеңдерін анықтауда кӛп жағдайда 
бақылау  әдісі  қолданылады.    Бұр  ретте    батыс  зерттеушілері    Дж.  Гилфорд 
[153],  Е.П. Торренс [154] еңбектері орасан зор. Олар шығармашылық үдерістің 
әр кезеңінде тұлғаның бойында әр түрлі сапалық қасиеттер дамитындығын атап 
ӛтеді. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға 
деген  ілтипат,  келесі  сәттерде  шығармашылыққа  деген  күдік,  шығармашылық 
елес  орын  алады.  Егер  де  белгісіздік  кезеңінде  табандылық,  танымдық  ой-
қиялды  дамытса,  еңбектің  нәтижесі  тұлғаны    жоғары  кӛңіл-күйге  бӛлеп,  жаңа 
істерге,  шығармашылық әрекеттерге қанаттандырады.  
ХХ  ғасырдың  соңында,  ғалымдардың  осы  бағыттағы  зерттеулерін 
жалпылап, Я.А. Пономарев шығармашылық үдерістің тӛрт фазасын анықтайды: 
-
 
«бірінші «саналы жұмыс» - дайындалу фазасы (жаңа идеяның интуитивті 
кӛрініс беруі); 
-
 
екінші фаза (санадан тыс жағдайындағы мидың жұмысы)  – пісіп жетілуі 
(проблеманы санадан тысқары талдау). 
-
 
үшінші фаза (санадан тысқары туындаған идеяның саналы деңгейге ӛтуі) 
–  яғни  шабыттану  (сана  деңгейіне  проблеманы  шешудің  идеясы  жетеді, 
алғашқысында, ұстаным, болжам түрінде пайда болады). 
-
 
тӛртінші  фаза  (саналы  түрдегі  жұмыс)  –  идеяның  дамуы,  оның  соңғы 
тұжырымдалуы мен тексерілуі»  [155].  
Cонымен, 
жоғарыда 
қарастырылған 
психолог-ғалымдардың 
тұжырымдарына  сүйенетін  болсақ,  шығармашылық  –  бұл  бірегей  игілік  және 
тұлғаның маңызды сапасы мен ӛзіндік ерекшелік түрлерінің бірі ретінде және 
тұлғаның  табиғи,  әлеуметтік  әлемді  қайта  құрып,  ӛзгертуге  бағытталған 
санадан  тысқары  болатын  және  саналы  әрекет  негізінде  пайда  болатын 
шығармашыл  тұлғаның  ең  маңызды  ерекшілігі  болып  анықталған, 
психологияда  «жағдаят  үстілік  белсенділікпен»  түсіндірілетін  құбылыс.  Осы 
кӛзқарас  тұрғысынан,  шығармашылыққа  бағытталған  адам  үшін  бір 

43 
 
 
шығармашылық  мәселенің  шешілуі  аяқталған  жұмыс  емес,  керісінше  басқа 
жаңа  іс-әрекеттің  басталуы  деген  сӛз.  Психологтардың  зерттеулерінде 
шығармашылық  «қабілеттілік»,  «дарындылық»,  «креативтілік»,  «белсенділік» 
ұғымдарымен түсіндіріледі.ХХ ғасырдың  І – ші жартысында  неміс психологы 
В.Штерн алғашқылардың  бірі  болып  жеке тұлғаның тұтастық ұстанымынан 
келе  дарындылық  пен  қабілетті  барлық  психологиялық  үдеріс  пен  даралық 
сапаларды ӛзара тығыз қарастырады [156].   
Қабілет – осы және басқа ӛндірістік іс-әрекетті табысты орындау жағдайы 
болып  табылатын  тұлғаның  даралық  психологиялық  ерекшелігі.  Қабілетті 
анықтаудағы  ең  басты  үш  кезең  бар:  біріншіден,  қабілет  бір  адамды  екінші 
адамнан  ажыратады,  екіншіден,  дефектіге  қарағанда,  олар  жетістікті 
қамтамасыз  етеді,  үшіншіден,  қабілет  тек  білім,  дағды,  шеберлікті  меңгеруді 
жеңілдетеді. 
Қабілет – жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бӛлігі болып табылады. 
Ғылымға  алғаш  рет  қабілеттілік  туралы  ұғымды  К.К.Платонов  енгізген  [157]. 
Қабілет  ұғымына  берілген  психологиялық  анықтамалардың  саны  ӛте  кӛп. 
Мысалға,  «қабілет  деп  -  әрекеттің  талаптарын  қанағаттандыратын  және  үлкен 
жетістіктерге 
жеткізетін 
адамның 
қасиеттерінің 
синтезін 
айтады» 
(А.Н.Леонтьев)  [158],  «қабілет  –  білім  алуға  қажетті  адамның  психологиялық 
ерекшеліктері» (А.В.Петровский)[159], «қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін 
ойдағыдай нәтижелі  орындауда  кӛрінетін  адамның жеке  қасиеті»  (Т.Тәжібаев) 
[160]. 
Cонымен,  қабілетті  жеке  даралықтың  бір  деңгейінде  орналастыруға 
болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды. 
Қабілет  деп  әр  адамның  белгілі  іс-әрекет  түріне  икемділігін  айтады  немесе 
қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты 
адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп 
атқаруы.  Қабілеттің  екі  деңгейі  бар:  ӛнімді  (білімді  жоғары  дәрежеде  игере 
алуын  қамтамасыз  етеді,  әрекетті  меңгеру);  шығармашылық  (жаңа,  соны 
нәрсені жасап шығаруды қамтамасыз етеді). 
Психологтардың 
кӛзқарасы 
бойынша 
«шығармашылық 
қабілет» 
субъектінің  қандай  да  бір  жаңалық  табудағы  әрекеті.  В.А.  Крутецкий  ӛзінің  
шығармашылық  қабілеттіліктің  құрылымын  зерттеген  еңбегінде:  «Егер 
қабілеттіліктер  деген  ұғымды  жеке  психикалық  қасиеттер  деп  түсінсек,  онда 
дарындылық  дегенді  адамның  ерекше  қабілеттірінің  жиынтығының  бірлігі 
деуге болады» деп тұжырымдайды [161]. 
Ғылыми  зерттеулерде  дарындылық  тұтастық  сипаттама,  қабілеттерді 
жүйеге 
біріктіру 
(Б.Б.Коссов) 
[162], 
адамның 
«жүйелік 
қасиеті» 
(Д.Б.Богоявленская)  [163].  әрекет  мақсатында  қабілеттердің  ықпалдасып 
кӛрінуі (В.Д.Шадриков) [164], деп қарастырылады.  
«Дарындылық»  ұғымы  «қабілеттілік»  ұғымына  ӛте  жақын.    Дарындылық 
әрбір  адамның  ақыл  –  сана,  оқу,  шығармашылық,  кӛркем  ӛнер,  адам  аралық 
қатынастар  түзу  және  психомоторлық  қызметтерінде  кӛрініс  береді.  Дарынды 
адамдарға  тән  қасиеттер:  зейінділік,  жинақылық,  тұрақтылық,  әрқашан 

44 
 
 
қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға 
сай  табандылыққа  ие,  еңбекте  шаршап  шалдығуды  білмейді,  басқалармен 
салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары. Дарындылық дәрежесінің 
артуы  қажетті  білімдермен  ептілік,  дағдыларды  игеріп  әрі  жетілдіріп  баруға 
тікелей байланысты. 
Дарындылық  қандай  бастапқы  құрылым  жағдайы  мен  жоғары  нәтижеге 
жету  мүмкін  екенін  кӛрсетеді.  Бірақта  бұл  нәтижеге  жете  алмауы  да  мүмкін. 
Креативтілік  –  дарындылықтың  маңызды  сипаттамасының  бірі  екені  туралы 
ойды  Н.С.Лейтес  еңбектерінен  кӛреміз  [165].  Осылайша,  креативтілік  ойлау 
дарындылығының компоненті (дарындылықтың басқа түрі сияқты) немесе оны 
дарындылықтың  ӛз  алдына  жеке,  ерекеше  түрі  ретінде  қарастыруға  бола  ма 
деген  сауал  әлі  де  пікірталасты  қажет  етеді.    Дарындылық  –  бұл 
«шығармашылық дарындылық» деген пікір де бар.      
Д.Б.Богоявленская «шығармашылық» пен «шығармашылық дарындылық» 
ӛзі  үшін  синоним  сӛздер  екенін  айтады  [166].    Осылайша,  «шығармашылық 
дарындылық»  дарындылықтың  ерекше,  ӛз  алдына  жеке  түрі  ретінде 
қарастырылмайды,  ол  жеке  модальдық  емес,  кез-келген  еңбек  түріне  тән. 
Шартты  түрде  айтсақ,  «шығармашылық  дарындылық»  кез-келген  әрекет 
орындаудың  жоғары  деңгейі  ғана  емес,  сонымен  қатар  әрекет  субъектісінің 
бастамасы  бойынша  оны  дамыту,  ол  әрекет  субъектісінің  ұстанымы 
нәтижесінің сипаттамасы. 
A.И.Савенков  креативтілік  дарындылық  ретінде  статистикалық  емес, 
динамикалық сипаттама үнемі қозғалыста болатын, дамитын, сондықтан үнемі 
ӛзгеріп тұратынын ескеру қажеттігін айтады [167]. Автор аталған динамикалық 
бағыттың  артықшылығын  дарындылық  ұғымының  элитарлық  болмау 
идеясынан кӛреді.Қазіргі таңда, креативтілікті зерттеу барысында қалыптасқан 
шығармашылықтың  жаңа  психологиялық  тұжырымдамасы  пайда  болды.  Осы 
тұжырымды  түсіндіруде  креативтілікті  бағалаудағы  психометриялық  кӛзқарас 
қолданылады.  Осы  кӛзқарастың  негізін  салушыларына  Дж.  Гилфорд,  Э.П. 
Торренс жатады.   
Kреативтілік 
– 
ағылшынның 
―Creativity‖ 
сӛзінен 
аударғанда 
шығармашылық  деген  мағынаны  береді,  яғни  шығармашылық  психиканың 
даму  тетігі  мен  негізі  ретінде  қарастырылады  (Н.В.  Кипиани  [168], 
А.М.Матюшкин  [169],  Я.А.  Пономарев  [170],    И.Н.  Семенов  [171]  және  т.б.). 
Оны  зерттеу  ойлау  заңдылықтарымен  байланыстырады  (Н.Г.  Алексеев  [172], 
С.М.  Бернштейн  [173],  В.С.  Библер  [174],  О.К.  Тихомиров  [175],    Э.Г.  Юдин 
[176]  және т.б.). 
Педагогикада  креативтілік  мәселесіндегі  күрт  ӛзгеріс  70  жылдары 
басталды.  Шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  педагог-жаңашылдар  пайда 
болды.  Мысалы,  Ш.А.Амонашвили  [177],  И.П.Волков  [178],    С.Н.Лысенкова 
[179]  ,  В.Ф.Шаталовтардың  [180]    жаңашылдық  іс-тәжірибесі  сол  кездегі 
ұстаздар  қауымының  тарапынан  үлкен  қолдауға  ие  болды.  Олардың  білім 
берудегі инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа 
әдістері  насихаттала  бастады,  жаңашылдық  нәтижелері  тек  педагогтарды  ғана 

45 
 
 
емес,  білім  мен  тәрбиедегі  шығармашылықтың  психологиялық  ерекшеліктері 
мен  педагогикалық  психологиядағы  шығармашылық  әрекет  тетіктерін  оқып-
үйрене  бастаған  психологтарды  да  қызықтырады  (И.А.  Зимняя  [181],  Н.В. 
Кузьмина [182] және басқалар). 
Қазақстандық  ғалым  Р.Омарова  диссертациясында  қазіргі  кезеңдегі  білім 
берудің  жаңа  парадигмасы  жағдайында  жеке  тұлғаның  шығармашылық 
бағыттылығын  қалыптастыру  -  оқушының  оқу-танымдық  іс-әрекеттегі 
шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты екенін ғылыми түрғыда 
дәлелдеп,  шығармашылық  қызығушылық  –  тұлғаның  ізденімпаздық  қабілет 
сапасын  дамытудың  негізгі  ӛзегі  болып  табылатынын  айта  келіп, 
«инновациялық  креативті  білім  беру»  ұғымына  анықтама  береді.  Ғалымның 
пайымдауынша  «инновациялық  креативті  білім  беру»  –қазіргі  мектептерде 
оқытудың  шығармашылық  қызметі  сапасын  анықтайтын,  жаңаны  тану  мен 
жасауға  бейімделу  арқылы  танылатын  әрбір  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағыттайтын интеллектуалдық  үдеріс [183]. 
Kреативтіліктің  әмбебап  танымдық  шығармашылық  қабілет  ретінде 
қарастырылуы  шет  елдік  психолог  Дж.  Гилфорд  [184  ]  еңбектерінің  жарыққа 
шығуымен байланысты. Гилфорд ойлау операцияларының екі түрін ажыратып 
кӛрсетеді:  конвергентті  және  дивергентті.  Ол  конвергентті  ойлауға  деген 
қабілеттілікті тесттік интеллектпен теңестіріп, оны IQ жоғары жылдамдықтағы 
тестпен  ӛлшеуге  болатынын  кӛрсетеді.    П.Торренс  «креативтілікті» білім 
игеруде кездесетін қиындықтарды, білімдегі ақауларға немесе үйлесімдіктердің 
бұзылуына  жоғары  сезінушілік  ретінде  қарастырып,  осы  мәселелердің 
анықталуының,  олардың  шешімдерін  іздестірудің,  болжамдарды  ұсынудың 
және оларды тексерудің, болжамдарды ӛзгерту мен қайта тексерудің, сонымен 
қатар шешімдердің нәтижесін қалыптастыру мен жариялаудың  қабілеті болып 
табылады  –  деп  түсіндірген.    Креативтілік  моделінің  негізгі  үш  белгісі:  ой 
ұшқырлығы 
(нәтижелігі-ӛнімділігі); 
жағдаяттардағы 
икемділік; 
тұлғалық ерекшелік, ӛзіндік шешім [185].     
M.  Воллах  және  Н.  Коган  ӛз  еңбектерінде  Гилфорд  пен  Торренстің  және 
олардың  шәкірттерінің  интеллекті  ӛлшеудің  тестік  үлгілерін  креативтілікті 
ӛлшеуге қолдануын үлкен қателік ретінде қарастырады. Осылайша осы тестер 
интеллекті ӛлшеуге арналған тестер секілді  IQ-ді ӛлшейтін болған  [186].  Осы 
авторлар  уақыттың  қатаң  лимиттеріне,  жарысу  ахуалына  және  жауаптардың 
дұрыстығының  бір  түрінде  болатынына  қарсы  пікірлер  айтқан,  яғни  
креативтіліктің  дәлдік  ӛлшемін  жоққа  шығарған.  Осы  тұрғыдан  олардың 
пікірлері  Гилфордтың  дивергентті  және  конвергентті  ойлау  түрлерін  ажырату 
туралы ойларымен үйлеседі.  М. Воллах және Н. Коганның пікірлері бойынша 
шығармашылықты  кӛрсету  үшін  еркін  ахуал  қажет.  Ең  бастысы, 
шығармашылық  қабілеттерді  зерттеу  мен  тестілеуді  кәдімгі  шығармашылық 
жағдайда жүргізу керек. Сол кезде сыналушы тапсырманың мазмұны бойынша 
қосымша  ақпаратты  еркін  пайдалана  алады.  Воллах  пен  Коганның  бұл 
кӛзқарастары  креативтілік  пен  интеллект  арасындағы  байланыс  мәселесіне 
басқаша қарауға септігін тигізді.      Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген 

46 
 
 
анықтамалары  мен  ұғымдарын  талдай  және  жалпылай  отырып,  Р.  Холлменн 
былай дейді [187]:  
«Креативтілік  жаңа  тәсілмен  жүзеге  асырылған  қабылдау  ағыны 
(Маккеллар),  жаңа  байланыстар  табу  қабілеті  (Кюби),  жаңа  қарым-
қатынастардың  пайда  болуы  (Роджерс),  жаңа  шығармалардың  туындауы 
(Меррей),  жаңалықтар  ашуға  және  оларды  білуге  қабілеті  (Лассуэль),  жаңа 
шешімдерге  әкелетін  ақыл-ой  іс-әрекеті  (Жерар),  жаңа  ұғымға  тәжірибені 
кӛшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)».  
Eнді  креативтілікті  зерттеудегі  әлеуметтік-тұлғалық  кӛзқарасты  талдап 
кӛрейік.  Осы  кӛзқарас  тұрғысынан  креативтілік  тұлғаның  жүйелі  қасиеті 
ретінде  анықталынады.  Шығармашылықтың  альтернативті  тұжырымдамасын 
психолог  Эдварл  де  Боно  ұсынады.  Ол  шығармашылық  тетігін  түсіндіруде 
латералды ойлаудың маңыздылығын кӛрсетті.  
Шығармашылық  ойлау,  Эдварл  де  Бононың  пікірінше,  латералды  ойлау 
дегенді  білдіреді  (lateralis  –  боковой)  [188].  Зерттелінетін  мәселенің  барлық 
қырларын, соның ішінде ерекше логикалық ойлауда қолданылмайтын әдістерін 
қарастырады.  Осы  тұрғыдан  латералды  ойлайтын  адам  ешқашан  қателеспейді 
екен.  
Cонымен 
қатар,  креативтілікті  зерттеуде  отандық  ғалым  Қ.М. 
Нағымжанова  зерттелетін  мәселенің  тұжырымдамалық  негізін  қабылдау 
арқылы  жүйені  сапалы  интерпретациясы  креативтік  ұғымының  үш 
қырлылығын сипаттайды: 
1.
 
Педагогикалық  креативті  үдеріс  оның  эвристикалық  мазмұнымен 
реттелетін,  сонымен  қатар  идеяны  анықтауда  креативті  нәтижеде  жүзеге 
асырылған  креативтілікті  қалыптастыру  мақсатында  ізденістік-әрекеттік  және 
коммуникативтік – бірлескен әрекет ретінде; 
2.
 
Педагогикалық  креативті  нәтижеде  белсенетін  жасаушы  үдеріс,  бұл 
материалдық құндылық ретіндегі жаңа зат, жаңа ӛнім, рухани аумақтағы жаңа 
нәтижені  объективті  және  субъективті  жасау  ғана  емес,  бір  мезетте  тұлғаның 
креативті әлеуетін қалыптастыру болып табылады; 
3.
 
Педагогикалық  креативтілік  тұлғалық  категория  ретінде  әлеуетті, 
рефлексивті  және  ӛзектенетін  креативті  қамтиды  және  креативті  үдеріс  пен 
нәтижеде  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  ӛзектендіруі  негізінде  оның  даму  динамикасын 
жүзеге асыратындығын атап кӛрсетеді. [23,92 б.]  
Cонымен, кӛптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның 
ерекшелігіне  немесе  қасиетіне  басты  назар  аударады.    Креативтілікті 
қалыптастыру  мәселесіне  сәйкес  жазылған  еңбектерді  саралай  келе 
креативтіліктің  мына  тӛмендегі  құрылымдық  бӛліктерін  бӛліп  кӛрсетуге 
болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық 
қабілеттер,  ӛзіндік  ой-пікірлерде  тұра  білу,  ӛзіне  сын  кӛзбен  қарау,  қисынды 
ойлау, жаңаны сезгіштік, әр нәрсеге күмән келтіру.Cоңғы жылдары жүргізілген  
зерттеу  жұмыстарында  креативтіліктің  бірнеше  сипаттамалық  параметрлері 
қарастырылады. Соның бірін тӛмендегі суретте келтіріп отырмыз.
 
 
 

47 
 
 
 
 
Сурет 1 -  Креативтіліктің сипаттамалық параметрлері 
 
Tұлғаның  әлеуетінің  маңызды  элементтері  ретінде  И.А.  Беспалов  «акме-
мотивацияны»  анықтайды.  Бұл  тұлғаның  ерекше  психикалық  құрылымы.  Ол 
адамның  ӛзін-ӛзі  дамытудағы    белсенділігін  туындататын  ұмтылыстардың 
барлық  түрлерін  қамтиды  (мотивтер,  қажеттіліктер,  қызығушылықтар, 
мақсаттар, әдеттер және т.б.).  
И.А. Беспаловтың пікірінше, акме-мотивацияның негізінде жетістікке қол 
жеткізу  мотивациясы  жатыр.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  шығармашыл 
тұлғаның акмеге қол жеткізуде ішкі ұстанымы болуы тиіс. Оны И.А. Беспалов 
тұлғаның акмеологиялық бағыттылығы деп анықтайды [189]. 
Oсыған 
орай,  болашақ  мұғалімдерді    кәсіби  шығармашылыққа 
бағыттайтын  оқу  орындарының  негізгі  мақсаттары  –  әрбір  білім    алушының 
осы  сипаттамаға  сәйкес болып  қалыптасуы  мен  дамуына жағдай  жасау  болып 
табылады.  
B.Д. Шадриковтың «кәсіби маңызды қасиеттер» тұжырымдамасы негізінде 
тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері – бұл кәсіби іс-әрекетті игеру жетістігіне 
және  оның  тиімділігіне  әсер  ететін  іс-әрекет  субъектісінің  жеке  қасиеттері 
[190].  Тұлғаның  кәсіби  маңызды  қасиеттері  кәсіптік  білім  беру  барысында, 
болашақ  мамандарды  немесе  магистранттарды  оқу-кәсіптік  қауымдастыққа 
тарту 
және 
оқу-кәсіптік 
іс-әрекетті 
игеру 
арқылы 
дамиды, 
жетілдіріледі.B.A.Aндpeeв 
ӛзiнiң 
oқу-шығapмaшылық, 
oқу-зepттeушiлiк 
бaғдapлaмacындa  iздeнiмпaздық  пeн  жacaмпaздық  ic-әpeкeттepдi  дaмытудың 
жoлдapын  кӛpceтiп,  мaңызды  тұжыpымдaмa  жacaғaн.  Oлapдың  eң  тиiмдiлepi 
peтiндe  мынaлapды  кӛpceткeн:  ic-әpeкeттiң  қapaпaйым  түpiнeн  күpдeлiлiккe 
бipтiндeп  кӛшу;  күpдeлi  тaпcыpмaлapды  opындaй  aлaтын  cтудeнттepдiң 

48 
 
 
ӛзгeлepгe  жәpдeм  жacaуын  қaлыптacтыpу;  жaңa  тexнoлoгиялapды  пaйдaлaну 
cтудeнттiң дaғдылы ic-әpeкeтi бoлуы қaжeт; cтудeнттiң тaпcыpмaлapды мұқият 
opындaуын бaқылaуды бipтiндeп күpдeлeндipу, cтудeнттiң ӛзiн-ӛзi бaғaлaуынa 
жaғдaй  жacaу;  әpбip  cтудeнттiң  ӛз  бeтiмeн  opындaғaн  жұмыcтapын  ұжымдық 
жұмыcтың  құpaмдac  бӛлiгi  peтiндe  қapaудaн  бұpын  шaғын  тoптapдa  тaлқылaп 
бaғaлaу жұмыcын жүpгiзу [191].Iс-әрекет тиімділігі мәселесінің ӛзі де адамның 
кәсіптік  маңызы  бар  қасиеттерінің  айқын  білінетін  немесе  жетіспеушілігі 
ракурсінде  зерттелгені  түсінікті.  Зерттеулердің  осы  арнасында  жүргізілген 
талдау кәсіптік маңызды сапалардың әртүрлі кешендері бола тұра, тұлғаның бір 
қатар қасиеттері болады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді, олар басқа 
да  жағдайлармен  бірге  кез  келген  іс-әрекетті  орындаудың  тиімділігі  үшін 
маңызды  болып  табылады.  Оларға,  Г.С.  Никифиров  атап  кӛрсеткендей,  ең 
алдымен  жауапкершілік,  ӛзін  ӛзі  бақылау,  кәсіптік  ӛзін  ӛзі  бағалау  (кәсіптік 
ӛзіндік  сана  құрамдас  бӛлігі  ретінде)  және  бұдан  да  әжептеуір  айрықша  – 
эмоциялық  тұрақтылық,  қауіптену  жатады  [192].  Осы  қасиеттердің  барлығы 
болашақта шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімнің бойынан табылуы 
тиіс.  «Педагогикалық  шығармашылық»  және  «педагогикалық  шеберлік» 
ұғымдарын  талдай  отырып,    М.М.  Поташник  олардың  мағыналары  жағынан 
ұқсастығын  атап  кӛрсетеді  [193].  Ал  Н.В.  Кухарев  педагогикалық 
шығармашылықты  ӛлшеу  педагогикалық  шеберлікті  ӛлшеумен  бірдей  емес 
деген  пікірді  айта  отырып,  педагогикалық  шығармашылықты  ӛлшеудің 
ӛлшемдерін жасаған [194] (кесте 1).  
 
Кесте    1  -    Педагогикалық  шығармашылықтың  ӛлшемдері    (Н.В.Кухарев 
бойынша) 
 
Ӛлшемдері 
Олардың қызметте байқалу түрлері (кӛрсеткіштері) 


1.Жаңашылдық 
және 
оның 
түпкіліктілігі 
Материалды берудің түпкіліктілігі: 
-
 
білім беру мазмұнының түпкіліктілігі; 
-
 
пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі; 
-
 
жаңа әдістер, үлгілер, олардың түпкілікті байланысы
-
 
қолданылып жүрген әдістер, тәсілдер мен үлгілер дәрежесін ӛзгерту; 
-
 
жаңа авторлық әдістеме; 
-
 
жаңа педагогикалық технология; 
-
 
жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі; 
-
 
педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі. 
2.Ғылыми 
дәлелділігі 
 
 
 
 
 
 
 
Педагогикалық-психологиялық  ғылымдардың  жетекші  идеяларына 
сүйену: 
- ӛзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру; 
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерге сүйену; 
-  басқа  салалардағы:  медицина,  акмеология,  философия,  социология 
және т.б. білімдерді пайдалану. 

49 
 
 
1 – кестенің жалғасы 
 


3.Әлеуметтік-
психологиялық 
ерекшелігі 
Педагогтің ӛзі үшін ізденудің ерекшелігі: 
- әріптестер үшін ерекшелігі
- оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі; 
- әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі; 
- білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет 
дәрежесі; 
-  барлық  аймақтық  білім  беру  жүйелерін  дамытудағы  тәжірибелер 
ерекшелігі. 
4.Болашақтылы
ғы, 
қолайлылығы 
Оқушылардың жұмысқа қабілеттелігін ӛсіру дәрежесі: 
- педагогтер мен оқушылар қызметінің тиімділігі
-  педагогикалық  нәтижені  аймақтық  жағдайлар  мен  әлеуеттік 
мүмкіндіктеріне сай тұрақты жақсартуы; 
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту; 
- сыртқы себептерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себептерді кеңейту; 
- болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық шығын дәрежесі. 
5.  Ӛзара  әрекет 
тиімділігі 
Педагогтің оқушыға ықпал ету дәрежесінің ӛзгеруі: 

педагогикалық  нәтиженің  сапалық,  сандық  кӛрсеткіштерінің 
динамикасы; 
-  оқушылардың  психофизиологиялық  ерекшеліктеріне  педагогикалық 
әрекеттердің сәйкестік икемділігінің дәрежесі; 
- педагогтің ӛзінің оқушылардың ықпалын ӛзгерту дәрежесі; 
-  оқушыларды  тұлға  ретінде  инновациялық,  шығармашылық  тұрғыда 
дамытудағы педагогтің тұлға ретіндегі ерекшелігі; 
- жаңа әдістердің туындауы. 
6.Қанағаттану
шылық 
Педагогтің шығармашылық қызмет үдерісіне: 
- педагогтің ӛз қызметінің нәтижесіне; 
- оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі; 
- оқушылардың еңбектестік үдерісіне; 
- оқушылардың педагог қызметін атқару үдерісіне; 
- сезімдік-адамгершілікті жетілдірудің ӛзара нәтижелері; 
- ақыл-ойдың ӛсуінің нәтижелері; 
- ӛзіндік даму және ӛзіндік жетілу жолын таңдауына; 
-  педагог  пен  оқушылардың  тұрақты  шығармашылықты  дамыту 
бағытына. 
7. 
Hәтиженің 
тұрақтылығы 
- Педагогтің қызметі бойынша кӛрсеткіші; 
- пәнді оқыту кӛрсеткіші; 
- басқа педагогтердің пән бойынша кӛрсеткішіне қатысы; 
- туыстас пәндерден сабақ беретін педагогтермен байланысы; 
- білім беру жүйесіне қатысы. 
8. Бейімділігі 
Ӛзіндік шығармашылыққа ынталандыруы: 

педагогикалық 
технологияны 
меңгеру 
шығармашылығының 
мүмкіндігі; 
-  педагогтің  жеке  қасиетіне  сай  әдістер  мен  технологияларға  бейімделу 
мүмкіндігі; 

туыстас пәндерден сабақ беретін педагогтердің қызметіне, педагогикалық 
инновацияны пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі
- білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі; 
- әр түрлі жағдайға бейімділігі.
 

50 
 
 
Cонымен, 
болашақ 
мұғалімнің 
педагогикалық 
шығармашылығы 
мыналардан байқалады: 
1. Алынған кӛрсеткіштерге талдау жасау; 
2. Кезіккен мәселелерді, жағдаяттарды сезіну; 
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық ӛзара әрекет жүйесін құру; 
4.  Ӛз  қызметінде  бағдарланған  міндеттерді  шешуді  тұрақты  түрде  кері 
байланыс  арқылы  жүзеге  асыру.  Ал  мұның  барлығы  мұғалімнің  кәсібилігіне 
байланысты болмақ. Ол біріншіден, ӛзінің еңбегінің нәтижесін ӛлшеу біліктілігі 
мен  қызметінде  сапалы  кӛрсеткіштерге  жетуі.  Екіншіден,  практикалық 
қызметте  педагогтің  сапалық  кӛрсеткішін  зерттеу  біліктілігі.  Бұл  шебер-
педагогтің,  шығармашыл-педагогтің  ӛз  қызметіне,  оның  нәтижесіне  талдай 
жасай білу біліктілігін кӛрсетеді.  
Kең  мағынада,  тұлғаның  кәсібилігі  еңбек  субъектісінің  қасиеттері  мен 
түрлі сипаттамаларының даму деңгейіне қойылатын талаптарды қамтиды. Oлар 
кӛп  жағдайда  кәсіби  іс-әрекеттің  жоғары  тиімділігін  айқындайды.  Осы 
қасиеттер,  сапалар  мен  сипаттамалардың  түрлі  психологиялық  мазмұны  бар. 
Tұлғаның  кәсібилігіне    қабілеттер  дамуының үдерісінде  және  нәтижесінде  қол 
жеткізуге болады. Бұл еңбек субъектісінің әлеуетінің маңызды сипаттамалары.  
Болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру 
теориясында  қарастырылатын  тағы  бір  ұғым  «кәсібилік».  Кәсібилік  – 
акмеологияның  мазмұны  жағынан  кең  тараған  категориясы.  Оны  шешімдер 
қабылдаумен  байланысты  белгілі  бір  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  жеткілікті 
тәжірибенің, білім, білік және дағдылардың деңгейін бейнелейтін мамандардың 
іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаты ретінде түсінеміз.  
A.А.  Деркачтың  тұжырымдамасында  кәсібиліктің  дамуы  процессуалдық 
жағынан  жүйелік  позициялар  тұрғысынан,  атап  айтқанда  іс-әрекет  және  тұлға 
кәсібилігінің шағын жүйелерінің дамуымен, ӛзін - ӛзі дамытуға және жетістікке 
жету,  ӛзін  -  ӛзі  рефлексивті  ұйымдастырумен  байланысты  және  тұлғаның 
шығармашылық әлеуетінің ашылуы аясында қаралады. Мұндай шағын жүйелер 
бесеу:  іс-әрекет  кәсібилігі,  тұлға  кәсібилігі    және  мінез-құлық  нормативтілігі, 
ӛнімді  Мен–тұжырымдамасының  қалыптасуы.  Іс-әрекет  кәсібилігінің  шағын 
жүйесі жоғары кәсіптік құзыреттілік пен іскерліктердің, шеберлік деңгейіндегі 
дағдылардың, 
сондай-ақ 
арнаулы 
базистік 
іскерліктердің 
үйлесімді 
сабақтастығын білдіреді [195].  
Tұлғаның  кәсібилігі  іс-әрекеттің  нәтижелілігіне  әсерін  тигізетін  кәсіби-
маңызды  қасиеттердің  және  тұлғалық-іс-әрекеттік  қасиеттердің  дамуымен 
байланысты.  Тұлғаның  интегралды  психикалық  қасиеттері  кәсіби-маңызды 
қасиеттері  болып  келеді  –  зейін,  ес,  қиял,  сонымен  қатар  психологиялық 
сипаттамалар – эмоциялық жағымды күй, тұрақтылық, шыдамдылық және т.б. 
Ӛзін-ӛзі дамыту мен жетілдірудің ішкі реттеушісі болып анықталатын тұлғаның 
күштілігі мен оның еріктік қасиеттері.  Кейде кәсіби-маңызды қасиеттер тобына 
тұлғалық-іс-әрекеттік  қасиеттер  жатады:  ұйымдастырушылық;  жауапкершілік; 
тәртіптілік; инициативтілік; зеректілік.  
Kәсібиліктің  акмеологиялық  инварианттары  іс-әрекет  ерекшелігінен 

51 
 
 
салыстырмалы  тәуелсіздікке  ие  және  іс-әрекеттің  жоғары  тұрақты  жетістігін 
қамтамасыз  ететін  негізгі  қасиеттер  мен  іскерліктер  болып  табылады.  Олар, 
соның  ішінде,  субъектінің  ӛзін-ӛзі  дамытуға  итермелейтін  ішкі  қозғаушы 
күштерден де кӛрінеді.  
Tұлғаның  креативтілігі  міндетті  түрде  кәсіби  іс-әрекетте  міндеттерді 
шешудің  жаңа  тиімді  амалдарын  шығармашылықпен  іздестіру  барысында 
жүзеге  асады.  Психологтардың  пікірінше,  шығармашылық  үдерістің  ӛзі, 
сонымен оның барысында алынған жаңа нәтижелер тұлғаның шығармашылық 
белсенділігін күшейтеді.  
E.В.  Селезнева  кӛрсеткендей,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруды  оның  барысында 
рухани  мәнін  ӛзін  ашатын,  жаңаратын  және  жетілдірілетін,  адамның  тұтас 
тұлғалық-әрекеттік  жай-күйінің  тереңін  басымдықты  ӛзгерту  үдерісі  ретінде 
қарау қажет. Бұл ӛзінің жеке басының сапалық, негізгі бастауларын дамытуды 
кейіннен  «жоспарлай»  отырып,  ӛзінің  тіршілік  әрекетінің  шын,  ақиқат 
мақсаттарын  ұғыну  арқылы  субъектінің  мақсатты  жұмысының  нәтижесінде 
ғана  болуы  мүмкін.  Осылайша,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыру  адамның  рухани  ашылу 
шығармашылығы  мен  нысаны  қызметін  атқарады  [196].    Ӛзін  дамытуды 
субъективті  түрде  тұлға  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  үдерісі  ретінде  қабылдайды,  ал 
адамның  кәсіпқой  ретінде  және  дербестік  ретінде  ӛзін  ӛзі  іске  асыруы  оның 
нәтижесі болып табылады.  
A.К.  Маркова  кәсібиліктің  мынадай  деңгейлерін  бӛліп  кӛрсетеді: 
кәсібилікке дейінгі, кәсібилік, үлкен кәсібилік деңгей [197]. Кәсібилікке дейінгі 
кезеңде субъект мамандықтың нормалары мен ережелерін меңгермейді, жоғары 
және шығармашылық нәтижелерге қол жеткізе алмайды. Кәсібилік деңгейінде 
ол  кәсіпқойдың  қасиеттерін  жүйелі  түрде  меңгереді.  Атап  айтқанда: 
мамандықтың нормаларын игереді, іс-әрекетке жеткілікті жоғары нәтижелерге 
қол  жеткізеді,  ӛзін  мамандыққа  лайық  деп  саналы  түрде  игереді,  яғни 
идентификациялайды. 
Жоғары 
кәсібилік 
деңгейінде 
субъект 
ӛзінің 
мамандығында  белгілі  шеңберден  шығады  және  оны  ӛзінің  жеке  үлесімен 
байытады. Кәсібилік емес (жалған кәсібилік) деңгейде субъект немқұрайлы, іс-
әрекетті  сырт  кӛзге  белсенді  орындайды.  Алайда  оның  кәсіби  қалыптасуында 
деформация  байқалады,  олар  мысалы,  тиімсіз  және  іс-әрекет  нормаларына 
сәйкес  келмейтін  орындаудан  кӛрінеді.  Оған  зейнет  жасына  дейінгі  адамдар 
жететін кәсібиліктен кейінгі деңгейде, адам «ӛткен уақыттағы кәсіпқой» болып 
табылады  және  ӛзінің  кәсіби  тәжірибесін  үйрететін  кеңесші,  тәлімгер  рӛлін 
атқара алады.  
Cонымен, кәсібилік акмеологияның басты категориясы болады. Ол жалпы 
және кәсіптік білім беру барысында  қалыптасады. Оның әрі қарай дамуының 
(«кәсіби  акмеге  жылжу»)    негізгі  шарты  болып  кәсібилікке  құндылықтық 
қатынас  ретіндегі  тұлғаның  үздіксіз  кәсіптік  ӛзіндік  білім  алуы  мен  ӛзін-ӛзі 
дамыту қарастырылады.  
Cонымен, кәсіби маман – бұл тұлға кәсібилігінің және іс-әрекеттің жоғары 
кӛрсеткіштеріне  ие,  жоғары  кәсіби  және  әлеуметтік  мәртебесі  бар,  жағымды 
әлеуметтік  маңызға  ие,  ӛзін-ӛзі  дамытуға  және  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге,  тұлғалық 

52 
 
 
және кәсіби жетістіктерге бағдарланған, тұлғалық және әрекетшіл нормативтік 
реттеудің серпінді дамушы жүйесінің субъектісі.  
Mұндағы ӛзін - ӛзі дамыту алгоритмдері жүйесі: 
-
 
Tұлғалық  –  кәсіби  ӛсу  мақсатымен  тұлғалық  және  кәсіби  ӛзін  ӛзі 
танудағы қажеттіліктерді жандандыруды; 
-
 
Психологиялық  тұрғыда  ӛзін-ӛзі  диагностикалау  және  оларды  игерудің 
негізгі тәсілдерімен танысуды; 
-
 
Kәсіби  іс-әрекет  объектілері  мен  субъектілеріне  кәсіби  және  гуманистік 
құнды нұсқауларды, эталондар мен нормаларды қалыптастыруды; 
-
 
Iс-әрекет және адам кәсібилігі дамытуды
-
 
Ӛзін ӛзі кәсіби жетілдіруде қажеттілікті қалыптастыруды қамтиды. 
Aл кәсіби іс-әрекет тиімділігі мынадай кӛрсеткіштермен сипатталады: 
-
 
ӛнімділік  –  кәсіби  технологиялардың  белгілі  бір  жиынтығын  іске  асыру 
арқылы іс-әрекет мақсатына жету мүмкіндігі; 
-
 
интенсивтілік  –    іс-әрекеттің  технологиялық  құрамын  іске  асыру 
жылдамдығы; 
-
 
қауырттық  –  іздеген  нәтижені  алуға  жеткізген  «технологиялық»  тізбек 
ұзындығының сипаттамасы; 
-
 
дәлдік – қимылдардың ӛз технологиясына сәйкестігі; 
-
 
cенімділік  –  іс-әрекет  параметрлерінің  шарттары  ӛзгерген  және 
күрделенген кездегі тұрақтылығы, экстремалды ахуал жағдайларында ӛнімді іс-
әрекетті жүзеге асыру мүмкіндігі; 
-
 
ұйымшылдық  –  кәсіпкердің  бүкіл  уақыт  кӛлеміндегі  ӛнімді  кәсіптік 
технологияларды іске асыру уақытының үлесі; 
-
 
жанамалық – іс-әрекеттік сыртқы жағдайларына назар аудару қажеттігі. 
Kәсіби  іс-әрекетте  қоғамдық  мәні  бар  жетістіктің  болуының  критерийі 
ӛзіне әріптес-мамандардың назарын аударған жетістіктерге қол жеткізу болып 
табылады. Еңбек субъектісінің жеке басы үшін ӛзінің бұрынғы  нәтижелерінен 
асқанын  және  нәтиженің  осы  сәті  үшін  ең  жоғары  мүмкін  жетістікке  жетудің 
субъективтік критерийлері болып табылады.   
Kәсіби  даму  мен  жетілудің  факторлары  мен  шарттарын  зерттеудегі 
акмеологиялық  бағыт  мамандардың  шығармашылық  және  инновациялық 
әлеуеттерін  айырып  кӛрсетеді.  Мәселен,  шығармашылық  әлеует  адамның 
жүйелі қасиеті ретінде қаралады, ол:  
-
 
жаңашылдық 
іс-әрекетке 
мұқтаждығымен, 
инновацияларға 
бейімділігімен; 
-
 
іс-әрекетінде  айқындалатын  қызығушылықтардың  жасампаздығы,  әрі 
қайта құруға бағыттылығымен
-
 
дамыған  қиялмен,  ассоциативтік  байланыстардың,  аналогияларды  жеңіл 
қалыптастыруымен; 
-
 
интеллектуалдық жоғары даму деңгейімен; 
-
 
«идеяларды» генерациялау және әзірлеу дербестігімен сипатталады [198]. 
        Aвторлар  іс-әрекет  тиімділігінің  шығармашылық  тұрғыда  ӛзін  жетілдіру 
мәселелерімен  байланысын  ескере  отырып,  ӛзін  ӛзі  жетілдіру  және  кәсіби 

53 
 
 
жетістіктер мотивтерін жандандыру, сондай-ақ іс-әрекет барысында креативтік 
технологияларды  игеру  іс-әрекет  креативтілігін  арттырудың  негізгі  тәсілдері 
болатынын анықтады.  
       «Kәсіптік  құзырлылық  –  кәсібиліктің  маңызды  құраушысы  мен  оның 
жоғары  деңгейінің  кӛрсеткіші.  Кәсіптік  құзырлылық  осы  құзырлылықтың 
әрқилы  түрлері  негізіне  жататын  белгілі  бір  бағыттағы  кәсіптік  міндеттерді 
табысты шешуде кӛрініс береді [199]. 
Cондықтан шеберлік кәсібиліктің бір бӛлігін құрайтындығын байқау қиын 
емес.  Акмеологияны  зерттеуге  үлкен  үлес  қосқан    А.А.  Деркач  шеберлік  пен 
кәсібилік  белгілерінің  ара  қатынасын  белгілеу  негізінде  акмеологиялық 
кӛрсеткіштердің,  іс-әрекет  кәсібилігі  ӛлшемдерінің  тӛмендегідей  жүйесін 
ұсынды:  
- іс-әрекеттің жоғары тұрақты ӛнімділігі және тиімділігі; 
- оңтайлы қауырттылығы және еңбек қарқындылығы
- іс-әрекеттің жоғары дәлдігі және сенімділігі; 
- жоғары ұйымшылдығы; 
- сыртқы факторлардан тәуелділіктің тӛмендігі; 
- креативтілігі; 
- оң әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге бағыттылығы [200]. 
Шеберлік категориясы тұлғалықтың мағыналылығы, субъектінің іс-әрекеті 
мен  даралығы,  ересек  адамның  «кәсібилігінің»  және  «тұлғалығының»  шыңы. 
Оны  ӛлшеудің  пәнін  зерттеу  барысында  жасампаз  іс-әрекет        субъектісінің 
шеберлігінің    белгілері:  «ӛзіндік  сананың  жоғары  деңгейі»,  «жауапкершілік», 
«ӛнім  сапасы»,  «шығармашылық  шыңы»,  «білімнің  жоғарылығы  (кәсібиліктің 
кӛрініс беруі)», «жетілудің шыңы» (ӛнімде), «ойлау ӛнері» (жасампаздану мен 
ӛнімділік барысында), «сӛйлеу мәдениетінің шыңы» ретіндегі «мәдениттіліктің 
жоғары деңгейін кӛрсету», «руханилықтың биік шыңына жету» (шыншылдық,  
ізгіліктілік,  такт).  «Шеберлікті»  осындай  синтетикалық  тұрғыда  түсіну    іс-
әрекет барысындағы тұлға «акмесі», «ӛнімге  оның барынша енуі», «ізделінген 
нәтижеге  қол  жеткізу  жолында  болатын  әртүрлі  жағдайды  және  ӛзін  ӛзі 
бағындырудың жоғары сатыларының  жүйесі» ретінде ұғынылады. 
Педагогикалық  шеберлік    ең  алдымен  қандай  жағдай  болмасын  қажетті 
деңгейдегі  дамуға  қол  жеткізуге  болатын  оқу  үдерісін  ұйымдастыру    білігіне 
байланысты.  Педагогтың  кәсіптік  шеберлігін    жетілдірудің  жаңа  кӛзқарасы 
ЖОО-ғы білім беру  үдерісін  жетілдіруге  бағытталған оның  біліктілігін  кӛтеру 
және ӛзін-ӛзі білімдендірудің түрлерін, сонымен бірге мазмұнын қарастырумен 
анықталады.  Яғни  бұл  дегеніміз  мета  механизмдерді  жүзеге  асыру  болып 
табылады, ӛйткені оның нәтижелілігі (ӛнімділігі)  бітірушілердің және білімнің 
сапасында кӛрінеді.  
Жоғары  мектептің  кәсіби  ортасымен  ӛзара  әрекеттесуінде  байқалатын 
кәсібилікке  қол  жеткізудің    құралы  ретінде  педагогикалық  шеберліктің 
тӛмендегі тетіктерін қарастырамыз: 
-
 
білімді толықтыру арқылы бейімделу; 
-
 
болашақ 
мамандықтың 
бейнесіне 
сәйкес 
кәсіби 
сәйкестік 
(идентификация); 

54 
 
 
-
 
білім алушының ішкі белсенділігін күшейту.  
Mұнда кәсібилікке қол жеткізу деп шеберлікті ғана емес, сонымен бірге аса 
маңызды 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерді 
(мақсатқа 
талпынушылық, 
бастамашылық,  ұйымшылдық  және  басқалары),  мінездік  ерекшеліктерін 
(табандылық,  жауапкершілік  және  басқалары),  интеллектуалдық  қасиеттерді 
дамыту  және  шығармашылық  әлеуетін  ашуды  да  түсінеді.  Нағыз  кәсіби 
маманның  қалыптасуы  әрқашан  маманның  тұлғалық-кәсіби  дамуымен 
байланысты  
Cонымен,  «шығармашылық»,  «креативтілік»,  «шығармашылық  әлеует», 
«шығармашылық белсенділік», «педагогикалық шеберлік» категориялары ӛзара 
байланысты және тәуелді бола отырып, болашақ мамандардың акмеологиялық 
дайындығының  құрылымдық  компоненттері  болып  табылады.  Сондықтан 
біздің  зерттеу  жұмысымызда  педагогикалық  шығармашылық  акмеологияның 
негізгі  қыры  болып  саналатын    іс-әрекет  кәсібилігінің  ең  жоғарғы  деңгейі 
ретінде 
қарастырылады. 
Педагогикалық 
шығармашылық 
кәсіби 
шығармашылықтың  маңызды  бӛлігі  ретінде  тұлғаның  кәсіби  дамуының 
акмеологиялық  бағыты  болып  табылады.  Акмеологиялық  тұрғыдан  алғанда, 
педагогикалық  шығармашылық  пен  шеберлік  қатар  жүретін  үдеріс  және 
болашақ маманның кәсіби сапасы болып анықталады.   
Жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетке 
акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру  үдерісі  оның  акмеологиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет