Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

 
1.
 
 Алексашина  И.Ю.Глобальное  образование:  идеи,  концепции,  перспективы: 
Учеб.пособие. – СПб .: Изд-во СПб. Гос. Ун-та, 1995.-104с. 
2.
 
 Алексеев  Н.А.  Личностно  ориентированное  обучение:  вопросы  теории  и 
практики. – Тюмень: ТГУ, 1997.-216 с. 
3.
 
 Амонашвили  Ш.А.  Размышления  о  гуманной  педагогике.-М.:  Издат.  Дом 
Амонашвили, 2001.-559с. 
4.
 
 Атутов П.Р. Технология и современное образование. Педагогика.-1996 
5.
 
 Бабочкин П.И. Оснавные направления системы воспитания студентов вузов  – 
М.: Знание, 2001 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақала  студенттерге  кәсіптік-экономикалық  білім  берудегі  жүйелілік 
кӛзқарастың қолданылуына арналады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья  посвящена  использованию  системного  подхода  в  профессионально-
экономическом образовании студентов. 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
112 
 
ӘОК 343.224.1 
Қ 56 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ 
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ОРНАТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Қожабекова А.Д.– доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
  
Ата-ана  қамқорлығынан  айырылған  балаларды  орналастыруды  құқықтық 
реттеу сұрақтарының кӛне және қызықты тарихы бар. Тек бір маңызды жағдайды 
атап ӛтуге болады. Тарих кӛрсетіп отырғандай қараусыз қалған балалардың болуы 
мен оларды орналастыру мәселесі  - алаңдатушылықты тудыратыны белгілі, бұл-
қоғамның  дұрыс  қалыптаспағандығы  мен  экономиканың  тӛмендеуі,  сондай-ақ 
моральдық жағдайдың да тӛмендеуінің дәлелі. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  Министрлігінің  деректері  бойынша 
(2005жылдың  14  шілдедегі  №  2166-5-7415/02-4-1)Республикада  79000  бала,  660 
интернат  ұйымдарында  тәрбиеленуде,  олардың  ішінде:  жалпы  және  санаторий 
түріндегі  мектеп  интернаттарда  15096  бала,  балалар  үйлері  мен  жетім  балаларға 
және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  мектеп интернаттарда-
12574  бала,  кемтар  балаларға  арналған  түзеу  мекемелерінде-12599  бала,  ерекше 
тәрбиелеу  жағдайына  мұқтаж  балалар  мен  жасӛспірімдерге,  мінез-құлқы 
девиантты балаларға арналған мектеп интернаттарда-884 бала, отбасы үлгісіндегі 
балалар үйлерінде-247 бала тәрбиеленуде. 
Тұлғаның  дұрыс  қалыптасуы  мен  оның  әлеуметке  қатынасын  қамтамасыз 
етуде  баланың  отбасында  тәрбиеленуі  неғұрлым  артық  тәсіл  екендігі  дәлелдеуді 
қажет  етпейді.  Бүгінгі  таңда  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
жартысынан  астамы  отбасы  деген  не,  жақын  адам  деген  не  екенін  және  осы 
отбасымен қалай қатынас орнату керек екндігін, әлеуметтік ортада қалай ӛмі сүру 
қажет және т. б. жағдайлар туралы ӛздеріне елестете де алмайды. 
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға; ата-аналары 
қайтыс  болған,  ата-ана  құқықтарынан  айырылғандардың  балалары,  ата-ана 
құқықтары 
шектелген 
немесе 
ата-аналары 
әрекетке 
қабілетсіз 
деп 
танылғандардың  балалары  жатады.  Сондай-ақ  ата-аналарының  қамқорлығының 
болмауына  ата-аналарының  сырқаттылығы,  олардың  ата-ана  құқықтарынан 
айырылуы,  ата-ана  құқықтарының  шектелуі,  ата-аналарының  әрекетке  қабілетсіз 
деп 
танылуы, 
ата-аналарының 
ұзақ 
уақыт 
болмауы 
(іс-сапарға 
байланысты,жазасын  ӛтеу  мақсатында  түзеу  мекемелерінде  мерзімін  ӛткеріп 
жатқанда),  ата-аналардың  балаларын  тәрбиелеуден  немесе  олардың  құқықтары 
мен  мүдделерін  қорғаудан  жалтаруы  (соның  ішінде  ата-аналарының  тәрбиелеу, 
емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден ӛз балаларын алудан бас тартуы), 
басқада себептерге байланысты жағдайлар жатады. /ҚР Неке және Отбасы туралы 
заң 100 бап. 1 тар./ 
Қорғаншылық  және  қамқоршылық  институты  тек  отбасы  нормасымен  ғана 
құрылмаған,  ол  азаматтық  құқықпен  сонымен  қатар  әкімшілік  құқықпен  де 
құрылған, яғни ӛзінің негізі бойынша кешенді болып келеді. 
Заңмен  қорғаншылық  он  тӛрт  жасқа  толмаған  балаларға  /ҚР  Неке  және 
Отбасы туралы заң 104 бап. 1 тар; ҚР Балалардың құқықтары туралы заң 27 бап./, 
ал қамқоршылық он тӛртен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толғандарға /ҚР Неке 
және Отбасы туралы заң 105 бап. 1 тар; ҚР Балалардың құқықтары туралы заң 27 
бап./ белгіленеді. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
113 
Қорғаншылық 
және 
қамқоршылық 
орган 
балаға 
қорғаншылық 
(қамқоршылық)  орнату  керек  екендігі  мәлім  болған  күннен  бастап  бір  ай  ішінде 
баланың тұрғылықты жері бойынша оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа 
орналастырады. Кӛңіл аударуды қажет ететін жағдайда (мысалға, қоғаншылыққа 
немесе  қамқоршылыққа  алуға  тілек  білдірушінің  үйінде  тұрып  жатса)  онда 
қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылық және қамқоршылық органмен сондай-
ақ  қорғаншының  (қамқоршының)  тұрғылықты  жері  бойынша  тағайындалуы 
мүмкін.  Егер  қорғаншылық  пен  қамқоршылықты  қажет  ететін  балаға  бір  айдың 
ішінде  қорғаншы  немесе  қамқоршы  тағайындалмаса,  қорғаншылықтың  немесе 
қамқоршылықтың  қызметін  уақытша  қорғаншылық  және  қамқоршылық 
органдары атқарады. 
Қорғаншы  және  қамқоршы  тек  оның  келісімімен  ғана  тағайындалады.  Бұл 
міндетті  шарт,  табиғи  құбылыс,  солай  болғандықтан  қорғаншылық  және 
қамқоршылық  қызметті  мәжбүрлеп  орындату  бала  мүддесіне  сәйкес  келмейді 
және  қорғаншылықпен  қамқоршылықты  орнатудың  нағыз  мақсатына  жетуі  екі 
талай.  Мұндай  келісушілік  сәйкесінше  қорғаншы  және  қамқоршы  органдарына 
берілген арызда кӛрсетілуі керек. 
Неке  және  Отбасы  туралы  заңда  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
тағайындалған тұлғаға белгілі талаптар орнатылған. Қорғаншы немесе қамқоршы 
болып  тек  кәмелетке  толған  әрекет  қабілетті  тұлғалар  тағайындалуы  мүмкін. 
Заңмен  қорғаншы  немесе  қамқоршы  болуға  рұқсат  етілмейтін  себептер  бар, 
балаға отбасылық тәрбие беру мүмкүндігі болмаған жағдайларда; 
а) кәмелетке толмаған тұлғаларға, олардың толық әрекет қабілетті болуына 
қарамастан кәмелет жасқа толғанға дейін;           
б) әрекет қабілетсіз тұлғаларға;  
в) ата-ана құқықтарынан айырылған тұлғаларға;  
г) созылмалы ішімдік пен нашақорлықпен зардап шегушілерге;  
д)  ӛзіне  заңмен  жүктелген  міндеттерді  тиісінше  орындамағаны  үшін 
қорғаншылық пен қамқоршылық қызметтен  шеттетілген адамдар; 
ж) денсаулығының жай-күйіне (бала  алуға болмайтын адамның бойындағы 
аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді) байланысты 
баланы тәрбиелеу жӛніндегі міндеттерді атқара алмайтын адамдар. /ҚР Неке және 
отбасы туралы заң 108 бап. 1 тар./ 
Қорғаншылықтың  немесе  қамқоршылықтың  міндетін  орындаудағы 
тұлғаның  қабілетін  бағалау  ӛлшемдері  «заңды»  түрде  әрбір  нақты  жағдайда 
берілген  сұрақтарды  жекеше  шешу  қажеттілігін  болжау  мен  әртүрлі 
жағдайлардағы  мінез-құлықты  есепке  ала  отырып  (қорғаншының  немесе 
қамқоршының  жасы,  білімі,  қандай  іспен  шұғылданатыны,  т.  б.)  анықталмаған. 
Бала асырап алудың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беруден ерекшелігі 
/ҚР Неке және Отбасы туралы заң 84 бап. 1 тар./ баланы қорғаншылыққа немесе 
қамқоршылыққа  беруде  оның  нақты  бір  адамды  ӛзінің  қорғаншысы  немесе 
қамқоршысы  болуына  келісуінің  немесе  келіспеуінің  құқықтық  мәні  жоқ,  тіпті 
бала  он  жасқа  толса  да.  Бірақ,  мына  жағдайда  бала  қорғаншы немесе  қамқоршы 
болуға  тілек  білдірушілерге  теріс  (кері)  қарым-қатынаста  болса,  бұндай 
қатынастың  себебін  анықтау  қажет  және  мүмкіндігінше  баланың  пікірін  есепке 
ала отырып шешім шығару ӛте маңызды. 
Тәжірибеде  кӛбіне  қорғаншы  немесе  қамқоршы  болып  баланың  жақын 
туыстары  (атасы,  апасы,  ағасы,  әпкесі,  бауыры,  т.  б.)  тағайындалады,  сонда 
қорғаншының  немесе  қамқоршының  жеке  басының  талаптарын  қолайлы  түрде 
және  баланың  тілегін  де  ескеруге  болады.  Бірақ,  бұл  жағдайда  да  баланың 
туысқандарының  қорғаншы  немесе  қамқоршы  болуға  рұқсат  ететін  шешімді 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
114 
қабылдауда  егер  заңмен  анықталған  кедергілері  бар  болса,заңмен  қандай  да  бір 
артықшылықтар берілмейді. 
Қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдарының  балаға  қорғаншыны 
немесе қамқоршыны баланың тәрбиесін қандайда бір жағдайлармен (ұзақ іссапар, 
ауыр  сырқаттылық,т.  б.)  жүзеге  асыра  алмайтын  ата-аналардың  ӛздерінің  тілек 
білдіруімен  де  тағайындайды.  Осы  кезде  ата-аналар  қорғаншылық  және 
қамқоршылық  органдарына  қорғаншыға  немесе  қамқоршыға  ӛздерінің  таңдаған 
адамдарын  ұсына алады.  
Қорғаншының немесе қамқоршының құқығы мен міндеттері қорғаншы және 
қамқоршы  органдарының  оларды  тағайындау  туралы  шешімі  шыққан  уақыттан 
басталады.  Қорғаншыға  немесе  қамқоршыға  қорғаншылық  куәлігі  беріледі  және 
оған оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, сонымен қатар қамқорлығына 
алған баланың қажетті құжаттары тапсырылады. Кейінгі уақытта да қорғаншылық 
және 
қамқоршылық 
органдары 
қорғаншылардың 
(қамқоршылардың) 
қызметтеріне  тұрақты  бақылау  жүргізіп  отыруға  міндетті  және  оларға 
қамқорлығындағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  басқа  да  сұрақтарын  шешу  үшін 
оларға қажетті кӛмектер кӛрсетуілері керек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж. 
2.
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2003 ж.  
3.
 
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңы, 2007 ж. 
4.
 
БҰҰ-ң Бала құқығы туралы Конвенциясы 
5.
 
Арнаутова  Е.П.  Повторный  брак  матери  и  эмоциональная  связь  с  ребенком. 
Как помочь ребенку войти в современный мир.- М., 1995. 
6.
 
Белякова А.М. Охрана прав несовершеннолетних: Пособие.- М., 1983. 
7.
 
Ершова Н.М. Опека и попечительство. – М., 1971.  
8.
 
Иванова Н.П., Заводилкина О.В. Дети в приемной семье.- М., 1993. 
9.
 
Воспитание детей в неполной семье. – М., 1980. 
10.
 
Права человека Сборник международых документов.- М., 1991. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Бұл мақала кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық 
орнатудың ӛзектілігін қоэғай отырып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке 
толмаған  балаларға;  ата-аналары  қайтыс  болған,  ата-ана  құқықтары  шектелген 
немесе ата-аналары әрекетке қабілетсіз деп танылғандардың балалар мәселелеріне 
арналады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются основные аспекты  опекунства и попетчительства,  
а также,  пути решения проблем. 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
115 
ӘОК 328.937 
ЖОЛДАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ – УӘДЕГЕ БЕРІК, СЕНІМГЕ СЕРГЕК 
БОЛУ 
 
Қожамқұлов Т.Қ.- э.ғ.к., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Баданов А.И.- э.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ жаратылысынан уәдеге берік,   сенімге сергек мәрт болған, бір айтар 
халық.  Уәдеге  зор  мәртебе  беріп  "пайғамбар  сӛзі"  деп  ұлықтаған  атадан  балаға 
дарып  келе  жатқан  мирас,  үлгі,  мұрат.  Елбасының  табиғатындағы  асыл 
қасиеттерінің  бірі  уәдеге  беріктігі,  елге  деген  сергек  сезімі.  Әлеуметтік 
кепілдіктердің толық сақталып отырғандығы және жаһандық дағдарыстың үскірік 
дауылына  қарамастан  одан  әрі  де  жалғасын  табатындығы  Жолдауда  нақтылы 
айтылған, босаңсуға болмайтындығы қатаң ескертілген:  
"Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық 
қордан бӛлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс 
істеуіне қызмет ете бастады.  
Әлеуметтік  кепілдіктер  толығымен  сақталып  отыр.  Олай  болса,  бұл 
дағдарыстан да біздің аман-есен ӛтетініміз айдай анық. Дағдарыстан ӛтеді, кетеді. 
Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі 
қалады. 
Алдымызда  бізді  үлкен  белес  күтіп  тұр.  Ол  –  Қазақстан  тәуелсіздігінің 
жиырма жылдығы. 
Дүние  дамуымен  есептегенде  жиырма  жыл  деген  кӛп  те  емес  шығар.  Бірақ 
біз  үшін  үлкен  кезең  тұтас  бір  дәуірмен  барабар.  Олай  болатыны,  тәуелсіздік  – 
ата-бабаларымыздың  жүздеген  жылдармен  ӛлшенетін  арман-аңсарының  жүзеге 
асқан  ақиқаты.  Сол  себепті  тәуелсіздіктің  әрбір  жылының  біз  үшін  мәні  бӛлек, 
маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан 
біз  тәуелсіздігімізді  нығайту  жолындағы  жасампаз  істерімізді  жалғастыра 
бермекпіз". 
Тәуелсіздік  тұғыры  берік  болса  әлеуметтік  кепілдіктер  толығымен 
орындалады. 
Енді 
әлеуметтік 
кепілдіктердің 
басты 
бағыттары 
мен 
басымдықтарын жұртшылыққа айтып жеткізбекпіз.  
Жолдауда "Үкімет әлеуметтік тӛлемдерді және бюджетшілердің жалақысын 
ұлғайту  жӛніндегі  мемлекеттің  барлық  міндеттемелері  толық  кӛлемінде 
сақталуына  кепілдік  беруге  міндетті.  Ондаған  жылдар  оза  қабылдаған 
Қазақстанның  даму  стратегиясы,  оны  елдің  нақты  табыстарына  айналдыру 
тәжірибесі  бізге  ӛз  күшімізге  деген  сенімділікті  берді,  біз  таңдап  алған 
жолымыздың дұрыстығына кӛз жеткіздік. 
Нақ  сондықтан  бұған  екі  жылдан  астам  бұрын  басталған  әлемдік  қаржы 
рыноктарындағы  дағдарыстың  әу  басында  біз  дағдарысқа  қарсы  шаралардың 
кешенді жүйесін әзірлеп, дәйектілікпен іске асырып келеміз. 
 Біз ішкі және сыртқы конъюнктураны жіті қадағалап, еш кідіріссіз табанды 
шараларды қолға алудамыз" – делінген. 
Дағдарыс  ӛзінің  табиғатынан  вегатативтік  кеңістікте  ӛніп-ӛсіп  жататын 
құбылыс болғандықтан табиғи – моральдық ресурстарға, кең  байтақ жерге иелік 
еткенімізбен бодандықта болғандықтан ұзақ мерзім ғылыми утопияға негізделген 
әлеуметтік  жобалар  дегеніне  жете  алмады.  Шүкір,  қазір  егемендік  еліміз 
әлеуметтік  кепілділіктерді  орындауға  мүмкіншілігіміз  мол.  Түпкілікті 
мақсатымыз  –  біртіндеп  білім  мен  ғылымға  негізделген  жаңа  тұрапты  қоғамға 
кӛшуді  аяқтау.  Сӛйтіп  игілікті  ӛмір  сүру  үшін  әркімнің  мүмкіндігі  бар.  Бар 
нәрсенің  басында  адам,  оның  білім  алуы,  денсаулығы  мен  әлеуметтік  қорғалуы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
116 
тұратындығы  белгілі.  Тек  соңғы  10  жылда  ғана  адам  капиталының  әлеуетін 
айқындайтын  салаларға  –  білім    беруге,  ғылымға,  мәдениетке,  денсаулық  сақтау 
мен  тұрғындарды    әлеуметтік  қорғауға  мемлекеттің  шығыны  8,7  есе  ӛскендігін 
айтсақта жеткілікті.  
Жұмыспен қамту 
Әлеуметті  айшықтайтын  негізгі  тұтқалардың  қатарында  жататыны 
жұмыспен қамту, бұл  сенім дағдарысына апармайтын жол. Ахуал қандай қазіргі  
істеліп жатқан жұмыстар қаншама?  
- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл – ауқат қоры, АҚ "Каз Агро" холдингі 348 мыңнан 
астам жұмыс орнын ашады. 
-  Елімізде  жұмыспен  қамтылғандар  7,8  млн.  адам,  оның  ішінде  5,2  млн. 
жолдамалы  қызметкерлер,  2,6  млн.  адам  ӛзін  -  ӛзі  жұмыспен  қамтамасыз 
ететіндер. 
- Жергілікті халықты жұмыспен қамту, шетелден әкелінген жұмыс күшін екі есеге 
қысқарту, олардың арасындағы тӛртінші дәрежелі деген жұмысшыларды елімізге 
кіргізуге  мораторий  жарияланды.  Сӛйтіп  Ӛзбекстан,  Қырғыстан,  Тәжікстан, 
Түркия, Қытайдан келіп жұмыс істейтіндер азаяды. 
-  Тұрғындардың  еңбек  құқықтарын  қамтамасыз  ету  жӛнінде  меморандум  жасау 
қолға  алынып,  1002  меморандум  жасалды.  "Нәтижесін  республика  бойынша 
мыңға тарта кәсіпорын жұмысшылардың орнын сақтап отыр. Мысалы, Солтүстік 
Қазақстан  облысында  жасалған  келісімдерге  сәйкес,  260  кәсіпорынның  252-сі 
жұмыс  орнын  сақтай  алса,  Қарағанды  облысында  меморандумға  қол  қойған  194 
кәсіпорынның  190-ы  жұмысшыларды  қысқартпай,  орындарын  сақтаған.сонымен 
бірге  Павлодар  облысындағы  153  кәсіпорынның  151-і,  Ақмола  облысындағы  82 
компаниянаның  78-і,  Ақтӛбе  облысындағы  –  44  компанияның  43-і,  Қостанай 
облысындағы  35  кәсіпорын  түгелдей  жұмыс  орындарын  сақтай  алған.  Сонымен 
бірге  меморандум  жасаспаған  кәсіпорындар  да  аз  емес.  Мысалы,  Оңтүстік 
Қазақстанда 1374 кәсіпорын болса, соның 5-уі ғана меморандумға қол қойған. Сол 
сияқты  Алматы  қаласындағы  1677  компанияның  35-і  ғана  билік  органдармен 
тиісті  келісімге  келген  болса,  Астана  қаласындағы  823  кәсіпорынның  екеуі  ғана 
меморандумға қол қойған.  
-  Қазір  124  мың  адамды  қоғамдық  жұмысқа  тартып,  10  мыңнан  астам  адамға 
әлеуметтік жұмыс орындарын ашып беру қарастырылуда. 
-  Инновациялық  –  индустриялық  жобалар  аясында  халықты  жұмыспен  қамту 
жүзеге асады. Түсін түстеп айтар болсақ қазірдің ӛзінде "Самұрық -Қазына" қоры 
осы  мақсатта  4741  жоба  әзірледі.  Оған  13939  адам  тартылады  деп  күтілуде.  Ал 
"ҚазАгро"  АҚ-тың  ауыл  шаруашылығы  саласында  жасаған  21  жобасы  бойынша 
10636  жұмыс  орындарын  ашу  кӛзделуде.  Сонымен  бірге  Ауыл  шаруашылығы 
министрлігі  120800  адамды,  Кӛлік  және  коммуникациялар  министрлігі  ӛзі 
жасаған 136 жобаға 22209 адамға, "КЕГОК" АҚ 43 жобаға 100 жұмыс орындарын 
ашуды  қарастыруда.  Ал  жергілікті  әкімдіктер  824  жобаға  171526  адамға  жұмыс 
тауып  беруді  алға  қойып  отыр.  Сӛйтіп,  аталған  мекемелердің  жасаған  5785 
жобасында барлығы 348340 адам еңбекке тартылады деп болжануда. 
Жұмыссыздықпен күресте тағы бір қолға алған шара жұмыссыз қалғандарға 
әлеуметтік кӛмек кӛрсету болып саналады. Министрліктің деректеріне қарағанда 
жұмыс  орындарынан  қысқарған  азамат  мен  жұмыссыздарға  әлеуметтік  қолдау 
кӛрсету  үшін  жергілікті  бюджеттен  5,2  млрд.  теңге  бӛлініп  отыр.  Бұл  қаржы 
қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыруға,  оған  94,2  мың  адамды  тартып,  кәсіби 
және қайта даярлау үшін 25,6 мың адамның шығынын ӛтеуге және 9,7 мың адамға 
әлеуметтік жұмыс орындарын ашып беруге жұмсалуда.  
Ипотекалық құрылыс хақында 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
117 
Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер мәселесін шешуге қомақты қаржы 
жұмсалды,  дәлірек  айтқанда  545  млд.  теңге.  Қордаланған  кедергілерді  жоюға 
белсенді  жұмыс  жүргізіліп  жатыр.  Бұрын  қарыз  алғандарға  жеңілдіктер 
қарастырылып 9 және 11 пайызға дейін тӛмендетілген. 
Жеңілдікті  алу  үшін  несие  тӛлеушінің  2008  жылдың  бірінші  қаңтарына  
дейін  ипотека  жӛніндегң  ӛз  міндеттемелерін  қаншалықты  адал  атқарғандығы  да 
ескеріледі. 
Сондай-ақ,  шағын  және  орта  бизнес  үшін  берілетін  жеңілдікті  несие 
ставкалары  да  қайта  қаралып,  бұрынғы  14  пайыздан  12,5  пайызға  дейін 
тӛмендетілген  және  оның  кӛлемі  бір  жоба  бойынша  750  млн.  теңгеге  дейін 
кӛбейтіліп, мерзімі 7 жылға дейін ұзартылған. Сол секілді ауыл шаруашылығына 
берілетін несие ставкасы да 12 пайызға дейін тӛмендетілген. Әрине, бұл ипотека 
алушылар мен шағын және орта бизнес иелері және шаруалар үшін үлкен кӛмек.  
Үкімет  арқылы  бӛлініп  отырған  мемлекеттік  қаржылардың  ипотека 
алушылардың,  шағын  және  орта  бизнестің,  құрылыс  жүргізушілердің  қолына 
кешіктірілмей  тиюіне  ерекше  мән  берілді.  Бұл  талап  түсінікті  де.  Ӛйткені, 
ырғалып-жырғалуды  дағдарыс  күтіп  отырмайды.  Әлем  бойынша  алғанда  оның 
салмағы барған сайын сезіле түсуде. Кӛптеген елдер оның шарпуына тап болып, 
құлдыраудың құрығына ілікті. Жан-жақты қарыз сұрап, аласұрушы елдер қатары 
да  артып  келеді.  Міне,  осындай  сәтте  қолында  қоры  бар  Қазақстан  ӛзіндік  бір 
тұрақтылықтың шағын аралына айнала отырып, сол қорды сарқып алмай, тиімді 
пайдаланудың  жолдарын  да  барынша  қарастырып  келеді.      Ендігі  мақсат  – 
бӛлінген  қаржы  шаруашылық  субъектілер  мен  оны  қажет  етуші  азаматтардың 
қолына жеделдетіп тиіп, тездетіп  кәдеге жарауы.  
Бұдан  былай,  еліміздегі  құрылыс  саласын  несиелеу  банктерге  де,  олардың 
салымшыларына  да  тиімді  жолмен  шешіледі.  Үкімет  басшысы  Кәрім  Мәсімов 
банктермен  жасалған  келісімгерге  сәйкес,  қолданыстағы  бірқатар  несиелердің 
қайта қаржыландырылатынын атап кӛрсетті. 
Несиелерді  тӛмендету  үшін  бағдарламасына  ілігу  үшін  мынадай  ӛлшемдер 
болады.  
Біріншіден, ипотекалық несиеге алынған тұрғын үй сол отбасының  жалғыз 
ғана баспанасы болуы керек.  
Екіншіден, тұрғын үйдің аумағы 120 шаршы метрден аспауы шарт. 
Үшіншіден, аталған бағдарламаға кіретіндердің екінші деңгейдегі банктерде 
мерзімінен асып кеткен тӛленбеген қарыздары болмауы қажет. 
Халықтың  әлеуметтік  жағынан  қорғауға  алынбаған    топтары  –  бюджеттік 
және  әлеуметтік  саланың  қызметкерлері  үшін  несие  мӛлшерлемесі  теңгемен 
есептегенде  жылына  9  пайыздан,  ал  басқа  санаттағы  салымшылар  үшін  жылына 
11 пайыз болады. 
Несиелерді  қайтару  мерзімі  20  жылға  дейін  ұзартылады.  Яғни,  бұл 
бағдарламаға  кіретін  барлық  санаттағы  азаматтарға  ӛздерінің  бұрынғы  
несиелерін қайта қаржыландыруға мүмкіндік туып отыр деген сӛз. 
 Қалай  болғанда  да,  қаржы  дағдарысы  қаттырақ  шарпыған  құрылыс 
саласындағы  негізгі  мәселелерді  шешуге  ел  Үкіметі  белін  бекем  буып  отыр. 
Ӛйткені,  жасыратыны  жоқ,  қазақстандықтардың  тұрғын  үй  сатып  алудағы 
белсенділігі  әлі  де  тӛмен.  Бұл  мәселенің  түйінін  тарату  үшін  құрылыс 
компанияларына  инфрақұрылым  жағынан  қол  ұшын  созған  абзал.  Ол  үшін 
барлық салынып біткен нысандар бойынша актілерге қол қойылып, жаңа үйлерге 
адамдарды тездетіп қоныстандыру керек.  
Қазақстандықтарға  тек  қана  бір  пәтер  алу  құқығына  кепілдік  беретін 
жағдайда  үлес  құрылысқа  мемлекеттік  қолдау  кӛрсету  механизмін  анықтап    алу 
керек.  бұл  мәселе  құқықтық  жағына  терең  талдауды,  байыпты  бағалауды  талап 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
118 
етеді. Ӛйткені Астана әкімдігінің мәліметтері бойынша, екіден сегіз пәтерге дейін 
құрылысқа  қаржы  салған  үлескерлер  бар.  Олардың  саны  –  280  адам.  Ал 
Алматыдағы бірнеше үй алғысы келетін адамдардың саны бұдан да кӛп. 
Сонымен  қатар  еліміздегі  43600  үлескердің  ішінде  6200  –  не  қазірге  дейін 
мемлекеттік  қолдау  кӛрсетудің  нақты  механизмдері  анықталмаған.  Бұл  міндетті 
жүзеге  асыру  үшін  бірлескен  іс-қимылдар  жоспарына  кірмеген  нысандардың 
құрылысын  аяқтау    бағытындағы  жұмыстарды  пысықтап  алған  абзал.  Мәселен, 
қаржылық институттардың қосымша жұмыстарын талап ететін Астанада 17 нысан 
бар  екен.  Бұл  –  2208  үлескердің  бірінші  бас  ауыртатын  мәселесі.  Онымен  қоса, 
2379  үлескерлердің  мәселесін  шешпеген  тағы  да  12  тұрғын  үй  кешені  бар.  Ал 
Алматыда  қаржылық  жағынан  "ақсап"  тұрған  7  нысан  (оларға  566  үлескер  ақша 
салған), нақты шешім шығарылмаған 6 нысан (оларға 1112 үлескер ақша салған) 
бар екен.  
Кӛріп 
отырғанымыздай 
елімізде 
ипотекалық 
құрылыс 
мәселесін 
ушықтырмай  дұрыс шешуде жүйелік шаралар жүзеге асып жатыр. Қырық құрау 
қазіргі дүниеде  ипотекалық жағымсыз салдарлары болмаған мемлекет жоқ, бәрін 
қамтиды.  Алайда  шығу  жолы  және  іс-әрекеттер  әртүрлі.  Жуырда  ӛткен  Үшінші 
Астаналық  экономикалық  форумда  Елбасы  және  әлемнің  интеллектуалдық 
элитаның  ірі  ӛкілдерінің  ипотеканы  сӛз  етпегендігі  некан  саяқ.  Ол  жӛнінде 
жергілікті баспасӛз ақпарат құралдарында мәліметтер берілді.  
Екінің  бірі  біле  бермейтін  оқиғаларға  шырмалған  ипотекалық  мәні  мен 
мазмұны тереңде ендеп те, бойлап та жатыр екен. 
Экономика  бойынша  халықаралық  Нобель    сыйлығының  иегері,  сӛз  болып 
отырған  мәселенің білгірі, АҚШ  келген Эдумунд С. Фелпс кӛп мәселенің басын 
ашып берді. Оның дәлелді пікірінше қаржы дағдарысының  басты себебін АҚШ-
та  және  Ұлыбританияда  тұрғын  үй  рыногындағы  бағаның  күрт  тӛмендеп 
кеткендігімен  байланыстырды,  соның  салдарынан  қазір  әлемнің  кӛптеген  елдері 
экономикалық  дағдарыс  жағдайында.  Осы  орайда  ол  алдағы  кезде  АҚШ-та  да, 
Ұлыбританда  да  қаржы  секторы  қайта  ӛз  орнына  келуі  мүмкін  екенін,  алайда 
экономикалық  даму  бұл  елдерде  бұрынғы  деңгейінде  болатынын  ӛз  басы  кӛп 
сеніңкіремейтінін ашық айтты. Қаржы дағдарысының себебін осылайша қысқаша 
қайыра  келіп,  ол  қазіргі  кезде  тұрғын  үй  рыногындағы  алыпсатарлық  тек  осы 
елдерде ғана емес, кӛптеген мемлекеттерде орын алып отырғанын жеткізді. Оның 
айтуынша, Германия, Қытай, Шығыс Азия елдерінде де тұрғын үй рыногындағы 
пайыздық мӛлшердің тӛмендігі АҚШ – қа кӛптеп қаржы  салуға мүмкіндік берді. 
Сол себептен Құрама Штаттар аталшым елдерден келген капиталды пайдаланып, 
бизнес  саласын  несиелеу  бағдарламасын    тиімді  жүргізудің  орнына  қаржыны 
тұрғын үй секторын несиелеуге арнады.  
Сол  кезде  несиеге  деген  ұсыныс  ӛскен  сайын    оған  деген  сұраныс  та  ӛсіп 
отырды.  1990  жылдардың  соңында  ол  баспаналы  болғысы  келген  адамдарды 
несиелеу  мен  оларды  қарыз  алуға  деген  құлшынысын  арттыру  үшін  жасалған 
мемлекеттік  саясаттың  бірі  болды.  Оның  пайдасынан  гӛрі  зиянының  кӛп  болды. 
Осының  салдарынан  тұрғын  үй  рыногындағы  баға  саясатында  алыпсатарлар 
кӛбейген.  Олар  тұрғын  үй  құрылысын  несиелеуді  қамтамасыз  етуге  арналған 
мемлекеттік  бағдарламаны  пайдаланып,  бағаның  тағы  да  кӛтерілетініне  сенімді 
болған.  Сӛйтіп,  мемлекеттің  жүргізген  осынау  түсініксіз  саясатының  кесірінен 
банктердің ӛзі  қақпанға түскен. Америкалық  ғалым жалпы алғанда,  тек АҚШ-та 
ғана  емес,  барлық  елдерде  де  банктердің  ӛздері  тиімді  жолды  іздестіру 
мақсатында кӛптеген қиыншылықтарға кезіккен.  
Мұндай  кезде,  банктер  несиелеу  деңгейін  тӛмендету    керек  еді.  Оның 
орнына  олар  несие  қарқынының  шамадан  тыс  кӛбейтіп,  ақыр  соңында 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
119 
адамдардың  алған  қаржысын  қайтара  алмайтындай  дәрежеге  жеткізген.  Осыдан 
кейін  ол  дағдарыстың  әсерінен  банкирлердің  ӛз  қызметкерлерінің  жұмыстан 
қысқармауына  және  банктер  "қоржынының"  бос  қалмауына  барлық  жағдай 
жасағанын, мұның ӛзі банк жүйесін одан әрі тығырыққа тірегенін түсінді. Соның 
кесірінен банктердің несиелеу деңгейі тӛмендеп, одан әрі ол несие алған адамды 
ақшаны  қайтара  алмайтындай  дәрежеге  жеткізген  соң  несиелеуді  біржолата 
тоқтатуға мәжбүр болған.  Содан кейін экономиканың тұрғын  үй  – коммуналдық 
саласындағы 
акциялардың 
құнсыздануы 
басталды. 
Қазіргі 
қаржылық 
дағдарыстың  шыңы  ӛз  деңгейіне  жеткенде  әрбір  елдің  онымен  күресу  үшін  не 
істеуі  керектігі  жӛнінде  бірқатар  пікірлер  білдірді.  Оның  айтуынша,  әлемнің 
кӛптеген  елдері  дағдарысты  еңсере  алғанымен,  бұдан  былай  тӛмен  деңгейдегі 
несиелерді  ғана  ғана  беретін  болады.  Қазіргі  кезде  әлемнің  кӛптеген  елдері 
банктерді  ӛз  қарамағына  алып  жатқаны  белгілі.  Мұндай  үдерістің  тиімділігін 
уақыттың ӛзі кӛрсетеді.  
Осы орайда ол қазіргі күні дүние жүзі бойынша  үкіметтердің банк жүйесін 
жұмысына  араласып,  оларды  мемлекеттік  меншігіне  сатып  алу  мақсатында 
жүргізіп  жатқан  іс-қимылдарын  қолдайтынын,  ӛйткені,  дәл  бүгінгі  жағдайда 
мемлекеттік  қаржы  секторын  қатаң  бақылап  отырғанының  арқасында  ғана 
халықты  жұмысепн  қамту  мәселесі,  шағын  және  орта  бизнес  саласын  қолдау, 
инновациялық  –  индустриялық  бағдарламалар  мен  инфрақұрылымды  дамыту 
сияқты  жұмыстардың  айтарлықтай жұріп жатқанын атап кӛрсетті. Басқосудағы  
қорытынды сӛзінде Эдмунд С. Фелпс қазіргі кезде әрбір елдің дағдарысқа қарсы 
бағдарламалар  жасап,  түрлі  шаралар  атқарып  жатқанының  бәрі  уақытша  іс-
әрекеттер  екенін,  осындай  білек  сызбаны    істеген  жұмысты  әрқашан  нәтиже 
болатынын  айтып,  осы  күндері  ӛзі    тұратын  АҚШ-та  жаңа  сайланған  президент 
Барак Обаманың әкімшілігі де дағдарысқа қарсы  нақтылы істерді жүзеге асырып 
отырғанынан  айтты. Сонымен бірге, ол мұндай күйзелісті адамзаттың алғаш рет  
сезініп жатпағанын айта келіп, қаржы дағдарысы ӛткен ғасырда батыс елдерінің 
экономикасын  шайқалтып    тастағанын,  алайда,  сондай  кездерде  де  халық 
үкіметтің тиімді жүргізген саясатының арқасында сабырлылық пен шыдамдылық 
танытып, дағдарысты кӛппен бірге еңсере алғанын атап кӛрсетті. 
Астана  Форумына  қатысқан  әлемнің  инттелектуалдық  элиталары 
Қазақстанда  ипотекалық  тұрғын  үй  салудағы  іс-қимылы  мен  тәжірибесі  дұрыс 
екендігін  айта  келіп,  барлық  елдердің  пайдалануға  болатын  лайықты  үлгі 
екендігін білдірді.  
Идеология жөнінде 
Жолдауда  елімізде  болып  жатқан  жағдайларды,  міндеттемелер  мен 
бағдарламаларды,  іске  асып  жатқан  іс-қимыл  жүйесін  халыққа  барынша 
тыңғылықта  ашық  түсіндіру,  сапалы  үгіт  жұмысын  жүргізуге  кӛңіл  бӛлінген. 
Түйінін  айтар  болсақ  идеология  –  қоғам  дамуының  қуатты    тетіктері  мен 
бағыттарының бірі қозғаушы күші   әркім идеологияны саналы түрде, ӛз еркімен 
қабылдағанда  жемісті болмақ. Отанын сүйеуге  үшін ұлттық идеология жұмысын 
үнемі үдемелі түрде жүргізу қажет. 
Елбасының сӛзімен айтқанда, "шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты 
қалыптастыру жеке бастың ӛзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, ӛз Отанын саналы 
түрде таңдауын кӛздейді. Әрбір адам біздің мемлекетімізге,, оның бай тарихына, 
болашағына  ӛзінің  қатысты  екенін  мақтанышпен  сезіне    алатындай  іс-қимыл 
жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға 
жақын әрі түсінікті болуға тиіс. 
Сондай  ақ    бұл  міндет  білім  беру,  мәдениет  органдарының,  қоғамдық 
ұйымдардың,  бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне әрбір отбасына 
қатысты.Әрбір  адам  бала  кезінен:  Қазақстан  –  менің  Отаным,  оның  мен  үшін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
120 
жауапты  екені  сияқты,  мен  де  ол  үшін  жауаптымын  деген  қарапайым  ойды 
бойына сіңірген ӛсетіндей  ахуал қалыптастырған жӛн".  
Елдің  кӛркейуі  үшін  идеологияны  қуатты  құралған    айландырған  мемлекет 
басшылары  аз  емес.  Мысалы  тӛрт  мерзімге  сайланған  АҚШ  президенті 
Ф.Рузвельт      "Жаңа  бағыт"  саясатында  қажетті  күшті  идеологиясының 
нәтижесінде кӛп істі тындырды. Түркия елінде ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында 
түркі идеологияны жасаушы Мұстафа Кемал Ататүрік болғаны әлемге белгілі. Ол 
қоғамға  айта  қаларлықтай  басшылық  жасап  "Кемализм"  бастамасы  ұлттың 
идеология  айналды.  "Кемализмнің"  бес  ұстамын  анықтап  тұрғындарға  ұсынды, 
содан кейін бірыңғай мемлекеттік идеологияға айналды. 
Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайда бізге идеология керек па? 
Еліміздің Конституциясы бойынша идеологиялық және саяси әралуандылық 
берілген. Тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ ұлттық идея мен идеология назардан 
тыс қалған емес. Елбасы 1993 жылғы қазан айындағы "Қазақстанның болашағы – 
қоғамның идеялық бірлігінде" деген еңбегінде идеология керек пе, керек емес пе 
деген  мәселеде  "қазіргі  заманғы  үлгідегі  қоғам  идеологиялық  деп  айқындайтын 
жүйе болмайынша ӛмір сүре алмайтындығын" айта отырып, идеологияның біздің 
еліміз үшін  қажетті құрал екендігін баса кӛрсетті.  
Елбасының  қазақстандағы  "бүгінгі  таңдағы  идеологиялық  саланың  тӛрт 
шешуші  басымдығы"    ретінде  ұсынған  "Ұлттың  тұрақты  дамуы", 
"Мемлекеттіліктің  нығаюы",  "Халықтың  бірлігі"  және  келешекке  сенімі" 
бұрыннан  айтылып  келе  жатқан  және  жүргізіліп  отырған  саясатпен  қатар,  ішкі 
саясаттағы  жаңа  құндылықтардың  және  міндеттердің  енгізілгендігін  білдіреді. 
Бұрын  абайлап  айтылатын,  енді  еліміздегі  ішкі  саясаттағы  басым  бағыттардың 
бірі ретінде қарастырылатын "Ұлттың тұрақты дамуы" туралы Елбасы қазақ тілді 
басылым  басшыларына  берген  сұхбатындағы  "Ұлтымыздың  даму  деңгейіне 
кӛңіліңіз  тола  ма?"  деген  сұраққа  былай  деп  жауап  берген  болатын:  "Біз  осы 
мемлекет үшін негізгі жауапкершілік жүгін ӛз мойнымызға алып отырған ұлтпыз. 
Біз  мемлекетті  ұйыстырушы  ұлтпыз.  Әр  адам  жедел  жаңғырмайынша,  мемлекет 
жедел  жаңғыра  алмайды.  Тұтас  ұлт  бәсекеге  қабілетті  болмайынша,  мемлекет 
әлемдік экономика мен қоғамдастыққа кіріге алмайды. 
Біз  үйренетін  ұлттан  енді  үйрететін  ұлтқа  айналуымыз  керек.  Үйренетіні 
бардың  ғана  үйретері  болады.  Үйрететін  ұлтқа  ұлтқа  айналу  –  қазақ  ұлт  ретінде 
сапалық  тұрғыдан  жаңа  сипатқа  ауысуы  керек  деген  сӛз.  Ол  үшін  ұлттың  ӛзі 
жаңғыруға  тиіс.  Іштей  түлеуге  тиіс.  Бұл  оңай  емес.  Адамның  ӛзгерінің  ӛзі  оңай 
емес.  Ұлтты  жаңғырту  ұзаққа  созылады.    Бұл  –  экономиканы    жаңғыртудан 
әлдеқайда қиын міндет. Бірақ ӛзі  жаңғырған ұлттың экономиканы жаңғыртуы  да 
жеңілге түседі".  
Президент 
идологиялық 
мәселелерге 
арналған 
кеңесте 
берген 
тапсырмасында  ішкі  саясат  саласында  жұмыс  істейтін  құрылымдардың  бір-бірін 
қайталамай,  ӛз  саласындағы  міндеттерін  орындай  білуіне    және  бір  бағытта,  бір 
мезгілде,  бір  жүйеде  бір-бірін  толықтыра  және  қолдай  отырып  жұмыс  істеулері 
керектігіне  ерекше  тоқталған  болатын.  Қазіргі  ӛзгермелі  дүние  уақыттан  қалып 
қоймауыды, ӛзгерістерді үнемі қадағалап, зерттеп отыруды және алдағы уақытқа 
болжам  жасай  білуді  де  талап  етеді.    Осындай  жағдайда  ғана  идеологиялық 
жұмыстағы  қағидалы  жаңа  кӛзқарастарға,  басымдықтарға,  ішкі  саясат  қызметін 
жандандыруға және тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады.  
Идеология қоғамдық проблемаларды шешуге тұтастық сипат береді, оларды 
шешудің  әдіс  –  тәсілдерін,  бағыттары  мен  жолдарын,  жасампаз  еңбек 
адамдарының  отанды  сүйеу  қуатын  арттыратын  факторлардың  бірі  ретінде 
қарастырған жӛн. Қазақстан патриотизмнің қайнар кӛзі, тәлім алар үлгілі болуға 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
121 
тиіс.  Оны  жүзеге  асырудың  мүмкіндіктері  мен  жағдайлары  бар.  Идеология 
халықтың  кӛңіл-күйін    кӛтеруге,  оптимистік  ахуалды  орнықтыруға,  сенім  мен 
сезім күйлесін болдырмауға қызмет етуге міндетті. Міндет абыроймен орындама 
нұр үстіне нұр демекпіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет