Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)



бет13/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Б) Зарлай арнау: Көркем шығармаларда қаһармандар басына талай қиын хал, жағдайлар кездеседі. Кейде бас қаһарман жаудың қолына түсіп, туған жер, өскен елін, ата-ана, үй ішін сағынатын кездері болады. Кейде өзіне оқ тиіп, жаралы болып, далада жалғыз қалады. Кейде ата-ана, сүйген жар жауға кеткен баласын, жарын сағынатын, зарығатын кездері болады. Осындай қаһармандардың ауыр халін мұңды, зар күйде суреттеуде зарлай арнау шығармада ерекше орын алады. Зарлай арнау көбінде монолог түрінде келеді. Қаһарман өз басындағы мұңды, ауыр халды зарлы түрде баяндайды. Әр сөзі жан жарасын сездіргендей болады
Мысалы : Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды ?! ( “Қыз Жібек” жырынан ).
...Қош бол, жер,- көпті көзбен көрген ана !
Құшақта,тентегім жат !- де де, ана;
Панасыз ем, жалғыз ем өзіңе аян,
“Жоғалғыр жоғалды ғой деме, ана !
(С.Мұқанов “Сұлушаш” поэмасынан).
...Маңырайсың ақ ешкі лағыңа, ой, дүние-ай
Тастан-тасқа секірген шұнағыңа, ой, дүние-ай
Кел екеуміз қосылып зарланайық,
Жетер ме екен тәңірдің құлағына, ой, дүние-ай !
( К.Әзірбаев “Базар-Назар” өлеңі ).
...Ойламай, белді бекем будым неге ?
Қозымды қас дұшпандай қудым неге ?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге ?
Бауырыма тас жүрегім жібімеді- ау,
Бір ата, бір анадан тудым неге ?
Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым,
Қаныммен өз қозымның жудым неге ?
...Секіріп суда ойнаған шабағымды,
Сұм сұлу қармағыңа ілдің неге ?
Тірлікте бетіңнен бір сүйе алмадым,
Тіл тартып, ерке тотым, өлдің неге ?
(М.Жұмабаев “Батыр Баян” поэмасынан).
Қаһармандардың басында болған күйініш-сүйінішті, жалпы сезім дүниесіндегі психологиялық ауыр халдерді суреттеуде зарлай арнау көркем әдебиетте жиі ұшырайды. Ауыз әдебиетінің бір түрі жоқтаулар негізінен дерлік зарлай арнауға құрылады.
2) Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Қайталаудың екі түрі бар: Сөз , Дыбыс қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет