Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)


Ә) Дыбыс қайталау екіге бөлінеді



бет15/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
doc1545587499

Ә) Дыбыс қайталау екіге бөлінеді:
- дауысты дыбыстың (ассонанс),
- дауыссыз дыбыстың (аллитерация) қайталануы
- дауысты дыбыстың (ассонанс) қайталануы.
Алты Алаш Абылайдың арғымағын,
Алаштың аруағына пар қылатын.
( М.Жұмабаев).
... Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген...
... Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атқан оғы Еділ, Жайық тең өткен,
Атқанда оғы қардай боратқан,
( Махамбет ).
- дауыссыз дыбыстың (аллитерация) қайталануы
Жайнаған туың жығылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай...
Жақсы өліпсің япырмай.
...Самородный сары алтын, Садаға кеткір сұрайды,
Саудасыз берсең алмайды, Самарқанның бөзіне.
Саудыраған жезіне (Абай ).
Бұл екі өлеңде Абай айтар ойына тыңдаушы назарын аудару үшін әрі көздеген мақстын, айтпақ ойының әсерлілігін арттыру үшін қолданған.
3 ) Инверсия (латынша- іnversіo-орын ауыстыру).
Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем ішіндегі сөздерді жай кездегі реттерінен өзгертіп, сөйлем мүшелерінің орындарын ауыстырып қолдану жиі кезедеседі. Бұл ерекшелік көбіне поэзияға тән.
Мысалы : Сұр бұлт3 түсі суық2 қаптайды4 аспан1,
Күз болып1 дымқыл тұман3 жерді2 басқан4.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Ат ойнап , бие қашқан, тай жарысқан. (Абай).
Алынған үзіндіге назар аударсақ, ақын орын ауыстыру арқылы ұйқас жасаған әрі бұрынғы ұғым үстіне енді әсерлі жылу, қызу қосқан. Ал орыны ауысқан сөз, оқшау тұрып, көзге тез түскіш келеді. Ақындар инверсияны өлеңінде ұйқас үшін көбірек қолданады. Инверсия прозалық шығармаларда да кездеседі.
4) Шендестіру (грекше- antіthesіs-қарама-қарсылық).
Мағына жағынан біріне-бірі қарсы, аралары алшақ жатқан: екі нәрсені бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғарту, елестету. Егер ақ пен қараны қатар қойып қарағанда қара түс тұсында ақ түс анық көрінетіні сықылды, мағыналары алшақ екі затты қатар суреттеу арқылы үшінші бір оқшау , ерен заттың сипатын көруге болады.

Мысалы: Қара жерге1 қар2 жауар,


Қарды көр де, етім3 көр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет