Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)



бет14/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
doc1545587499

а) Сөз қайталау.
Мысалы : Табым десем бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын.
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем қозады аруағым.
Түпсіз қара тұнықта суды кешсем,
Тап қолыма медеу қып ұстар талым. (С.Мұқанов).
Бұл жай қайталаудың үлгісі. Мұнда ақынның ерекше мән бере толғап, толғана жырлап отырғаны - өзінің табы; оқырман назарын да осыған мықтап аударады.
Қайталаудың бір түрі – еспе қайталау деп аталады. Онда алдыңғы ұғымның аяғы кейінгі ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.
Мысалы : Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім.
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет).
Сарыарқаның бір тауы бар, Қалың зергер, құзды шаттар
Бір тауы бар сымбатты. Құзды шаттар қалың ну.
Сол таудан сен сыр тауып ал, Сарқырайды мұз бұлақтар,
Сыр тауып ал, қымбаттым. Мұз бұлақтар у да шу.
(С.Сейфуллин).
- Анафора (грекше- anaphora – биіктеу, жоғары шығу). Анафора деп өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айтады.
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ.
Қара түнді басынан кешкен еді,
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
( М.Мақатаев ).
- Эпифора (грекше epіphora; ері - соңғы, phoras - алып жүру). Өлең шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол аяғында қайталанады. Қайталаудың бұл түрін эпифора дейді.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас...
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас...
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса де ел, жер ұмытпас...
(М.Жұмабаев).
Аталған үзіндіде анафора да, эпифора да қатар кездесіп отыр.

Мұнар да, мұнар, мұнар күн,


Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн ,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн.
(Махамбет).
Анафора да, эпифора да көркем тілдегі жалпы қайталауға қойылатын шарттарға бағынады. Мұнда да бір сөзді қайталау арқылы айтпақ ойының әсерін арттыра түсіп, оқырман назарын аударуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет