а) психологиялық Көркем шығармада кейіпкер өзінің көңіл күйін басқаларға білдіру үішн,тап соған ұқсас табиғат құбылысын егіздеп (параллел ) алатын болған. Сол арқылы өзінің ой-сезімін көрсетуге тырысқан.
Мысалы: Асыл туған Ақжүніс, ...Бойды байқай қарасам,
Күнді бұлт қоршайды. Қол,аяғым көсіліп,
Күнді байқай қарасам, Аузы-мұрным ісініп,
Күн жауарға ұқсайды Алланың хақ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды.
Ай туады дөңгелек,
Айға жұлдыз не керек.
Айдай сұлу болмаса,
Қыз да болып не керек
... Ақ ешкі маңырайды лағына,
Баршадан бау тағамын тымағыма.
Ақ ешкі,кел қосылып зарланалық,
Жеткізе жалғызымның құлағына.
(Қазақ ауыз әдебиетінен)
Көк ала бұлт сөгіліп, Жауған күнмен жаңғырып,
Күн жауады кей шақта. Жер көгеріп күш алар.
Өне бойың егіліп, Аққан жаспен қаңғырып,
Жас ағады аулақта. Бас ауырып , іш жанар.
(Абай)
...Шаңқай түсте өткір алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем , сен сұлу.
(М.Жұмабаев “Сен сұлу”)
ә) синтаксистік параллелизм
Өлеңде не қара сөзде бірінші сөйлем құрылысы екінші сөйлемде бірен-саран сөзі ғана өзгеріп, басқа сөз тіркестері сол қалпында қайталанса, мұны синтаксистік параллелизм деп атайды
Жақсылық көрсем - өзімнен,
Жамандық көрсем - өзімнен.
(Сұлтанмахмұт).
Қара қыпшақ Қобыландыда
Нең бар еді, құлыным ?
Сексен асып,тоқсанға
Таянғанда,тұрмастай,
Үзілді ме жұлыным ?
Қара қыпшақ Қобыландыда
Нең бар еді, құлыным ?
( “Қобыланды батыр” жырынан )
Достарыңызбен бөлісу: |